11 «Б» сынып жетекшісі: Балағазова а.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Педагог: Рамазанова К.С.
11 «Б» сыныбының тізімі
1.Ахметов Мирас
2.Ашимахун Аружан
3.Бөрібекова Аружан
4.Жанат Қыран
5.Зайнолда Дастан
6.Каиртай Темірлан
7.Қабидолла Айнаш
8.Қабыкен Қабілет
9.Қазбек Ғани
10.Қали Самғар
11.Қасенова Еркеш
12.Қожақова Ұлболсын
13.Құралбек Таирлан
14.Құрманғали Ернат
15.Құсман Іңкәр
16.Молдиманов Гани
17.Мұхтарбек Бексултан
18.Мухтаржанов Динмухамед
19.Мыңжасар Қынабек
20.Нұрлаева Әйгерім
21.Өскенбай Дана
22. Сүлейменов Аслан
23.Съезғазыева Жансая
24.Тілеутай Лаура
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Тәрбие сағаты Тақырыбы: « Қазақстан – достықтың киелі мекені»
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сейсенбай Ш.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Өткізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядолық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.
Алматы 2017 жыл
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сейсенбай Ш.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Өткізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядолық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.
Алматы 2017 жыл
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сейсенбай Ш.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Өткізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядолық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.
Алматы 2017 жыл
КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында «Қазақстан-достығымның киелі мекені» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының хаттамасы
Алматы қ. 06.02.2017
Қатысушылар: 11 «Б» сынып жетекшісі Балагазова А.К., педагог Рамазанова С.А., психолог Баймолдина Л.О., студент-практиканттар Айтжан Фариза, Болатова Ғазиза, Уалишеров Досбол, 11 «Б» сынып оқушылары.
Күн тәртібінде:
1.
2.
3.
Мақсаты:
1. ҚР-ның көпұлтты, бейбіт, қонақжай ел екенін түсіндіру,
мағлұмат беру;
2. Таным қабілеттерін, ой-өрістерін, тілдік қорларын дамыту;
3. Отанын сүюге, халықтар достығының мәнін ұғынуға, достықты,
бейбітшілікті сақтауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі:
1) достық тақырыбына арналған қабырға газеті;
2)нақыл сөздер;
3)шаңырақ, гүл, жалаушалар, шарлармен безендіру, көгершіндер,
құстар,себет және жемістер;
4) интерактивті тақта, техникалық құралдар
Негізгі бөлім:
1-жүргізуші: (Іңкәр)
Қазақ жері-қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі-қас Сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілмен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
2-жүргізуші: (Ғани)
— Қазақстан Республикасы алуан ұлтты бауырына қысқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі осының айғағы.
1-жүргізуші:
— Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
2-жүргізуші:
— Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
1-жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
2-жүргізуші:
— Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық - мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.
1-жүргізуші:
— Тәуелсіз еліміздің осыған дейін жүріп өткен жолын, жетістіктерін баян ететін бейне-роликке кезек берейік!
2-жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір - ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы! – дей келе, __Қызабай Мәдидің_орындауындағы ______күй_ қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Әйнегі күн, шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан - Республикам менің!
(Қазақ елі туралы өлеңдер оқиды 5 оқушы шығып)
1-оқушы:(Әйгерім)
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-оқушы:(Темірлан)
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы кең.
Пəк сəбимін бесікте уілдеген,
Дəуірлермен құрдаспын, данамын мен.
3-оқушы:( Дастан)
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
4-оқушы:(Қынабек)
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
5-оқушы:(Динмухамед)
Атымның да кеше ғой танылғаны,
Оған дейін не таңба таңылмады?
Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз –
Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары.
1-оқушы:(Ұлбосын)
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...»
2-оқушы:(Гани)
Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен,
Сəн-салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, иемін мен.
3-оқушы:(Жансая)
Қандай дүние жетеді балауына!
Бəрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей əлемге түр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.
4-оқушы:(Дастан)
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім.
2-жүргізуші:
Универсиадаға қатысты соңғы ақпараттар жайлы айта кетсек, жарысқа қатысуға өтініш берген 64 елдің 57-сі Алматыға табан тіреді. Екі мыңға жуық спортшы 12 спорт түрінен 85 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Қазақ елі барлық спорт түрінен сайысқа түседі. Еліміздің намысын 171 студент спортшы қорғайды. Біздің спортшыларға алғашқы үштікке кіру міндеті жүктелді. Бәсекелестік өте жоғары, сондықтан өзге командалардың да қарымды екенін айта кеткен жөн. Универсиадаға қатысушы елдердің де саны артты. Бұрын мұншалықты команда қатысқан емес. Біздің студенттер сайысқа дайын. Біз де жүрегімізбен, тілегімізбен Универсиадада өз еліміздің командасын қолдаймыз! Еліміз жеңістерден жеңістерге жете берсін!
