- •9 Сынып билет жауаптары.
- •1 Билет. (1) сұрақ.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •2 Билет. (1) сұрақ. Әбілхан Қастеев
- •3 Билет. (1) сұрақ. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •4 Билет. (1) сұрақ. Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелеңіз.
- •5 Билет. (1) сұрақ. «Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз.
- •6 Билет. (1) сұрақ. «Қара шаңырақ» туралы әңгімелеңіз.
- •7 Билет. (1) сұрақ. «Алтын адам» туралы әңгімелеңіз.
- •9 Билет. (1) сұрақ. Тіл туралы Заңының кейбір баптарын өзің түсінгеніңше айт.
- •8 Билет. (1) сұрақ. «Қазақстан аймақтары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •10 Билет. (1) сұрақ. Кереку өңірінің белгілі адамдары.
- •12 Билет. (1) сұрақ. «Радио. Теледидар» туралы әңгімелеп беріңіз.
- •13 Билет. (1) сұрақ. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы әңгімелеңіз.
- •14 Билет. (1) сұрақ. Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы әңгімелеңіз.
- •15 Билет. (1) сұрақ. Астана туралы айтып беріңіз.
- •16 Билет. (1) сұрақ. Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелеп беріңіз.
- •17 Билет. (1) сұрақ. «Бейнелеу өнерінің тарихы» туралы әңгімелеңіз.
- •19 Билет. (1) сұрақ. «Алтын ұям - мектебім» туралы айтып беріңіз.
- •20 Билет. (1) сұрақ. Шоқан Уалиханов туралы әңгімелеңіз.
- •21 Билет. (1) сұрақ. « экспо – 2017» туралы әңгімелеңіз.
- •23 Билет. (1) сұрақ. Мұзафар Әлімбаев туралы әңгімелеңіз.
- •24 Билет. (1) сұрақ. Павлодар облысы туралы әңгімелеп беріңіз.
- •25 Билет. (1) сұрақ. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы әңгімелеңіз.
23 Билет. (1) сұрақ. Мұзафар Әлімбаев туралы әңгімелеңіз.
Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1948-58 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, 1958-86 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңдерін 1939 жылдары жазды. Майдан газеттеріне араласты.
Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді.Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды.
(2) сұрақ. «Отбасылық дәстүрлері» туралы диалог құрастырыңыз.
- Бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы не?
- Отбасы.
- Қазақ отбасы негізінен неше ұрпақтан тұрады?
- Ата, әке, бала.
- Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай?
- Иә, оларды айтатын болсақ: тұсау кесер, беташар, шілдехана, ат қою.
- Сенің отбасыңда қандай дәстүр қалыптастырылған? Олар қандай?
- Мен отбасыммен әр жылда алғашқы қар жауғанда "аққала" жасауға шығамыз, ал шілденің бірінші күнінде отбасымызбен көлге шомылуға барамыз, сонымен қатар әр маусым сайын жолдастарымызбен саяхатқа шығу дәстүрге айналып кеткен.
- Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін кімдер тәрбиелеген?
- Атасы, әжесі
- Отбасында қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?
- Әдеп сақтау, үлкенді сыйлау, сәлем беру, үлкеннің жолын кеспеу.
- Қазіргі кездегі отбасылық дәстүрлер қандай?
- Қазіргі кездегі отбасылар жол жүру, саяхаттауды, кино көруге , циркке, театрға баруды дәстүрге айналдыруда.
- Осы дәстүрлер қандай тәрбие береді?
- Міне, осылар арқылы баланың рухани адамгершілігі дамиды, қалыптасады. Отбасындағы бала мен ана, бала мен әке, бала мен туған – туыстар арасындағы қарым қатынастары тығыз байланысып, нығайып, тұтаса түседі
- «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің» деген ата бабамыздың сөздерінің қалай түсінесің?.
- Ал ата - бабамыздың бізге қалдырған дәстүрін ұмытпай насихаттап, оны қастерлеп, құндылықтарын өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізе отырап, бізге берген тірбиені, дәл солай бізде отбасылық дәстүр негізінде балаға тәрбие бере білейік!
(3) сұрақ. Сөйлем мүшелері.
Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегі сөйлем мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері болады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
24 Билет. (1) сұрақ. Павлодар облысы туралы әңгімелеп беріңіз.
Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Ол Қазақстанның солтүстік шығысында, Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Облыста он екі аудан – Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Екібастұз, Ертіс, Қашыр, Аққу, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандары, төрт қала – Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс қалалары бар. Халқы көп ұлтты.
Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының ауыр индустрия, энергетика және мәдениет орталықтарының бірі. Облыста алюминий, мұнай өңдеу, ферроқорытпа зауыттары, көмір разрездері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Павлодар облысында табиғаты әсем, ауасы, суы, батпағы, шипалы Мойылды курорты, Баян таулары, Шалдай қарағайлы орманы, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері бар. Ерке Ертіс өзеніне, Маралды көліне, Баянауыл баурайына арнап жерлес ақын, композиторлар өлең жазып, әндер шығарды.
Павлодар топырағында көптеген ғалымдар, атақты адамдар дүниеге келді. Олар: Бұхар Жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов, Сәбит Дөнентаев т. б.
(2) сұрақ. «Қазақ батырлары» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
- Қандай қазақ батырларын білесің?
- Қабанбай, Бөгенбай, Сұраншы, Қарасай сияқты қазақ батырларын білемін.
- Олар қазақ жерін кімдерден қорғады?
- Олар қазақ жерін басқыншы жоңғарлардан, қалмақтардан қорғады.
- Ұлы Отан соғысының батырларын ата.
- Ұлы Отан соғысының батырлары: Қ. Қамзин, С. Мүткенов, М. Қайырбаев т. б.
- Олардың ерліктері немен марапатталды?
- Олардың ерліктері ордендермен медальдармен марапатталды.
- Жерлес батырларды білесің бе?
- Жерлес батырлар: Жасыбай, Олжабай т. б.
- Батырларды еліміз қалай құрметтейді?
- Батырларды еліміз аса зор қошеметпен құрметтеп, еске алады.
- 28 панфилавшылар дивизиясының ішіндегі қазақ батыры кім?
- 28 панфиловшылар дивизиясының ішіндегі қазақ батыры Бауыржан Момышұлы.
- Қазақтың батыр қыздары кімдер?
- Қазақтың батыр қыздары: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.
- Олардың ерлігі туралы не білесің?
- Олар Отан үшін жан аямай соғысты.
- Ақын, жазушылар батырларды қалай жырлаған? Білетін тақпағыңды айт.
- М. Жұмабаев «Ерлерді ұмытса да ел, - сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, - жел ұмытпас...»
- Ерлік, батырлық туралы қандай мақал – мәтел білесің?
- Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.
(3) сұрақ. Сын есім туралы айтып беріңіз.
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдер қандай? қай? кімнің? ненің? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есімдер қазақ тілінде көбінесе анықтауыш болып келеді.
Мағынасына қарай: сапалық – ақ, қара, үлкен; қатыстық – тұзды, көрікті, орманды; болып екі түрге бөлінеді.
Тұлғасына қарай: негізгі – жақсы, әдемі, кең, суық; туынды – қысқы, таулы, өткір;
Құрамына қарай: дара – кіші, тар, нәзік, мол; күрделі – ұзын бойлы, қызыл ала;
