- •1.3 Ұнтақты алудың механикалық әдістері
- •2.1 Қатты металды кесумен ұнтақтарды алу
- •1 Кесте Майдалауға дейінгі және майдаланғаннан кейінгі
- •Жақты және валкалы ұсатқыштарда ұнтақтау
- •Балғалы ұсатқыштарда ұсақтау
- •2.2.4.Вибрациялық (тербелмелі) диірмендерде майдалау
- •Құйынды және ағынды диірмендерде майдалау
1 Кесте Майдалауға дейінгі және майдаланғаннан кейінгі
кесектердің өлшемдері
Ұнтақтаудың түрі |
Кесектің ұнтақтауға дейінгі өлшемі, мм |
Кесектің ұнтақталғаннан кейінгі өлшемі, мм
|
Ірі бөлшектеу |
1500÷300 |
300÷100 |
Орташа бөлшектеу |
300÷100 |
50÷10 |
Ұсағырақ бөлшектеу |
50÷10 |
10÷2 |
Жіңішке ұсақтау |
10÷2 |
2÷75×10-3 |
Өте майда ұнтақтау |
10÷75×10-3 |
75×10-3·1×10-4 |
Ұсақтау дәрежесімен ─ бөлшектердің ұсақтауға дейінгі және ұсақталғаннан кейінгі өлшемдерінің қатынасымен сипатталады:
i=dалғашқы/dкейінгі (6)
Жақты және валкалы ұсатқыштарда ұнтақтау
Жақты диірмендер тау-кен өндірісінде және құрылыста сынғыш кесекті материалдарды ұсақтау үшін кеңінен таралған. Ұнтақты металлургияда ұсатқыштарды кеуекті материалдарды, кейбір қорытпаларды ұсақтау үшін қолданылады.
Материалдардың ұсақталуы қатты материалдардан (болаттан) жасалған қырлы бетқабатты массивті плиталар (жағы) аралығында кесектердің уатылуымен жүреді. Қозғалмайтын плитканың (жақтың) біреуі вертикальды орналасқан, ал екінші тербелмелі плита бірінші плитаға бұрышпен қарама-қарсы орналасқан.
Жылжымалы жағы горизантальды осьте жоғары немесе төменгі жағымен ілініп орналасқан.
Ұсатқыштың жұмысшы кеңістігі конус тәрізді, ылғи үздіксіз жақтардың аралығында құлама бұрышпен өзгерісте болады. Бүйір жағынан жұмысшы кеңістік тегіс плитамен шектелген. Материалдар жоғары жағынан жақтардың аралығына беріледі. Ұсақталатын өнімнің өлшемі жақтар арасындағы төменгі тесіктің аралығымен реттеледі.
Жақты ұсатқыштың теориялық өнімділігі келесі формуламен анықталады:
Q=0,15µdортsbnγ, т/сағ (7)
мұндағы: μ – ұсақталатын материалдың борпылдақ коэфициенті, ол 0,2÷0,65 тең;
s – жақтың жүретін ұзындығы, м;
b – шығарушы тесіктің ұзындығы, м;
n – ұсатқыштың эксцентрикалық валының бір минуттағы айналу саны;
γ – ұсақталатын материалдың тығыздығы, кг/м3;
dорт – ұсақталған материал кесектерінің орташа диаметрі, м
dорт= (2l+s) / 2 (8)
мұндағы: l – шығарушы тесіктің минималды ені, м.
Жақты ұсатқыштарда материалдарды ұнтақтауда бөлшектердің өлшемі 1-6 мм дейін жетеді.
Материалдарды 0,5-2,0 мм ірілігіне дейін ұсақтау үшін валкалы ұсатқыштарды пайдаланады. Бұл ұсатқыштардың жұмысшы ретінде валкалар болып табылады. Олардың беттерінде көлбеу үшкір қабырғалар орнатылған. Валкалардың бір-біріне қарама қарсы айналу жылдамдықтары 2-4 м/с. Ұсақтау дәрежесі жақтардың арасындағы тесіктің өлшемімен реттеледі.
Бұл ұсатқыштарда жоңкалар, сымдардың майда кесілген бөлшектері және т.б ұнтақталады.
Валкалы ұсатқыштардың теориялық өнімділігі келесі формуламен анықталады:
Q=0,235µLДdортnγ т/сағ (9)
мұндағы: L – валканың ұзындығы, м;
Д – валканың диаметрі, м;
n – валканың айналу саны, айн/мин.
