Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MU_proiz_ped_praktiki_kaz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

  1. Сынып жайында жалпы мәлімет: сынып құрамы, сынып

белсенділері, сыныптың үлгерім көрсеткіші, сыныптың ұжым ретінде пайда болған уақыты, тұрақтылық, сынып жетекшілерінің ауысуы, тәртіптілік және т.б.

  1. Сыныптың ұжым ретіндегі ұйымдастырушылық құрылымы:

оқушылардың ұжым ішіндегі тұлғааралық қатынастарының сипаттамасы, сайланған сынып белсендісінің (егер болса) мінездемесі және оның қызмет мазмұнының (бастамашылдық, беделділік, өзіне талап қоюшылық, қызметтерді бөлу дұрыстығы) сипаттамасы. Сыныптың ресми емес сынып белсендісі және оның ресми сынып белсендісімен өзара қарым-қатынасы.

  1. Сынып ұжымы педагогикалық ықпалдың объектісі ретінде

а) мұғалімдердің сыныпқа қоятын педагогикалық талаптарының ынтымақтастығы және сынып қызметінің нәтижесінде көрінетін олардың тиімділігі: оқу жетістіктері, қоғамдық белсенділік, сыныпты ұйымдастыру (тәртіптілік), әлеуметтік-құндылықты қоғамдық көзқарастың болуы, сыныптың оқудан тыс қызығушылығы мен бейімділігінің әлеуметтік маңыздылығы мен кеңдігі;

  • б) сынып жетекшінің сынып ұжымын өмірлік іс-әрекетін жалпы ұйымдастырудағы педагогикалық ықпалының рөлі;

  • в) сынып жетістіктеріндегі сынып белсендісінің рөлі.

4. Сынып ұжымы іс-әрекет субъектісі ретінде (мұғалімдердің талаптарын меңгерулері бойынша):

а) оқушылардың жалпы даму деңгейі, олардың қызығушылықтары, ой-өрісі, сыныптың басым қызығушылықтарының анализы, оқу жұмысында көрсететін жағымды және жағымсыз жақтары;

б) сыныптың оқу әрекетінің негізгі түрткілері, қызметтің басқа түрлеріндегі түрткілер мен қызығушылықтардың сипаттамасы (еңбек, спорттық, техниқалық және т.б.);

в) сыныптың қоғамдық өмірі:

  • сыныптың оқиғаларға, әдебиетке, өнерге, спортқа және т.б. деген қызығушылықтары және сол қызығушылықтарды көрсету формалары (әңгіме, театрға бару, кино, пікірталас және т.б.);

  • сыныптағы қоғамдық пайдалы жұмыс (нақты түрлері, формасы мен нәтижелері);

  • сыныптың қоғамдық өмірге қатысуы;

д) сыныптың мұғалімдерге, сынып жетекшісіне, әкімшілікке деген қарым-қатынасы, мұғалімдердің беделі, берілген сынып үшін педагогикалық басшылықтың қолайлы стилі мен оқушыларға деген жеке тәсілді жүзеге асыру;

5. Сыныптың ұжым ретіндегі психологиялық ынтымақтастығы

Сыныптың топтық ауызбірлігінің, эмоционалды бірлігінің көрсеткіші және олардың анализы.

Ескерту. Сыныпты зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде ұжымдағы негізгі жағымды және жағымсыз жақтары қалыптасады. Сынып жетекшісі сынып ұжымының мінездемесін қолтаңбасымен куәландырады.

Қосымша 4

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы

Тапсырмаларды орындау үшін бір мұғалімнің 4-6 сабағына қатысу керек. Бір мұғалімнің әр түрлі сыныптардағы сабағына қатысу керек.

Мұғалімнен алдын ала сабаққа қатысуға рұқсат алу қажет.

Мұғалімнің рұқсатымен сабағына қатысу барысында сабақтағы мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың стильдік ерекшеліктері зерттеліп, талданады: қарым-қатынас стилінің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің сөйлеу және вербалды емес жүріс-тұрысы, оның педагогикалық әдепі мен ырғағы, оқушыларға әсер ету әдістері.

Сабақ барысында үлгі бойынша бақылау парағы жүргізіледі:

Күні_______________________________________________________

Сынып______ сабақ № (кесте бойынша) __________________________

Мұғалім____________________________________________________

Тақырыбы____________________________________________________

Бақылау мақсаты: (мысалы, вербалды емес жүріс-тұрысы) ___________

Негізгі кезеңдер мен сабақ барысы

Бақылаулар, ескертулер

Дидактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларға сәйкес сабақтың кезеңдері көрсетіледі (ұйымдастырушылық кезең, мақсатты тұжырымдау, үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды көкейкестендіру, қайталау, жаңа материалды зерттеу, алғашқы тексеріс, оқығанды меңгеру, бекіту, қолдану, жалпылау, бақылау, үй тапсырмасы туралы ақпарат, сабақты қорытындылау).

Қарым-қатынастың жеке сипаттамасы (стильдің түрлері) бейнеленеді

Әрбір сабақта төменде келтірілген шкаласын пайдаланып қарым-қатынас үдерісінің жеке ерекшеліктері бағаланады, және де әр сабақта қарым-қатынастың біреуін зерттейді.

