Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституцилық құқық+++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
759 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

1. 23 қаңтар 2003 ж. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. 8 желтоқсан 1993 ж. «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 31.08.1995ж. қабылданған //«Параграф» ақпараттық жүйесі.

4.Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. -Алматы: «Жетi Жарғы», 2005.

5. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Астана, Фолиант, 2001.-174б.

6 .А.М. Байжуманова Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. –Талдықорған, 2013. -256 б.

ОСӨЖ тапсырмалары

№2 – есеп. Тақырып-4. «Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері».

  1. Айдардың атасы Меккеге қажылыққа барып келгеннен кейін жалғыз жүру өте ауыр екенін сылтауратып, 16 жасар немересін күн сайын намаз оқуға, діни мейрамдар күні мешітке бірге баруға үгіттей бастады. Айдар мешітке әзірше барғысы келмейді. Аталған жағдайда Конституцияның қандай нормаларына нұқсан келтірілді?

  2. Тимурдың ата-анасы түрлі ұлт өкілдері, сәйкесінше, түрлі дінге сенеді: анасы – орыс, христиан дініне сенеді, ал әкесі - өзбек, мұсылман. Әрқайсысы ұлына өзінің дінін уағыздайды. Аталған жағдайда Конституцияның қандай нормаларына нұқсан келтірілді?

  3. Қазақстан Республикасының азаматтары Қанат пен Сәуленің Литвада келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген кезінде қыздары дүниеге келді. Бұл жағдайда бала қай елдің азаматтығын алады?

  4. Шетелдің азаматы Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігіне оған Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініш жасады. Құжаттарды тексеру кезінде оның Екінші Дүниежүзілік соғыста Польшаның бейбіт тұрғындарына қарсы жасаған қылмыстары үшін халықаралық сот арқылы өмірлік бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған қылмыскер екендігі анықталды. Бұл жағдай ҚР азаматтығын алу туралы өтінішін кері қайтаруға негіз болады ма?

  5. Колесниченко жанұясы Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігіне Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш жасады. Олар ешқашан Қазақстан Республикасының территориясында тұрған емес, алайда Алматы қаласында жанұя отағасының туған қарындасы тұрады. Бұл жағдай Колесниченко жанұясына ҚР азаматтығын беруге негіз болады ма?

  6. Миронов жанұясында әйелі – Қазақстан Республикасының азаматы, ал күйеуі – Молдава Республикасының азаматы. Екеуі тұрақты Ресей Федерациясының территориясында өмір сүреді. 2000 жылы Қазақстан территориясында олардың балалары дүниеге келді. Бұл жағдайда баланың азаматтығы туралы мәселе қалай шешілуі қажет?

№3 – есеп. Тақырып-5. «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері».

1.Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты өмір сүретін Ресей Федерациясының азаматы «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігіне кіру туралы арыз берді. Шетелдің азаматы қоғамдық бірлестіктің мүшесі бола алады ма?

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының ынталы тобы облыстық әділет басқармасына «Қазақ еркіндік партиясы» атты қоғамдық-партиялық бірлестікті тіркеу туралы арыз берді. Барлық қажетті тексеруден өткеннен кейін оны тіркеу туралы шешім қабылданды. Аталған шешімнің заңды күші бар ма?

№5-есеп. Тақырып-9. «Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі».

  1. Қазақстанның бірінші Президенті 1991 жылдың 1 желтоқсанында 5 жылға сайланған. 1995 жылдың 29 сәуірінде қызметтегі Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізілді. 1999 жылдың 10 қаңтарында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіліп, оны 1991 жылдың 1 желтоқсанында сайланған үміткер жеңіп шықты. Аталған тұлғаның 2006 жылы ҚР Президенті лауазымына сайлауға түсуге құқығы бар ма?

  2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңына түзетулер енгізгеннен кейін Парламент пен Конституциялық Кеңес арасында шиеленіскен, күрделі қайшылықтар туындады. Тараптар бір-бірін айыптай бастады. Республика Президенті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кеңесіп, Конституциялық Кеңестің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. ҚР Президентінің бұл әрекеті құқыққа сай келеді ме?

