- •5В010300 -« Педагогика және психология»мамандығының студенттері үшін
- •1.2.Зертханалық сабақтардың тақырыптары
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Роршах әдістемесі
- •Розенцвейг әдістемесі
- •Зерттелуші жауабын белгілейтін кесте
- •Кестені толтыру мысалы
- •Процессуалды және келесі кезеңді анализ
- •Саусақпен сурет салу әдістерінің диагностикалау аспектілері
- •Қозғалғыштық шектеулерден бостандық
- •Эквивалетті формалар мәселесінің жоқ болуы
- •Керекті жабдықтар
- •Жалпы іс-әрекетті бақылау
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылуы:
1.2.Зертханалық сабақтардың тақырыптары
1-тақырып. Эксперменттің сапалы көрсеткіштерін талдау
2-тақырып. Бақылау әдісі
3-тақырып. Тест: Пиптограмма
4-тақырып. Оқушылардың қабілеттілігін анықтау методикасы
5-тақырып. Тапсырманы шешіп, талдау процесінде қолданылатын «дауыстап ойлау» әдісі
6-тақырып. М.Люшердің түстерді таңдау әдісі
7-тақырып. Роршах әдістемесі
8-тақырып. Розенцвейг әдістемесі
9-тақырып. ТАТ- тақырыптық апперцивті тест
10-тақырып. Саусақпен сурет салу әдістерінің диагностикалау аспектілері
Зертханалық жұмыс №1
Эксперменттің сапалы көрсеткіштерін талдау
Минералды суды анықтау.
Эксперимент мақсаты. Екі түрлі пікірдің себебін анықтау.
Эксперментке барлық банкалардың этикеткасы тексеріледі.
Әдістеме «тексерілуші»
Экспериментке қатысушы.
Эксперимент материалдары: оазис минералды суы, шалқар минералды суы. Сатып алу мерзімі бір мезгілде қолданылудың алдында (бір мезгілде) әрбір жарты тәулік мұздатқышта тұрады. Жабдықтау мөлшері бірдей шыны стакандар.
Зерттеу процедурасы сағат зерттелуші тісін тазалап, ауызын бірнеше қайтара шаяды. Мұздатқыштағы минералды суын ішіп стаканға құяды 45 сек. ішінде суды ішеді.
Судың дәмін бағалау 4 балдық жүйемен есептелінеді:
1 балл өте дәмі жоқ
2 балл дәмі жақсы
3 балл өте жақсы
4 балл ерекше жақсы.
Эксперимент барысы:
Қорытынды: Судың сорты: ащы, қышқыл, тәтті, газданбаған.
Зертханалық жұмыс №2
Бақылау әдісі.
Жұмыстың мақсаты: Бақылау әдісін тәрбие жүзінде қолданып үйрену және зерттеудің нәтижесін өңдеу.
Қажетті құралдар: 1. Оқу залында зерттеу объектісі ретінде бір студентті таңдауы.
2.Бақылау әдісінің протоколын жасап, бақылаудың нәтижесін протоколға түсіру. Жұмыстың орындалу шарты: Университеттің оқу залынан сабаққа дайындалып отырған бір студентті таңдап алып, ол адамға бақылау әдісін 20 мин. Ішінде қолдану.
Бақылаудың критериі: 1. Уақытты белгілеу.
2.Әрекеттері: а)оқу
ә)жазу
б) қасындағы адаммен сөйлесуі
в) айналасына алаңдауы
г) артына сөйлеуі (бұрылуы)
д) кітап парақтауы
ж) орнынан тұруы
з) ойланып тұруы
е) боянып айнаға қарап отыруы, шашын ұстауы (дәптерін ашу, нөмірін ұстау және т.б.)
3. Объектіні таңдап алу, оған сипаттама беру.
№ |
Критерилер |
Объектінің әрекеттері |
1 |
Оқу |
|
2 |
Жазу |
|
3 |
Қасындағы адаммен сөйлесуі |
|
4 |
Жан жағына алаңдауы |
|
5 |
Орнынан тұруы |
|
6 |
Бос отыруы |
|
7 |
Кітап бетін парақтауы |
|
8 |
Ойланып отыруы |
|
9 |
Шашын ұстауы |
|
10 |
Нөмерін ұстауы |
|
11 |
Дәптерін ашуы |
|
12 |
Артындағыларға сөйлесуі |
|
13 |
Папкасын ашуы |
|
14 |
Поламбасын ашуы |
|
Зертханалық жұмыс №3
Тест: Пиптограмма.
