Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе Айдос..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

1.1 Ақмола облысы жағдайында өсіруге рұқсат етілген картоп сорттары және өнімділігі

Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай сорттары асханалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарына бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін(70-80 тәулік, асханалық жазда пайдалану үшін), ортадан ерте (80-90 тәулік,жазда күзде пайдалануға), орташа мерзімде (90-100 тәулік негізінен асханалық), ортадан, кеш (100-120 тәулік, әмбебеп) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық, негзінен техникалық мақсатқа пайдалануға) картоп сорттары ажыратылады.

Топтардың арасындағы айырмашылықты белгілеу қиын. Сорт неғұрлым кеш пісетін болса, соғұрлым оның потенциялды мүмкіндігі көп. Аязсыз кезеңнің шектеулілігінен кей аудандарда ортадан кеш және кеш пісетін сорттар өсірілмейді.

Приекульский ранний. Ерте пісетін сорт. Сортаралық шағылыстыру тәсілімен генетикалық тәжірибе стансасында шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Мол өнімді, ауруларға әлсіз төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар-домалақтау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ. Крахмалдығы ортадан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық. 1962 жылда барлық облыстарында өсіруге рұқсат етілген

Просвит, ерте пісетін сорт. 1995 жылдан Ақмола, Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген .

Фреско, ерте пісетін сорт. 1996 жылдан Ақмола, Қостанай облыстарында пайдалануға

рұқсат етілген.

Ярла, ерте пісетін сорт. 1996 Ақмола, Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат

етілген.

Невский, ортадан ерте пісетін сорт. Солтүстік-батыс АШҒЗИ сортаралық шағылыстыру арқылы шығарған. Жоғары өнімді пәрменді типтегі сорт. Саңырауқұлақ, бактериялық ауруларға төзімді. Түйне ұсақ көзшелері бар домалақтау – сопақ пішінді, крахмалдығы орташа. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. 1987 жылдан Қазақстанның барлық облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Шортандинский, ортадан ерте пісетін сорт. Қазақ АШҒЗИ мен Қазақтың картоп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында клондық сұрыптау әдісімен шығарылған. өнімі ортадан жоғары, аурулармен әлсіз залалданады, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті. Түйнектердің крахмалдың орташа дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. 1977 жылдан Ақмола, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Эскорт,ортадан ерте пісетін сорт. 1996 жылдан Ақмола, Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Дуняша, ортадан кештеу пісетін сорт 2009 жылдан Ақмола облысында пайдалануға рұқсат

етілген.[5]

Кокчетавский ранний, 1993 жылдан Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген. Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында шығарылған.

Латона, 2003 жылдан бастап Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген. HZPC» фирмасы, Голландия.

Родрига 2012 жылдан бастап Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген, Унипланта Заатцухт КГ (Германия).

Романо, 1997 жылдан бастап Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген, «Агрико» фирмасы, Нидерланды.

София, Сорая ,2012 жылдан бастап Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген, Нордринг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия) [6].