- •«Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты
- •1. Жалпы бөлім
- •2. Кс паспорты
- •3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
- •6.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
- •7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
- •Кс бірліктерінің тізімі
- •Кс бірліктерінің сипаттамасы
- •6. Осы кс негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
- •Кс әзірлеушілері, келісім парағы, сараптамасы және тіркеуі
- •Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері
- •1. Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
- •2.Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің көмекшісінің еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
- •Кс бірліктерінің сипаттамасы
- •1. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
- •2. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің көмекшісінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
- •Келісу парағы
2. Кс паспорты
5.КС паспорты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы)
Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі (әрі қарай - ҚР МС 03-2007) 33.17 «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;
КжКМ 2006 жылғы 19 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі басшылары, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (БА) ;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
локомотив паркін пайдалану.
3) осы КС 1 қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті»
6.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ –4, СБШ –4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 8311 «Локомотивтер машинисті»;
3). лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару;
5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің көмекшісі»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
1). біліктілік деңгейі: ҰБШ –3, СБШ –3;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай - ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 8311 «Локомотивтер машинисті»;
3). лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті көмекшісі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - машинаны жұмысқа дайындау және оны жабдықтау, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда техникалық қызмет көрсету;
5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті көмекшісі еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.
Кс бірліктерінің тізімі
10. КС бірліктері тізімі осы КС 3- қосымшасының 1-2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
Кс бірліктерінің сипаттамасы
11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
6. Осы кс негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