  3. Республикалық бюджетті талқылау барысында Сенат депутаттары мен Қаржы министрлігінің арасында шиеленіскен қайшылықтар туындады. Президент сенаторлардың мәлімдемелері қалыпты құрылымды бұзатын сипатта деп есептейді және Конституциялық Кеңестің Төрағасымен кеңескеннен кейін Сенаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. ҚР Президентінің бұл әрекеті құқыққа сай келеді ме?

№6-есеп. Тақырып-11 «Қазақстан Республикасының Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі».

  1. Демалысқа шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің уақытша міндетін атқарып отырған Сенат Төрағасы Парламент Мәжілісінің сайлауын тағайындады. Сенат Төрағасының бұл әрекеті Конституцияға сай келеді ме?

  2. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша ҰҚК төрағасының лауазымына Амиров тағайындалды. Бұл жағдайда ҰҚК Төрағасын тағайындаудың конституциялық тәртібі сақталды ма?

  3. Парламент Мәжілісі өзінің отырысында депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Ұлттық банк төрағасының кандидатурасын бекітті. Бұл шешімнің заңды күші бар ма?

  4. Шетелде жүрген республиканың мемлекеттік делегациясына жетекшілік еткен Парламент Сенатының төрағасы Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша шет мемлекеттермен келіссөз жүргізіп, халықаралық келісімшартқа қол қойды. Сенат Төрағасы осындай өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар ма? Осындай келісімшарттың заңды күші бар ма?

№7 – есеп. Тақырып-12 «Қазақстан Республикасының Үкіметі нің конституциялық-құқықтық мәртебесі».

  1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымынан шығуға арыз берді. Президент сол күні өзінің Жарлығымен бұл лауазымға басқа тұлғаны тағайындады. ҚР Президентінің әрекеті құқыққа сай келеді ме?

  2. ҚР Үкіметі өзінің құзіреттілігі мәселелері бойынша ҚР территориясында міндетті күшіне ие бірнеше заң шығарды. Аталған актілердің заңды күші болады ма?

  3. ҚР Президенті денсаулығына байланысты лауазымынан босатылды. Үкімет те лауазымын босатуы керек пе, егер босататын болса, қандай тәртіпте жүзеге асырады?

  4. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен лауазымынан босатылды. Республиканың Үкіметі елде өкіметсіздік болуы мүмкіндігін айтып, лауазымын босатудан бас тартты. Үкіметтің әрекеті заңды ма? Үкімет қандай жағдайда лауазымын босатуы керек?

  5. Республика Үкіметі, өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, Парламентке «Үкімет туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Ол жобада «ерекше жағдайларда Президенттің шешімімен кейбір министрлер өздерінің міндеттерін депутаттық мандатпен бірге үйлестіре атқара алады» делінген. Бұл түзетулер Конституцияға сай келеді ме?

№8-есеп. Тақырып-13 «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау».

  1. ҚР Конституциялық Кеңесіне республиканың Бас прокуроры ҚР Конституциясының 55 бабын ресми түсінік беру бойынша жүгінеді. Конституциялық Кеңес бұл мәселені қарастырмады. Конституциялық Кеңестің бұл әрекеті құқыққа сай келеді ме?

2. «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңына түзетулер енгізілгеннен кейін Парламент пен Конституциялық Кеңес арасында қарама-қайшылықтар туындады. Тараптар бірін-бірі баспа беттерінде айыптай бастады. ҚР Президенті Премьер-Министрмен кеңесіп, ҚР Конститциялық Кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. ҚР Президентінің бұл әрекеті құқыққа сай келеді ме?

№9-есеп. Тақырып-15 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың конституциялық-құқықтық негіздері».

  1. Облыс Әкімі облыстық Мәслихатпен бірлесіп, облыстың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Аталған шешімнің заңды күші бар ма?

  2. Алматы облысының Мәслихаты облыс территориясында жергілікті референдумды белгіледі. Бұл жағдайда ҚР Конституциясының қандай бабы бұзылды?

