Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математика в экономике 2 кр.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

Білімді бағалау саясаты мен рәсімдері

Пән бойынша қорытынды бағалау 1 және 2 шептік бақылау бойынша- 60% және қорытынды бақылау бойынша – 40% болып, 100% құрайтын ең жоғары үлгерім көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады, яғни қортынды баға лау мына формула бойынша анықталады:

мұндағы:

Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Р2 – екінші рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

E – емтихан бағасының пайыздық мазмұны.

Пән бойынша курстық жұмыс болған кезде, оның бағасы орташа рейтингке енгізіледі - P орта =( қурстық жұмыс бойынша алған балл)/3.

Жоғарыда айтылған формула бойынша қортынды бағаны дұрыс санау үшін оқып білім алушылардың білімін шептік бақылау (рейтинг) бойынша 0- ден 100%-ға дейін бағалау қажет.

Төменде кредиттік технология бойынша оқып білім алушылардың білімін бағалаудың көпбалдық әріптік жүйесі беріліп отыр.

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі

жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жаксы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жаксы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

«А», «А-» («өте жақсы») – егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсе, оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисында айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен жауап беруге қиналмаса, алдыға қойыған міндеттер ді еркін жүзеге асыра болса, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды орындаудадың жан жақты дағдылары мен тәселдерін игерген болса, материалды қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;

«В+», «В», «В-« («жақсы») – егер оқып білім алушы материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлелсіздіктерге жол бермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болса;

«С», «С», «С-«, «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер оқып білім алушы материалды ғана меңгерсе, дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса, бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;

«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер оқып білім алушы бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе, тәжірибелік жұмыстарды үлкен киындықпен орындаса.

Емтихан бағасын қою процесінде оқытушы осы жоғырада айтылған өлшемдерді басшылыққа алады.

А- дан А- -ға дейінгі, В- -тен В+ -ке дейінгі, Д -дан С+ -ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушының білімі мен біліктілігінің жоғарыда бағаларды берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анақтылады.