Сіз және сіздің айналаңыз. Нұсқау 15 адам салынған суретке қараңыздар. Олардың әрқайсысы ерекше графикалық түрде бейнеленген.
Әрбір бейнелерді 5 баллдық өлшемді бағамен бағалаңыз.
А - өте сүйкімді.
Б – сүйкімді.
В – бәрібір.
Г – онша сүйкімді емес.
Д – тіпті сүйкімді емес.
Осы таблицадағы фигураға баға береде әрбір фигураға сәйкес берілген бағаның баллдық санын дөңгелекпен белгілеңіз.
Фигураның бағасы |
Фигураның реттік нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 |
А |
4 14 10 7 2 5 12 3 8 13 11 15 1 9 6 |
Б |
5 15 11 8 3 6 13 4 9 14 12 16 2 10 7 |
В |
6 16 12 9 4 7 14 5 10 15 13 17 3 11 8 |
Г |
7 17 13 10 5 8 15 6 11 16 14 18 4 12 9 |
Д |
8 18 14 11 6 9 16 7 12 17 15 19 5 13 10 |
Өзіңіздің бағаланған көрсеткіштердің баллдық өлшемін және тесттық пиптограммалардың жалпы баллдық өлшемін есептеңіздер.
120-130балл. Сіз еріксіз қыстағанды көтермейсіз. Өзіңізге байланысты бұйрықты қолдамайсыз, бірақ өз ықыласыңызбен қарым-қатынас жасасаңыз онда сіз бәріне де дайынсыз көңіліңіз қалмаса да өзіңіздің еркіндігіңізді жоғары қоясыз.
131-143 балл. Сіз ішкі кедергілеріңіз және еш кедергісіз өзіңізге ұнаған адаммен кездесуге шыға аласыз. Сізге өздеріңіздің үстемділігіңізді түсіну тән бұл сіздердің айналаңыздағылармен қарым-қатынас жасауға кедергі болады. Бірақ сізде басқа адамның тапсырмасын орындай алмаймын деген қорқыныш болмайды, егер сізді біреу қорқытқысы келсе, онда сіздің қарыс күресіңіз агрессиялы түрде көрінеді. Бірақ ол сізге ұнамайды. Сол үшін де өзіңізге артынан ызаланасыз.
144-156 балл. Сіздер барлық адамдармен тез тіл табыса аласыздар. Сондықтан да әртір адамы өзіңіздей теңдес әріптес адам ретінде көресіз. Басқа біреудің дегеніне көніп, ықпалында кететін адам емессіз, қайшылық болып жатса сіз сол жағдайға баға бересіз және басқалардан да соны күтесіз.
157-ден жоғары. Өзіңіздің айналаңыздағылармен тез тіл түсінісесіз, қолыңыз жетсе қиын немесе жағымсыз жағдайда өзіңізді дұрыс ұстауға қабілеттісіз. Егер қорғансыздық сезім пайда болса, онда сіз кетіп қалу жағын қалайсыз. Сіздің позицияңыз эмоцияңыз арқылы кқрінеді, сондықтан сізге сезімге бой алдырмай ақыл-ойды таңдаған жөн.
Зертханалық жұмыс №4
Оқушылардың қабілеттілігін анықтау методикасы.
Сіз 40 сұраққа жауап беруіңіз керек. Әрбір сұраққа өз пікіріңізді еркін көрсетіңіз және «я» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Егер сіздің жауабыңыз жағымды болса онда қағаз жауабындағы сәйкес клеткаға + белгісі, ал жағымсыз болса – белгісін белгілейміз. Көз алдыңызға әдеттегі жағдайды елестетіңіз, көп ойланбай сұрақтарға тез жауап беріңіз. Эксперимент материалы.
1.Сіздің үздіксіз қарым-қатынаста болатын жолдастарыңыз көппе?
2. Сіз көпшілік жолдастарыңызды, өзіңіздің пікіріңізді қабылдауға жиі ыңғайластырасыз ба?
3. Жолдасрыңыздың біреуі сізге жреніш тигізетін сезімі жиі мазалай ма?
4. Сізде пайда болған қиын жағдайда бейімделу қиын ба?
5. Сіз әртүрлі адаммен танысуға бағытталасыз ба?
6. Сіз қоғамдық жұмысты анықтауды ұнатасыз ба?
