Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Авто 5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Сурет 6. Ваз жеңіл автомобилінің ілінісінің жетегі:

а- басқыш және бас цилиндр; в- жұмыс цилиндрі және айыр; 1,2,9,16,20- серіппелер; 3- шектегіш; 4- басқыш; 5- итергіш; 6,18- цилиндрлер; 7,8,19- поршеньдер; 10,21- штуцерлер; 11- подшипник; 12- тірек; 13- айыр; 14- шток; 15,17 гайкалар

Конусты серіппелі іліністің дифрагмалы серіппелі ілініске қарағанда айырмашылығы қысымды ұлғайтатын қысымдау дискісі мен серіппе аралығында арнайы иінді механизмнің қолданылуы үлкен айналдыру моментін беру мүмкіндігін туындатады.

Бұл ілініс құрылымы шетті серіппелі ілініске қарағанда қарапайым және кіші осьтік өлшемді болады. Қысымдау дискісіне күштеуді бірқалыпты бөлістіру сетіппе күшін қысымдау дискісіне веертәрізді серпімділі иіндермен жүзеге асырады.

Орталық конусты серіппелі іліністер үлкен жүккөтергішті автомобильдерде қолданылады.

Жүк автомобилінің фрикционды, бірдискілі, орталық конусты серіппелі және мехаикалық жетекті ілінісін қарастырайық (сурет 7). Орамы көлденең қимасында төртбұрышты пішінді конусты серіппе 5 қысылған күйінде жылжымалы втулка 6 мен тірек фланецы 3 аралығында орналасқан. Серіппе қысымдау дискісіне жанаспайды, жұмыс барысында аз қызып өзінің серпімділігін ұзақ сақтайды. Фланец қозғалтқыш сермеріне 11 бекітілген қаптамаға орнатылған. Втулканың 6 ішкі шетінде қысымдау иінінің 4 шарлы тіректері орналасқан обойма 12 бекітілген. Қысымдау иіндері іліністі салқындатуға арналған желдеткіш қанатшалары түрінде жеке секторларға кесілген дискі пішінінде орындалған. Иіндердің сыртқы шеттері тірек фланецының 3 сақиналы шығыңқы бөлігі мен қысымдау дискісі аралығында болуы қысымдау және жетектелуші дискілердің жылуын, соңғысының қозғалтқыш семеріне қысылуын қамтамасыздандырады. Серпімділі қысымдау иіндері іліністің жайлы қосылып, ажыратылуына жағдай жасайды.

Сурет 7. Бірдискілі, конусты серіппелі жүк автомобилінің ілінісі:

1- қысымдау дискісі; 2- реттеу астарлары; 3- фланец; 4- иін; 5- конусты серіппе; 6- втулка; 7- муфта; 8- қаптама; 9- серіппе; 10- жетектелуші диск; 11- жетектеуші диск; 12- сермер

Конусты серіппенің қысымы қаптамамен 8 тірек фланецы аралығында орнатылған астармен реттеледі. Қысымдау дискісінің тік шығыңқы бөліктері қаптаманың бойлық оймаларына кіреді. Бұл айналдыру моментін сермерден қысымдау дискісіне беруге және қысымдау дискісінің остік бағытта жылжуын қамтамасыздандырады. Ілініс цилиндрлер блогына бекітілген картерде орналастырылған.

Ілініс қосылғанда жетектелуші диск 10 қысымдау дискісі 1 және сермер 11 аралығында конусты серіппе 5 және қысымдау иіндері әсерінен қысылады, ілініс айналдыру моментін береді. Ілініс ажыратылғанда муфта 7 қысымдау подшипнигімен сермерге қарай жылжып жылжымалы втулканы 6 қысады. Втулка серіппені 5 қысып иіндерің 4 ішкі шеттерін сермерге қарай жылжытады. Бұл жағдайда иіндердің сыртқы шеті сермерден жылжып, олардың қысымдау дискісіне 1 қысымы тоқтайды. Қысымдау дискісі сермерден тарту серіппелерімен 9 алып кетіледі де, жетектелуші диск босайды, ілініс ажыратылады, ол арқылы айналдыру моменті берілмейді.

Іліністе екі жетектелуші диск арқылы айналдыру моменті берілсе, онда ондай іліністі екідискілі деп атайды.

Екідискілі ілініспен, оның салыстырмалы кіші мөлшерімен үлкен айналдыру моментін беруге болады.

Іліністің жетектеуші бөлшектеріне қозғалтқыш сермері 13, қаптама 7, қысымдаушы 8 және жетектеуші 11 дискілер, ал жетектелуші бөлшектеріне жетектелуші дискілер 9,12, қосу бөлшектеріне серіппелер 6, ажырату бөлшектеріне иіндер 4 және ажырату муфтасы 5 қысымдау подшипнигімен жатады (сурет 8).

Қаптама 7 сермерге 13 бекітілген, сонымен қатар ол қысымдау 8, жетектеуші 11 дискілерімен бағыттаушы саусақтармен 10 байланысқан, олар дискілер оймаларына кіреді. Айтылғанға байланысты қысымдау және жетектеуші дискілер осьтік бағытта еркін қозғалып, сермерден берілістер қорабының бірінші білігінде шлицада орнатылған жетектелуші дискіге айналдыру моментін бере алады.

Қосылған іліністе серіппелер 6 қысымдау дискісіне, онымен сермер аралығына жетектеуші және жетектелуші дискілерді қысып әсер етеді. Ілініс ажыратылғанда муфта 5 иіндерді 4 қысады, олар тарту саусақтары 3 арқылы қысымдау дискісін сермерден ажыратады. Бұл жағдайда сермер жетектелуші, жетектеуші, қысымдау дискілері аралықтарында серіппелер 1 және реттеу болттары 2 көмегімен қажетті саңылаулар жасалады.

