Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.

Көптеген зерттеушілер әдістемелік қызмет түрлері мен функцияларын төрт топқа біріктірген.

1. Жалпылама міндеттерді оқыту мен тәрбиенің нақты тапсырмаларына айналдыра білуге байланысты педагогикалық міндеттерді айқындау, тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді белсенді түрде меңгеруге дайындық деңгейін анықтау мақсатында зерттеу; білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттер кешенін айқындау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау білігі;

2. Педагогикалық өзара әрекет жасау тәсілдерін бағдарлау білігі логикалық тұрғыда аяқталған педагогикалық жүйені құру және жүзеге асыруға ықпал жасайды: білім берушілік-тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді кешенді түрде жоспарлау, оқыту үдерісінің мазмұнын негізделген түрде сұрыптауға, оны ұйымдастырудың формаларын, әдіс, тәсілдерін оңтайлы ұйымдастыруға.

3. Әдістемелік әрекет етуді орындау білігі оқыту мен тәрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді: оқыту үдерісін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды (материалдық, рухани-психологиялық, ұйымдастырушылық) жасау; оқушыны педагогикалық үдерістің объектісінен субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту;

4. Педагогикалық міндеттерді шешу үдерісі мен олардың нәтижесі педагогикалық іс-әрекеттің қорытындысын есепке алу және бағалауды талап етеді: педагогтың әрекеті мен педагогикалық үдеріс барысын талдау және өзіндік талдау; педагогикалық міндеттердің жаңа сипаттағы басым кешенін анықтау.

Мұғалімнің іс-әрекетінің басты көрсеткіші оның психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру деңгейі. Сонымен бірге педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері мен категорияларын, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, міндеттері, формалары және әдістерін, балалардың физиологиялық даму ерекшеліктерін, оқушылардың гигиеналық тәрбиесінің негіздері мен тәсілдерін білу, баланың психикалық дамуы заңдылықтарын, тұлғаның әр түрлі даму кезеңдеріндегі дара-психологиялық ерекшеліктерін терең білуі шарт.

Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды.

Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:

пәнділік – ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);

әлеуметтілік – адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.

саналылық – іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).

Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.

Әрекет – іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога/ Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).

Әдістемелік іс-әрекеттің мәні – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу.

Кең мағынада әдістемелік іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны әдістемелік іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.