7. Сіз адамдардан гөрі кітап оқу және басқа іс-әрекетепн айналысуды ұнатасыз ба?
8. Егер сіздің мақсатыңызды жүзеге асыру үшін алдыңызда қиындық пайда болса, онда сіз өз бетіңізбен одан шегінесіз ба?
9. Өзіңізден үлкен адаммен қарым-қатынасты тез табасыз ба?
10. Сіз өздеріңіздің жора-жолдастарыңызбен ойындар мен ойын сауықты ойдан ұйымдастырасыз ба?
11. Сізге таныс емес компанияда болу қиын ба?
12. Бүгін істелетін заттарды келесі күнге жиі ауыстырасыз ба?
13. Таныс емес адамдармен қарым-қатынасты жиі табасыз ба?
14. Сіз жолдастарыңызды өз ниетіңізбен сәйкес іс-әрекеттенуге бағыталасыз ба?
15. Жаңа топқа бейімделу қиын ба?
16. Егер сіздің жолдастарыңыз өз ниетіңізбен сәйкес іс-әрекеттенуге бағытталасыз ба?
17. Сіз ыңғайлы жағдайда жаңа адамдармен танысып сөйлеуге бағыттталасыз ба?
18. Маңызды жұмыс шешкенде сіз бастаманы өзіңізге жиі аласыз ба?
19. Сізді қоршаған адамдар ызаландырады ма және жалғыз болуды ұнатасыз ба?
20. Таныс емес жағдайда сіз нашар бейімделесіз, солай ма?
21 Әрқашанда адамдар арасында болуды ұнатасыз ба?
22. Егер басталған жұмысты бітіру мүмкін емес болса, ызаланасыз ба?
23. Жаңа адамдармен танысу үшін өзіңіздің ықыласыңызды көрсеткенде сізде қиындық, ыңғайсыздық, ұялу сезімдері пайда болады ма?
24 Сіз жолдастарыңызбен жиі қарым-қатынаста шаршайсыз солай ма?
25 Ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?
26. Жолдастарыңызды қызықтыратын сұрақтарды шешкенде сіз өзіңіздің пікіріңізді жиі айтасыз ба?
27. Таныс емес үлкен ұжымға кіргенде сіз өзіңізді сезімсіз сезінесіз бе?
28 Сіз өзіңізді дұрыс екендігіңізді дәлелдеуге бағыттанасыз ба?
29. Таныс емес компанияны жандандыру қиын емес деп санайсыз ба?
30. Мектеп теп немесе сыныпта қоғамдық жұмыстар атқарасыз ба?
31. Сіз танитын адамдар санын шектеуге тырысасыз ба?
32. Егер сіздің пікіріңізді жолдастарыңыз қабылдамаса, сіз оны дәлелдеуге тырысасыз ба?
33 Таныс емес ортада сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?
34 Жолдастарыңыз үшін әртүрлі мейрамдарды ұйымдастаруыға тез кірісесіз бе?
35 Егер үлкен топ адамдарының алдында бір зат айтқанда сіз өзіңізді сенімсіз және танымсыз сезінесіз, солай ма?
36. Іске кездесулерге жиі кешігесіз бе?
37 Сіздің жолдастарыңыз көп, солай ма?
38. Жолдастарыңыздың арасында назар ортасында жиі боласыз ба?
39. Таныс емес адамдармен қарым-қатынаста сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
40 Көп достар арасында сіз өзіңізді сезімсіз сезінесіз бе?
Нәтижелерді өтеу
Коммуникативті
Қабілеттіліктің көрсеткіші жағымды жауаптар саны бойынша анықтаңдар.
5,9,13,17,21,25,29,33,37. және жағымсыз жауаптар саны бойынша
3,7,11,15,19,27,31,39
39 ды 20 ға бөлесіз.
Ұйымдастыру қабілеттіліктің көрсеткіші жағымды жауаптар саны бойынша
2,6,10,14,18,22,26,30,34,38. Және жағымсыз жауаптар бойынша
4,8,12,16,20,24,28,32,36,40 ты 20.ға бөлеміз.
Коммуникативті ұйымдастыру қабілеттілігін баға шкаласы бойынша анықтаңдар.