Екідискілі іліністерде жетектеуші және жетектелуші бөлшектерді қысу үшін қысымдау дискісінің шеттерінде бір немесе екі қатарлы, бірқалыпты орналастырылған цилиндрлі серіппелер немесе бір орталық конусты серіппе қолданылуы мүмкін.

Ілініс жетегі механикалық немесе гидравликалық болуы мүмкін. Іліністі басқаруды жеңілдету үшін жетекте іліністі ажырататын максималды күшті едәуір төмендететін ауалы күшейткіштер орнатылады.

Екідискілі іліністер бірдискілі іліністермен салыстырғанда құрылымы бойынша күрделі және масассы үлкен болады.

Фрикционды, шетті серіппелі, гидравликалық жетекті екідискілі іліністер Кам АЗ жүк автомобильдерінде қолданылады.

Сурет 8. Екідискілі фрикциялы ілініс

1,6- серіппелер; 2- болт; 3,10- саусақтар; 4- иін; 5- муфта; 7- қаптама; 8- қысымдау дискісі; 9,12- жетектелуші дискілер; 11- жетектеуші диск; 13- сермер

Іліністе сермер 1, орта жетектеуші диск 12, қысымдау дискісі 11, қаптама 10 жетектеуші, ал бұрау тербелісін сөндіргішіиен диск 3 жетектелуші болады. Жетектеуші және жетектелуші дискілерді қысатын күш серіппелермен 9 туындатылады. Айналдыру моменті қозғалтқыштан қысымдау және орта жетектеуші дискілерге сермердегі бойлық оймаларға кіретін, олардың сыртқы беттерінде жасалған шығыңқы бөліктермен беріледі. Бұл оймалар шығыңқы бөліктерге, яғни жетектеуші дискілерге 11,12 іліністің ажыратылған және қосылған жағдайларында сермерге салыстырмалы жылжуына мүмкіндік жасайды (сурет 9).

Орта жетектеуші дискіде 12 серіппесі ілініс ажырағанда тең иінді иінді 13 бұратын иінді механизм 4 орнатылған. Өзінің шеттерімен қысымдау дискісіне 11, семерге тіректеніп иін орта жетектеуші дискіні 12 сермер мен қысымдау дискісінен бірдей арақашықтықта орналастырады. Іліністі ажырату иіндері 5 тірек сақинасымен 8 жалғастырылған, оған ілініс ажыратылғанда ажырату муфтасының 7 бағыттағыш втулкалармен жылжитын қысымдау подшипнигі 6 тіректенеді.

Ілініс жетегі (сурет 9,б) гидравликлық ауалы күшейткішті. Ол басқыштан 14, бас 15 және жұмыс 23 цилндрлерінен, ауалы күшейткіштен 19, лесу құрылымынан 20, айырдан және подшипникті ажырату муфтасынан, құбырөткізгіштерден және жұмысшы сұйықты бас цилиндрден жұмысшы цилиндрлерге беретін шлангалардан, сонымен қатар ауаны ауалыкүшейткіштерге беретін ауалы құбырөткізгіштерден құралады.

Сурет 9. Кам АЗ жүк автомобилінің ілінісі (а) және ілініс жетегі (б):

1- сермер; 2- сөндіргіш; 3- жетектелуші дискілер; 4- иінді механизм; 5- иін; 6- подшипник; 7- муфта; 8- сақина; 9- серіппе; 10- қаптама; 11- қысымдау дискісі; 12- жетектеуші дтск; 13,16- иіндер; 14- басқыш; 15,23- цилиндрлер; 17,22- штоктар; 18- құбырөткізгіш; 19- ауалыкүшейткіш; 20- лесу құрылымы; 21- ауаөткізгіші

Ілініс ажыратылғанда күш басқыштан 14 иін 16 және шток 17 арқылы бас цилиндрдің 15 поршеніне беріледі, одан жұмысшы сұйық қысыммен құбырөткізгіш 18 арқылы біруақытта жұмыс цилиндріне 23 және лесу құрылымына 20 беріледі. Бұл жағдайда лесу құрылымы қысылған ауаның ауаөткізгішінен 21 ауалы күшейткішке 19 келуін қамтамасыздандырады. Ол ауа қысымын ауалыкүшейткіште автоматты түрде ілініс басқышының күшіне пропорционал өзгертеді. Ауалыкүшейткіште пайда болған ауа қысымы мен жұмыс цилиндріндегі сұйық қысымының жиынтық күш штокт 22 арқылы іліністі ажырату айырына беріледі, ал одан қысымдау подшипникті ажырату муфтасына беріледі.

Гидравликалық жетекте ауалы күшейткіштің орнатылуы іліністі басқаруды едәуір жеңілдетеді (оны ажырату және ажыраған жағдайында ұстап тұруды). Ауалыкүшейткіш істен шыққанда, іліністі ажырату тек сұйық қысымымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ілініс басқышын басу күші 600 Н- ға дейін ұлғаяды.

Ілініс жетегінің бас цилиндрінде штокпен 6 цилиндр 5, тығыздау манжетасы 4 және қайтару серіппесі 2, жұмысшы сұйықпен толтырылған А және Б қуыстары болады. Тұрық 3 қорғаныс жабуымен 7 және құбырөткізгішті жалғастыруға арналған оймалы тесікті тығынмен жабылған (сурет 10).

Қосылған іліністе (басқыш жіберілгенде) серіппе 2 әсерінен поршень бастапқы жағдайында болады. Бұл жағдайда А және Б қуыстары поршеньдегі ашық В тесігі арқылы байланысады.