- •1.2 Механизмдер, жүйелер және олардың қажеттілігі
- •1.3 Қозғалтқыштың жұмыс циклы
- •1.4 Қозғалтқыштардың негізгі көрсеткіштері
- •Лекция 2.Иінді білікті шатунды және газбөлістіру механизмдері Қозғалтқыш блогы. Цилиндрлер
- •Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары
- •2.3 Шатундар
- •2.4 Иінді білік және сермер
1.4 Қозғалтқыштардың негізгі көрсеткіштері
Қозғалтқыштардың жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге айналдыру моменті, қуат, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті жатады.
Қозғалтқыш цилиндрлеріндегі отынның жануында бөлінген жылу энергиясының біраз бөлігі механикалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газдардың қысымдарының күштері шатун арқылы иінге беріліп қозғалтқыштың иінді білігінде айналдыру моментін туындатады
Айналдыру моменті – иінді айналдыратын күштің иіннің радиусына көбейтіндісі. Айналдыру моменті ньютонметрде (Нм) өлшенеді. Қозғалтқыш белгілі айналдыру моментін туындатып, жұмыс орындайды. Қуат – уақыт бірлігінде орындалатын жұмыс. Оны киловатта (кВт) өлшейді. Қозғалтқыштың идикаторлық және тиімді қуаты болады. Различают индикаторную и эффективную мощность двигателя.
Индикаторлық қуат – жұмыс орындаудағы қозғалтқыштың цилиндрінің ішіндегі газдардың туындататын қуаты.
Тиімді қуат– мощность, иінді біліктегі қуат. Қозғалтқыш қуатының бөлігі өзінің механизмдеріндегі үйкеліс күштерін еңсеруге және көмекші құрылымдарды (сорғыларды, желдеткіштерді, генераторларды және т.б.қ) іске қосуға және газ алмасуға жұмсайтындықтан ол индикаторлық қуаттан 20…25%- ға кіші болады.
Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) – тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасымен анықталады. Оның мәні бөлшектерді өңдеу сапасына, үйкелістегі бөлшектерді майлауға және қозғалтқышты жинауға байланысты болады. Механикалық ПӘК- нің мәндері 0,75…0,80 шегінде өзгереді.
Тиімді пайдалы әсер коэффициенті – механикалық жұмысқа айналдырылған жылу мөлшерінің отын құрамындағы жылу мөлшеріне қатынасымен анықталады. Тиімді пайдалы әсер коэффициентінің мәндері 0,26…0,37 (карбюраторлы қозғалтқыштар үшін – төменгі, ал для дизельдер үшін– үлкен шектері) шегінде болады. Ақаусыз қозғалтқыштарда жылудың 30%- дайы тиімді қуат алуға кетеді. Қалған жылу энергиясы механикалық жэоғалтылуларға (20%), қозғалтқыштың салқындату сұйығын (25%) және қозғалтқышты (10%) қыздыруға, сонымен жұмыс істеп біткен газдармен алынып кетіліуне (15%) жұмсалады.
Қозғалтқыш жұмысының үнемділігі отынның меншікті шығынымен сипатталады Отынның меншікті шығыны отынның сағаттық шығынын қозғалтқыштың тиімді қуатын бөлумен анықталады.
Лекция 2.Иінді білікті шатунды және газбөлістіру механизмдері Қозғалтқыш блогы. Цилиндрлер
Блок-картер енгіз қызметін атқарады, оның ішінде және сыртында қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелерінің бөлшектері орналастырылған. Трактор қозғалтқыштарының блок-картері өзара жылжымайтындай бекітілген бөліктерден құралады. Қозғалтқыштың түріне және қуатына байланысты, олардың құрамдас бөліктерінің құрылымдық ерекшеліктері болады, бірақ негізінен өзара ұқсас. Блок-картер – көп цилиндрлі қозғалтқыштың негізгі бөлігі болып табылады (сурет 4а).
а
Сурет 4а – Блок-картер:
1 – блок-картер; 2 – картер түбі; 3 – алдыңғы тірек; 4 – бөлістіру шестерняларының картері; 5 –цилиндрлер қалпағы; 6 –қалпақ;
7 – қақпақ; 8 – сермер картері; 9 – артқы тірек; 10 – трактор қаңқасы.
Қазіргі қозғалтқыштардың көпшілігінде ол біртұтас құйма ретінде дайындалған. Блок-картер қаттылығын жоғарылату және оны бірнеше қуыстар бөліктеріне бөлу мақсатында қабырғалар жасалған. Горизонталь қабырға 2 (сурет 4б) екі бөлікке бөледі. Жоғарғы –цилиндрлер блогы және төменгі – картер. Блокта цилиндрлер гильзасы орнатылады, олар жоғарғы плитаның және горизонталь қабырғалардың тесіктеріне тығыз кіреді.
Цмилиндрлер қалпағы 5 (сурет 4а) – блок-картерді жоғарғы жағынан жабатын қалың шойын плита түрінде болады. Қақпақтың төменгі бөлігі мұқият өңделген, ол цилиндірлердің жану камераларының да қақпағы болады. Қақпақта клапандар, форсункалар, штангалар, кіргізу және шығару каналдарының тесіктері жасалған.
Қақпақтың жоғарғы бөлігінде (жазықтығында) клапандардың жетегінің бөлшектері бекітіледі де, қақпақпен 7 жабылады. Блок-картердің төменгі жазықтығына түп 2 (сурет 4а) бекітілген, ол май үшін сыйымдылық қызметін атқарумен қатар қозғалтқыштың төменгі жағын жабады.
б
Сурет 4б –Цилиндрлер блогы:
1 – цилиндрлер блогы; 2 – горизонталь қабырға; 3 – картер; 4 –картердің қоршау қабырғасы; 5 – бөлістіру білігі үшін тесік; 6 – вертикаль қабырға; 7 – камера-штанг.
Бөлістіру шестерняларының 4 картері иінді біліктен бөлістіру білігіне, отын және май сорғыларының жетектеріне айналыс беретін шестерняларды жабады.
Блок- картердің артқы жазықтығында сермерді орналастыруға арналған сермер картері бекітіледі.
Трактор қозғалтқыштарының бөлшектері (түптен басқасы) әдетте шойыннан құйылады.
Жеке дайындалған цилиндрді гильза деп атайды. Гильзалар әдетте легирленген шойыннан дайындалады. Гильзаның ішкі бетін айна деп атайды. Ішкі диаметрлері бойынша гильзаларды үш өлшемдік топтарға бөлістіреді: Б, С и М (үлкен, орташа және кіші). Сыртқы беті салқындату сұйығымен шайылатын (жанасатын) гильзаларды “ылғалды” деп атайды (рис. 5а). Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштардың сыртында салқындату қабырғалары болады (5) (сурет 5б).