Қабілеттіліктер |
Төменгі |
Орташадан төмен |
Орташа |
Орташадан төмен |
Жоғары |
Коммуникативті |
0.1-0,45 |
0,46-0,55 |
0,56-0,63 |
0,66-0,75 |
0,76-1 |
Ұйымдастыру |
0,2-0,55 |
0,56-0,65 |
0,66-0,7 |
0,71-0,8 |
0,81-1 |
Зертханалық жұмыс №5
Тапсырманы шешіп, талдау процесінде қолданылатын «дауыстап ойлау» әдісі
Психологияда ойлау процесін зерттеу ерекшк орын алады, өйткені бұнда зерттеудегі аденватты әдісте табуымен байланысты пайда болуымен қиыншылықтар болады. Ойлаудың ішкі структурасын зерттеу үшін бірінші тәсіл болып өз- өзін бақылау әдісі болды(Вюрцбюрг мектебі). Бұл әдістің жетіспеушіліктері жалпыға мәлім және негізінен біріншіден, қызмет тапсырманы шешу мен бұл процесін бақылау болып екіге бөлінуі керек. Екіншіден, ойлау процестері өз дамыған формасында ішкі, қысқартылған қызметінде болуы тиіс. Мұнда анализ оның нағыз структурасын анықтамайды, өйткені көптеген операциялар белгісіз деңгейде өзін бақылау үшін мүмкін емес.
Демек, арнайы әдістер немесе ойлау процесінің экстеризация қабылдаулары оны сыртқы жоспарға шығару үшін қажет. Психологияда осындай әдістересебінде ойлауды зерттеуде негізгі әдістемелік тәсіл «дауыстап ойлау » . Адамдардың ойлауын зерттеу гештальтпсихологияда, мысалы бұл әдістемелік тәсіл арқылы орындалады.Олар мыналар: зерттелуші тапсырманы шешу барысында келген ойына ойлармен айтып тұруы қажет. Экспериментатор тұжырым барысын финсациялайды, мысалы: магнитафон немесе басқа да тәсілдермен.
Бұл әдістемелік тәсіл өзін - өзі бақылау әдісінен ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, ойлау процесінде экстериоризация орын алады, екіншіден, зерттелуші ойын жинақтамайды, тек тұжырым барысын дауыстап айтып тұрады, бұл оның көңілі бөлінбей, тек бір нәрсеге көңіл бөлуініне әкеледі.
Голланд психологы де Гротт (1965 ж) шахмат ойынында жүру жолын таңдау процесіндегі структурасын зерттеу үшін, фундаменталды зерттеуде қолданған «дауыстап ойлау» өз мүмкіншіліктерін детальды түрде талдау және соған қоса кемшіліктері, ой қызметінде нақты заңдылықтарды зерттеу шектейді. Де Гротт «дауыстап ойлау » тәсілін алдына қойылған тапсырманы шешуде оптималды деп бағалады, бірақ өзі көптеген кемшіліктерді де атап көрсетті , олар ойлау қызметіндегі нақты заңдылықтардың бұл әдісте қолдануы шектеулі. Негізгі кемшіліктері болып, эксперимент нәтижесінде алынатын порталдардың толық еместігі, және де «дауыстап ойлау» инструкция әсерінен болатын ойлау процесінде жүзеге асатын кемшілік т.б.
«Дауыстап ойлау » әдісінің жеткіліксіздіктекрін талдай келе, зерттеушілердің көпшілігін протоколдардың тапсырманы шешу процесінің макроструктурасының сіретін береді. Ойлау қызметі мен оның микроструктурасының заңдылықтарын детальды түрде талдау, ойлау процесінің операциялық құрамын анықтау мүмкін емес болып келеді.
« Дауыстап ойлау » әдісі ойлауды зерттеуде көптеген психологиялық зерттеулерде қолданылды. Олар, шығармашылық ойлау процесінің (құрамында ) объекттің латентті қасиеттерін іздеуде, олар қиыншылықтармен актуалданады, бұл тапсырманы шешуде қиыншылықтар туғызады,
Мысалы, Л.Секей өз эксперименттерінде латентті қасиеттерінің орнына шырақтың жану кезінде өз салмағынан айырылу қасиеті болды. Тапсырманы шешу бұл жерде осы қасиетті табу болды. Бұған арнайы білім қажет еместігіне қарамастан, тапсырманы шешу зерттелушіге қиын болып отырғанымен жарық шығару – күшті қасиет болып келеді, қоғамдық практикаға сүйенсек, осылай болып келеді. Жану кезінде салмағын жою қасиеті латентті болып қалады.