Сабақтардағы бақылаудың мазмұны:

0 сабақ (байқау) – төменде келтірілгін мінездемелердің барлығы бақыланып, «Ескерту» бағанасына жазылады.

1 сабақ – стильдердің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің темпераменті.

Сипаттау үшін студент кез келген классификацияны қолдануына болады. Егер де қарым-қатынас стилі либералды, демократиялық, авторитарлық болып анықталса, бақылау және талдау үшін келесі ұсыныстарды пайдалануға болады:

а) демократиялық стиль. Бақыланады: бірігіп іс-әрекет етуге түрткі болу, жауапкершілікті бөлі «өкілеттіктерді табыстау», сөйлеп тұрған адамға деген құрмет, диалогты ұйымдастыру. Сөйлеуде – БІЗ есімдігінің, «Ал, бірге ...», «Кім басқаша ойлайды...», «Сіздер қалай ойлайсыздар?» және т.б. тіркестерінің басымдылығы.

б) авторитарлық стиль. Бақыланады: бұйрықты интонация, монолог, жеке-дара жауапкершілікке ұмтылу. Сөйлеуде – МЕН есімдігі, «Мен санаймын...», «Тыңдау!», «Жазыңдар» тіркестерінің болуы.

в) либералды стиль. Шақырулардың, өтініштердің басымдылығы, оқушылармен қарым-қатынаста қашықтықты қысқарту – әзілдесу, біреудің есебінен нығаю талпыныстары, Преобладание призывов, просьб, сокращение дистанции в общении с учениками - заигрывание, попытки утвердиться за счет других, оқушылармен ұқсастығын көрсету (демонстрация), жауапкершілік оқушыларға артылады, педагогикалық әдепті бұзушылық кездеседі. Сөйлеуде – жастар сленгін қолдану.

г) айнымалы – әдеттегідей белгілі мақсатқа бағынбайтын барлық стильдердің сипаттамасын үйлестіреді, стильдердің ауысуы жағдайға байланысты апатты түрде болады.

Темпераментті анықтау мен сипаттау үшін психология оқулықтарының көмегіне жүгіну керек.

2 сабақ – сөйлеу мінез-құлығы.

«Ескерту» бағанасында мұғалімнің барлық қақпа сөздері жазылып, сөйлеуді сипаттайтын жазбалар жазылады. Ол үшін: дауыстың сипатын анықтау – күші, дауыс ырғағы, дауыстың жоғарылығы; сөйлеу ерекшеліктері – темп, интонациялық икемділігі, мәнерлілік, кідірісті қолдануы, дикцияны анықтауға болады. Бақылай отырып, мұғалімнің сөзі қаншалықты түсінікті, дұрыс, қолжетімді, жинақы, қисыны бар екенін, лексикалық сөз қорының байлығын, жаргон сөздерін қолдануын анықтау қажет.

3 сабақ – вербалды емес мінез-құлығы.

«Ескерту» бағанасында сабақтың ым-ишара суретін бейнелейді (барлық ымдар, бет қимылы, мұғалімнің дене қозғалысы). Бақылай отырып, мұғалімнің жиі қолданатын ым-шараларын анықтау қажет (көрсеткіш, бейнелейтін, көмекші, қолдау, қауіп, тыйым салу) және олардың қаншалықты орындалғанын, қол сермеудің сипатын (белсенді, байқалмайтын, ұстамды) анықтау.

Мұғалімнің ым-ишарасын, бет қимылын сипатттау. Қандай жағдайда мұғалімнің беті қуаныш, ашу-ыза, реніш, өкініш, аяушылық, күту, назарды білдіреді. Бет қимылының айқындығына сипаттама беру (айқын, байқалмайды, жоқ).

4 сабақ - педагогикалық әдеп пен этикет.

Амандасу мен қоштасу жағдайының әдептілігін сипаттау. Әдептілік формулаларын қолдануын санау, олардың түрлерін сипаттау (өтініш, амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, мақұлдау, өкініш, алғыс). Мұғалімнің балаларға қаншалықты әдепті екенін анықтау, әдепсіздік көрсете ме, кикілжің жағдайында өзін қалай ұстайды

5 сабақ – оқушыларға әсер ету тәсілдері.

Мұғалім сабақтағы тәртіптке қалай қол жеткізеді, өзінің пәніне деген қызығушылықты қалай қалыптастыратынын анықтау. Жеке және жанама әсер ету жолдарын сипаттау, олардың мақсаттылығын бағалау.

6 сабақ – оқушыларды бағалау тәсілдері.

Мұғалімнің бағалау, мақұлдау тәсілдерін сипаттау (ым-ишара, бет қимылы, сөз). Сапалы баға мен мадақтау қаншалықты жиі қолданады. Оқушылардың білімін бағалауда талаптардың тұтастығы сақтала ма. Оқу іс-әрекетін бағалауда тұтастық сақтала ма (бақылау сабағымен салыстырыңыз). Мұғалімнің жеке оқушылар мен сыныптарды бағалауда артық көруі бола ма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]