  3. Алматы облысының әкімі «қалалық жолаушылардың автокөлігін табиғи газға ауыстыру» туралы қаулы қабылдады. Бұл шешімнің заңды күші бар ма?

  4. Алматы облысының Мәслихаты Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Үкімет аппаратының қызметкерлері қатысқан өзінің кеңейтілген отырысында облыс Әкімін тағайындады. Әкімдерді тағайындаудың конституциялық тәртібі сақталды ма?

  5. Қазақстан Республикасының Парламенті, Алматы облысы Әкімінің есебін тыңдай келе, 2/3 дауыспен оны лауазымынан босату туралы республика Президентіне ұсыныс жасады. Президент, ұсынысты қарастыра келе, депутаттардың пікірімен келісіп, бұл лауазымға жаңа әкімді тағайындады. Бұл шешімнің заңды күші болады ма?

СӨЖ.

Жалпы мақсаты - зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.

Әдістемелік ұсыныс.

1 «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу.

2. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау.

3. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.

4. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жинағын пайдалану.

5. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық, қаржылық, экономикалық сөздіктерді пайдалануы, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.

6. Аталған курсты оқуға заң газеттері мен журналындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.

7. Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін оқытушыларға бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.

8. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған басқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кескіндер, кесте салу.

9. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.

10. Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.

11. Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда жоғары бағаланады.

Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:

  • терең дәлелді ашылған тақырыпқа;

  • құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;

  • айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;

  • дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;

- пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне.

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

№

Тапсырмалардың мазмұны

Сағат саны

Тапсыру

мерзімі

Тексеру формасы

1

1.ҚР-сы Конституциясынан конституциялық құқықтық қатынас объектісінің тізімін жазу (баптарды көрсете отырып).

2. Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің заңдық күшіне қарай тізімін құру.

3.ҚР Конституциясынан өкілеттік беруші, тыйым салушы және міндеттеуші конституциялық нормаларды анықтау және жазу.

4.Қазақстан Конституцияларына тән белгілері мен ерекшеліктерін анықтап, жазу.

5. №1 теориялық есептерді шешу.

6.Қазақстан Республикасы Конституциясының тақырыбынан конституциялық құрылыстың негізгі принциптерін анықтау және жазу.

7. Кесте толтыру «ҚР азаматтық алу негіздері».

8. ҚР Конституциясының тақырыбынан құқық пен бостандықтарды конституциялық шектеуді анықтау, шектеудің ерекше мақсатын көрсету.

8

4 апта

тізім

тізім

жеке-жеке талдау жасап, конспект жасау

конспект жазу

есеп шығару

эссе

кесте құру

баяндама

2

1. Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қоғамдағы ролі туралы жазу.

2. Кестені толтыр «Президент пен депутататардың сайлау ерекшеліктері».

3. №4 теориялық есептерді шешу.

4.Республикалық референдумның пәні бола алмайтын мәселелерді анықтау.

8

7апта

конспект

кесте құру

есеп шығару

реферат жазу

3

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары жүйесінің схемасын құру.

2. Қазақстан Республикасында президент институты қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтап, жазу.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарғы мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орнын анықтау.

4.Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының негізгі кезеңдерін жазу.

5. Парламент депутат қызметін қамтамасыз ету жүйесін жазу.

8

11 апта

Схема құрастыру

реферат

конспект, презентация

конспект, презентация

эссе, коллоквиум

4

1. Кестені толтыру: «ҚР Үкіметінің басқа мемлекеттік басқару органдарымен қатынасы».

2. Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтын жетілдіру мәселелерін анықтау.

3. Кестені толтыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының тақырыбынан Әділ соттың принциптерін анықтау және жазу.

4. Кестені толтыру: «Прокуратураның басқа мемлекеттік басқару органдарымен қатынасы».

5. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқару органдар қызметін ұйымдастыру тәртібі.

6

14 апта

Кесте құрастыру

Конспект жазу

Кесте құрастыру

Кесте құрастыру

Эссе жазу

Барлығы

45