Л.Секей мен Л.Анциферованың еңбектері объектілер қасиетіндегі тапсырманы шешу үшін қажетті актуалдау заңдылықтарын анықтау үшін арналған. О.К.Тихомиров пен оның мектебінің және А.В.Брушменский және тағы да басқа Отан психологтарының зерттеулерінде « дауыстап ойлау » психологиялық әдісі адам ойлауындағы жаңажинақ процесуалды талдауында кеңінен қолданды. Бұл және басқа да бағыттарда теориялық тұрғыда жобалаған бірлік талдауын ойлау процесінде сәйкес вербалды протоколдардың бөлшектеу әдісі қолданды.
Тапсырма мақсаты – « дауыстап ойлау » әдісін қолданудағы ойлау процесінің реконструкция мүмкіншіліктерін талдау.
Тапсырманы өңдеу
Тапсырманы орындау үшін студент 1 (тәжірибе) немесе 2(2 тәжірибе ) тапсырмасын таңдайды. Олар эксперименталды материалдарының мазмұнымен ерекшеленеді, бірақ, талдау тәсілі бір және тапсырма отчет формасы бірдей. Зерттелушінің өз бетінше таңдауы вербалды протоколды сол немесе тағы да басқа бірліктер талдау тәсілі болып келеді. Тапсырмадағы 2 тәсіл соңғы және аралық мақсатты бөліп көрсеткенді О.К.Тихомиров ( 1984 ж) өз мектебінде қолданды. Бірақ студент вербалды протоколдардың формасын талдаудың басқасын да таңдау мүмкін. Кеі тапсырмада да отчет формасы белгіленбеген, себебі зерттелушінің өзінен берілгендердің интерпретациялық кестесі байланысты. Басқасында отчет формасы тапсырма практикасында сол алдыңғы тақырып бойынша болады.
1 - тәжірибе. Зерттелушілер тобы екі кішкене топқа бөлінеді. Оның біреуіне тапсырманы шешу реалды заттармен шешуге, ал екіншісінде суреттеуге бөлек - бөлек заттар беріледі. Тәжірибе әр қайсысымен дара жасалады, яғни тәжірибеде зерттелуші және экспериментатор қатысады.
Әдіс
«Дауыстап ойлау » процесі экспериментатор арқылы жазылып тұруы қажет; бұл берілгендер протокол тәжірибесімен фиксацияланады. Эксперименталды материал зерттелушіге «аз творчестволық тапсырма » ұсынылады. Үлгі есебінде мыналар болады: мысалы, таразыны теңестіру қажет, бірақ осылайша теңсіздікке ұшырайтындай қылып. Теңестіру үшін әртүрлі заттар: қаламдар, ластик, мақта, тұз, шырпы, құм, пластилин және міндетті түрде шырақ(свеча) қажет. Тапсырманы шешу мынадан тұрады, мұнда жанып тұрған шыраұмен заттарды теңестіреді, ол жана жана өз салмағын жояды, оданкеліп заттар теңсіздігі болады.Зерттелушіге алдын ала дайындалған оған белгісіз тапсырма, аналогиялық тұрғыда суреттелген беріледі. Оны шешуде зерттелуші «дауыстап ойлау» қажет. Егер тәжірибе барысында ол үндемей қалған жағдайда, экспериментатор: «Тапсырманы ары қарата қалай шешуге болады.» деп сауал қояды, немесе бұл процесте дауыстап ойлау қажет екенін қайталап тұруы керек. Зерттелушіге арналған тәжірибе: тапсырма шартын айтады, одан соң зерттелуші тапсырманы «дауыстап ойлап» оны шешуге кірісуі тиіс.
2- тәжірибе. Эксперименталды материал. Зерттелушілерге «Үш квадрат» немесе «бес үшбұрыш» тапсырмаларының біреуі беріледі. Екі тапсырма да суреттер арқылы болады, зерттелуші өз ойын айтып тұруы қажет.
«Үш квадрат» тапсырмасының инструкциясы: 6 таяқша алып үш квадрат жасау керек. Бұл тапсырма екі фазалық мінездемеге ие – оны шешу үшін аралық мақсатқа жету керек.
№1 Тапсырмаға шырпы орналасуы
№ Тапсырмаға шырпылар орналасуы
Зерттелушіге «бес үшбұрыш» тапсырмасының инструкциясы:4 таяқшаны алып тастап, тең бүйірлі үшбұрыштар алуы керек.
