Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

2 Диаграмма.

Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған. ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕМЕС ЕСЕП БОЙЫНША Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.

3 Диаграмма.

«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог. Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек. Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған. Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан. Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен

4 Диаграмма.

түсіндіреді. Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.

Қорытынды

Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Қоғам арасында жаппай теңдік құру үрдісі мүмкін емес. Біз оны тарихи мағлұматтарға қарасақ айқын белгілерін көреміз. Мысалы алатын болсақ осы өткен ғасырда КСРО жаппай тепе теңдік саясатын жүргізгені барлығымызға белгі ақпарат. Бұл саясат ешқандай жетістікке жете алмады. Сол себепті қазіргі заманда қоғам құрылысында таптық құрылым пайда болды.

Қазақстан Республикасы өзіміздің тәуелсіздігімізді алғанымыздан бері біз таптық система бойынша келеміз. 2003 жылы біздің президентімізден қоғам тұрмысы жағдайы туралы сұрағанда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанда «10-15пайыздай жоғарғы тапқа 10-15 пайыз төменгі тапқа 70пайздайы орта тапқа жатады» деген. Орта тап кез келген қоғамдық саясатта болуы тиіс деп ойлаимын. Өйткені жұмыс орындап қара жұмысты істейтін осы орта тап.

Қазіргі кезде біздің қазақстанда орта тапты нақты анықтау тәсілі жоқ. Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет. Қазіргі кезде осы критерилер бойынша орта тапты анықтайды. Негізінде біз бұл өлшемді емес басқа мемлекеттің өлшемімен салыстыратын болсақ біздің Қазақстанда 78 пайыз төменгі тапқа түседі екен. Менің ойымша Қазақстан қазіргі кезде басқа дамыған елдермен салыстыруға келмеседе біз енді дамып келе жатқан елміз біз басқа дамыған мемлекеттерге еліктеп өз керектігімізді алып дамып, жалпы қоғам жағдайы көтеріледі деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы - Алматы, 2008. 280 б

Әженов М.С. Білім әлеуметтануы. - Алматы, 2007.

Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

Тәжин М.М. Әлеуметтану. Алматы. 2004ж.

Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

http://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_middle_class/1841885.html

http://testent.ru/load/studentu/sociologija/leumettik_stratifikacijan_teorijasy_zh_ne_ony_m_ni/50-1-0-1085

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]