Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ma_1179_sat.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларда қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен қарым-қатынасын, әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

2. Отаны мен отбасына сүйіспеншілік сезімін ояту және ересектерді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін сақтауға үйрету.

4. Балаларды жақын адамдарының, құрдастарының, жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің жағдайларына эмоционалдық қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

Мазмұны:

Мен кіммін?

Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (мен – адаммын, менің қолым, аяғым, басым, құлағым, көзім, мұрным, ауызым бар, мен аштықты, суықты сеземін және т.б.).

Өзін құрметтеуге және өзінің дербестігін нығайтуға мүмкіндік жасау.

Балаға қарапайым туыстық қарым-қатынастары, сүйіспеншілігі мен қандай эмоциялық сезімде болатыны туралы пікірін айтуға (Менің әкем, анам, ағам, апам, атам мен әжем, тәтем, көкем бар. Олардың бәрі мені жақсы көреді және маған қамқорлық жасайды) ынталандыру.

Адам - тіршілік иесі

Сыртқы физиологиялық ерекшеліктері туралы (әрқайсысының басы қолы, аяғы, беті, көзі, мұрны, ауызы бар және т.б.) түсінік беру. Балаларға көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол мен аяқтың не үшін қажеттігін түсінуге үйрету.

Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету (қарным ашты - тойдым, шаршадым - дем алдым, ауырдым - емделдім, ренжідім - қуандым, жыладым - күлдім т.б.).

Отбасы

Отбасы бейнеленген суреттерді қарастыруға, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін (анам сорпа пісіріп жатыр, әкем үй салып жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке барады) атауға ынталандыру. Балаларды «Бұл әке, ана, балалар» деп, рөлге бөле отырып, «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойынды ойнауға ынталандыру.

Балаларды отбасы үшін бөлмені жайғастыру: жиһаздарды қою, ыдыс-аяқтарды орналастыру ойын іс-әрекетіне ынталандыру.

Өзінің отбасы мүшелері туралы, кім не істейді, бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсінуді үйрету.

Ересектердің еңбегі

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, дәрігер, аспаз), баланың туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс-әрекеті («Әжем қатық ұйытады, наурызкөже дайындайды, шұлық тоқиды», «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындық жөндейді», «Апайым сабақ оқиды») туралы түсініктерін кеңейту.

Көлік құралдарын түрлі мамандық иелері (жүргізуші, машинист, ұшқыш) басқаратыны туралы түсінік беру.

Ересектердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды ересектермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араластыру.

Балабақша

Топ бөлмесі мен балабақша ауласын еркін бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру: балабақша ғимараты мен өз тобын қарау, медициналық кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа серуен жасау және т.б.

Топтағы бөлменің жабдықтарымен (ондағы жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, тірі табиғат бұрышы, кітаптар бұрышы) танысу. Ұйықтайтын бөлме (жиһаздар мен төсек жабдықтары), жуынуға арналған бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелердің жабдықтарымен таныстыру. Әр бөлме неге арналғанын түсіндіру.

Балабақшада балалар немен айналысатынын әңгімелеуге үйрету.

Мінез-құлық дағдылары

Ізеттілік дағдыларын (сәлемдесу, қоштасу, көмек қабылдап, оған алғысын білдіру, өз көмегін ұсыну) дамыту. Қарапайым әдеп ережелерін: үлкенді тыңдау, ойыншығымен бөлісу, қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтауды үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өзінің, ата-аналарының, отбасының басқа да мүшелерінің аты-жөнін атай білуге және өзінің туыстары жөнінде әңгімелей білуге үйрету. Отбасы мүшелеріне мейірім мен сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды құрбыларымен бірлескен әрекеттерге қатысуға, ойын барысында басқа балаларға кедергі келтірмей, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек тапсырмаларына қызығушылығын дамыту.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Өз отбасына, үйі мен балабақшасына сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және басқа да игі қасиеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау. Ересектер қашан да баланы қолдап, оның жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне қамығатыны, әрдайым оған қолдау жасап, көмектесетіні туралы түсінік беру.

Балабақшада өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.

Экология негіздері

Мақсаты: қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау: өсімдіктерді жұлмау, жануарларға қиянат көрсетпеу т.б. түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Балаларға өзінің эмоциясын көрсету және табиғаттан және тірі табиғат объектілерінен алған әсерлерімен бөлісуді үйрету.

Адамдар табиғат аясында өзін ұстау ережелерімен: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, жәндіктерді қолмен ұстамау т.б. таныстыру.

Бала әрекетінің дұрыстығына сенімін күшейтуді қамтамасыз ету үшін оның табиғаттағы өін-өзі ұстау және қылықтарына жағымды бағаға мұқтаждығын қолдау.

Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру.

Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға ересектермен бірлесіп күтім жасауға, қыста құстарды тамақтандыруға қатыстыру.

Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті және қарым-қатынас ережелерін сақтауға: ересектерді аты-жөнімен атау, құрдастарын атымен атау, бір-бірін тыңдау, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға, бір-біріне бөгет жасамау, басқа адамдарға қамқорлық жасауға үйрету.

Отбасы мүшелерінің табиғаттағы кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Ересектердің басқа адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға, жасаған қамқорлықтарын ерекше атап көрсету.

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылығын дамыту, «ненің болатынын және ненің болмайтынын», «керек, қажет», «жақсы және жаман» түсіне білуі.

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарай білуді тәрбиелеу.

Балаларды өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға қатыстыру.

Құрдастарының теріс қылықтарына баға беруді үйрету.

Табиғатта өзін-өзі ұстау қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]