Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел гастрит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

Стол №2

Стол N 2. Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит, созылмалы колит (асқынусыз)

Құрамы: дәнді – дақылды көже, етті, балықты ұсатылған сорпа; майлы емес  ет (ұсақталған, қуырылған), суға қайнатылған немесе буға пысқан тауық еті, қуырылған котлет сыртқы қатты қабатынсыз, майлы емес ветчина, суға пысқан майлы емес балық, қара икра; сүт (егер іш өтуді шақырмаса), сары май, айран, қаймақ, қышқыл емес ірімшік, сыр ұсақталған; бітеудей пысқан жұмыртқа, қуырылған омлет; жақсы қайнатылған жұмсартылған ботқа (күріш, манка, қарақұмық); ұннан жасалған тағамдар, қатқан ақ нан,  жеміс-жидектер, көкөністер қайнатылған, пыспаған үгітілген түрінде, әртүрлі шырындар, шай, кофе, сүтпен какао, мармелад, қант.Тұз  12-15 г дейін. С, В1, B2, РР витаминдерін пайдалану. Тамақтану бес реттік, жиі пюре ретінде.

Стол №3

Стол N 3. Атониялық іш қату кезінде.

Құрамы: өсімдік тектес клетчаткаға бай тағамдар, мысалы пысқан және пыспаған көкөністер мен жеміс – жидектер, компот алмадан және т.б, қара өрік (чернослив), инжир, шырындар, сәбіз және қызылшадан жасалған пюре, кептірілген жеміс жидектің қайнатпасынан жасалған пюре (қара өрік, өрік), қара нан, айран, сүт, қаймақ, бір күндік айран, бал, қарақұмық және арпа жармасынан ботқа (перловая каша), ет, қуырылған балық, сары май және өсімдік тектес май, қант. Әртүрлі суындарды пайдалану,соның ішінде газдалған минералды сулар.

Тиым салынатын тағамдар: қара шай, какао, кисель.

Жоғары қозғалысты қозулы спастикалық іш қатуда, өсімдік тектес клечаткаға бай тағамдарды шектеу қажет (қайнатылған және шикі үгітілген түрінде, аздаған мөлшерде көкөністер пайдалануға болады)

Стол №4

Стол N 4. Іш өтумен жүретін, ішектің жедел аурулары кезінде, асқынулармен  

Құрамы: қою қара шай, какао, қою кофе, қатқан ақ нан кеппесі, үгітілген ірімшік, күніне бір жұмыртқа бітеудей пысқан, күріш, манка ботқасы үгітілген суға пысқан, қайнатылған ет, балық, майлы емес үш күндік айран, қара қарақаттан қайнатылған сусын, черника, кисел. Тұзды шектеу, витаминдер қосу С, В1, В2, РР. Тамақтану 5-6 рет күніне.

Стол N 4а. Ірумен (брожение) жүретін колит кезінде.

N4 диета сияқты, бірақ көмірсуға бай тағамдарды шектеу (ботқа; нан 100 г артық емес; қант 20 г артық емес); ақуызды тағамдарды көбейту, олар ет, ірімшік және т.б.

Стол N 4б. Созылмалы колит, асқынулары баяулаған кезде.

Эта хитрость приносит миллионы! Почему раньше этого никто не замечал?

Доход для сайтов

Құрамы: кешегі пысқан ақ нан, құрғақ бисквит; дақылды көже ет және балық сорпасында, фрикаделька аралас көже, тарыдан басқа, суға пысқан 1/3 сүт қосылған ботқалар, пысқан көкөністер, сыр қышқыл емес, қышқыл емес қаймақ, айран, компот, кисель, шай, сүт қосылған кофе, сары май (дайын тағамдарға қосу үшін). Ас тұзы күніне 8-10 г. С, В тобындағы витаминдер. Тамақтану 4-6 рет күніне. Тағам жылы түрінде пайдаланған дұрыс.

Стол N 4в. Ішектің жедел аурулары кезінде  сауығу сатысында, рационалды тамақтануға көшу ретінде; ішектің созылмалы аурулары кезінде асқыну басылған кезде, ас қорыту мүшелерінің басқа ауруларының асқынусыз кезеңінде

Бұл диета кейбір ішектің жеткіліксіздігінде толықтай тамақтану үшін қолданылады, нәтижесінде ішектің басқа әрекетінің қалпына келуіне әсер етеді. Ол физиологиялық толық диета, ақуызды жоғарылату, ал ас тұзын азайтумен жүреді. Ішектің механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін алдын алу және ішекте ашу процесін жоғарылататын тағамдарды шектеумен көрініс береді. Тамақты ұсақталған түрде буға жасайды. Тамақтану режимі: 5 рет күніне.

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы:

  • ақуыз — 100-120 г (60 % малдың),

  • майлар — 100 г (15-20 % өсімдік тектес),

  • көмірсу — 400-420 г,

  • ас тұзы — 10 г,

  • бос сұйықтық — 1,5 л.

  • Калориялық — 2900-3000 ккал.