Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PRAKTIKALY_1178_Zh_1200_MYS_3-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

2) Сутекті электрод

Сутекті ионға қатысты қайтымды электродты, сутек ионы бар ерітіндіге батырылған платинаны (немесе палладий, алтын және басқалары) сутекпен қанықтырып алады. Бұл электродты келесі түрде жазып алады: Pt, H2|H+ ( ). Сутекті электродта мына реакция жүреді

H2 + 2H2O ↔ 2H+ · H2O + 2e.

Сутекті электрод потенциалы мына теңдікпен сипатталады

, (III-4)

мұндағы – платинаны қанықтыратын сутектің парциалды қысымы.

болғанда V = V0 = 0

Көптеген жағдайларда сутекті иондар белсенділік шамасының өзін емес, оның логарифмін қолдану ыңғайлы. Бұл, соның ішінде, ерітіндідегі сутекті иондар белсенділігінің өзгерісімен байланысты құбылыстарды графикалық түсіндіру үшін қажет. Сутекті иондар белсенділігі 10 саны теріс дәрежесінің 14 бірлігі аралығында ауытқи алады, сондықтан оның өзгерісін сутекті иондар белсенділігі логарифмін қолданбай көрсету мүмкін емес. Теріс сандарды қолдану қолайсыз болғандықтан, pH символымен белгіленетін және сутекті көбейтінді деп аталатын сутекті иондар белсенділігінің теріс логарифмін алу қабылданған:

pH = -lg . (III-5)

3) Екінші текті электродтар (каломельді электрод)

Екінші текті электродтар қиынеритін тұзды қабатты және қандай да бір оңайеритін тұзға анионмен батырылған металлдан тұрады. Осындай электродтар анионға қатысты қайтымды. Салыстыру электроды ретінде 2Hg + 2Cl ↔ Hg2Cl2 + 2e реакциясы жүретін каломельді электрод кең таралды.

Осы электродтың потенциалы келесі теңдікпен сипатталады

, (III-6)

мұндағы - 0,268 в [3].

Екінші текті электродтарды металл катионын ерітіндімен айырбастайтын электродтар ретінде қарауға болады. Каломельді электродта

, (III-7)

мұндағы L – ерігіштік көбейтіндісі. Бұл шаманы (III-6) теңдікке қоятын болсақ, аламыз

(III-8)

мұндағы 14 қосымшада 1 атм. кезінде қиынеритін электролиттердің ерігіштік көбейтінділерінің мәндері көрсетілген.

Каломельді электрод жақсы жаңғыртылатынымен, потенциалдың үлкен тұрақтылығымен және оңай дайындалатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан ол әртүрлі электродтардың потенциалдарын өлшеу үшін жиі қолданылады. Практикада хлорлы калийдің децинормалді, нормалді және қаныққан ерітінділері бар каломельді электродтар қолданылады. Стандартты сутекті электродқа қатысты олардың потенциалдары [3] анықтамалықта берілген; сонда кейбір температуралардағы олардың потенциалдарының мәндері көрсетілген. Хлорлы калийдің қаныққан ерітіндісі бар каломельді электрод кең таралған.

Каломельді электродқа өлшенген потенциалдардың сутекті шкаласына қайта есептегенде, соңғылардың мәндеріне (U) каломельді электрод потенциалының (Vкалом) мәнін қосу қажет, яғни

V = U + Vкалом (III-9)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]