Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тренингтер сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

Көңіл- күйдің түрлі түстер арқылы көрінуі.

Көңіл күйдің түрлі түстер арқылы өзіндік эмоциональды тұрақтылығы балаларда мимика және пантомимика арқылы көрінеді.

Көңіл-күйдің түрлі түстер арқылы көрінуін, әр жағдайдаларда ескеру керек.

  • Релаксация мәтіні жәй дауыспен , эмоция қатысуымен өткізіледі.

  • Мәтінді оқу барысында жәй әуен ойналады және баланың позитивті қабылдауын қадағалау қажет.

  • Өткізу барысында жылы сөздер айтылады және тыныс жаттығулары жүргізіледі.

  • Жаттығу орындалған соң балалармен әңгіме жүргізіліп педагог әр баланың көңіл-күй бейнесін айқындайды.

  • Балалардың салған суреттері арқылы педагог ата-аналарға балалары туралы ақпарат беріп отырады.

Көңіл күйдің түстер арқылы көрінуі мектепке дейінгі баланың позитивті қабылдауын, мәтіндерді түсінуін анықтайды.

Релаксация мәтіндері

- Балалар біз қазір сендермен саяхатқа шығамыз.Мен сендерге сиқырлы сөз айтқаннан кейін, барлығымыз көзімізді жұмамыз.

« Эне, Бене,раба» 1,2,3. Енді біз сиқырлы бақшаға келдік деп елестетіңіздер. Бұл бақшада әсем көбелектер өмір сүреді. Олар гүлден ұшып , гүлдерге қонып, тәтті шырынмен қоректенеді. Қараңдар, олар қандай әдемі! Еркін ұшады. Барлығына зейін қойып қараңдар. Сіздің көңіл күйіңізге сәйкес келетін түсті көбелекті табыңдар және де сол түсті есте сақтап қалыңдар. Балалар енді біз кейін ораламыз.

1,2,3 Барлығы көздерін ашады. Терең тыныс алу және шығару. Ойларымен бөлісу. Сиқырлы сөздер әрқашан айтылады, санақ және тыныс алуға гимнастика жасалады.

*****************

«Түрлі-түсті гүл шоғы»

Мақсаты: Семинарға қатысушылардың

эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.

Енді біз, орман алаңымен келеміз деп елестетіңдер.Күн ашық, құстар сайрап жүр, самал жел соғып тұр. Өсімдіктердің хош иісін байқаңдар?!

Біз далалықтамыз, мұнда түрлі-түсті гүлдер бар, ақ, қызыл, көк, сары т.б.

Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін , көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу керек.

*****************

Балалар біз орманда келеміз. Біздің жанымызда үлкен, шыршалар бар. Олар өте әдемі, жасыл түсті. Ал, мынау ертегідегі шырша, онда жаңғақ бар. Қайсысы сізге ұнайды?

Мұндағы орман ауасы бізге сергектік береді. Біздің көңіл – күйіміз жақсы. Енді кейін ораламыз. Сиқырлы сөздер айтылып, 1,2,3 санақ жүргізіліп, тыныс алу жаттығулары жасалады.

*****************

Балалар, біз күзгі саябаққа барамыз. Мұнда ағаштың түстері өзгерген. Олар сары, қызғылт, сұрғыш, қызыл түстерге өзгерген. Барлығымыз осы алаңмен жүріп, әдемі ағаштарды тамашалайық..

Саябақ қазір әдемі. Енді қыс түседі, саябақ ақ түске айналады. Енді біздер күзгі саябақпен қоштасып оған « рахмет және сау бол!» деп айтайық..

*****************

Балалар кішкентай бидай дәні болайықшы. Сіздер жылы жерде өсіп, жаңбыр жауғанын күтесіздер. Жылы жауын себеледі, сіздер жоғарылай бересіздер. Күн нұрына тартыласыздар. Сіз ең әдемі өсімдік болып шығасыз. Осы сәттегі көңіл күйіңізді есте сақтаңыздар. Сіз өзіңізді жақсы және еркін сезінесіз. Сіз өз күшіңізге сенесіз.

*****************

Жайдарлы күн , сіз теңіз жағасында келесіз. Теңізден самал жел соғып тұр. Сіз демалыс орнындасыз. Құмға табаныңызды басыңыз, ол ыстық ,қандай жұмсақ және жылы сезіледі. Суға қолыңызды салыңыздаршы. Су тастарын тамашалаңыз. Оның ішінен біреуін таңдап алыңыз. Ол сіздің бүгінгі күнгі тұмарыңыз болсын. Енді бақшаға оралайық..

*****************

Сіздер егістікте тұрасыздар. Күн өте жылы және жайдарлы.

Күн сәулесі үлкен қайыңға түсуде. Оны айналып көбелектер ұшып жүр.

Сіздер көбелек секілді ұшып жүрсіз деп елестетіңдер. Сізге көңілді және қызықты. Осы сәттегі көңілді күйіңізді есте сақтаңыз.

*****************

Ал , бүгін біздер сиқырлы жолдарға көңіл күй саяхатын жасаймыз. Өзіңізбен сүйікті ойыншықтарыңызды, достарыңызды алып баруға болады. Жол түзу және жақсы. Онымен жүру жеңіл. Біз осы жолмен орманға келдік, айналамызда шыршалар өсіп тұр. Жол бірнешеге бөлініп келеді. Өзіңізге жол таңдаңыз. Сіз не көріп тұрсыз?

Есте сақтаңыз,осы туралы кейін айтасыз. Енді бізге оралу керек.

*****************

Біз сіздермен сиқырлы бақшаға барамыз. Мұнда күн сәулесі, хош иісті әр түрлі гүлдер әлемі. Гүлдің ең әдемісін абайлап таңдап алыңдар. Ол қандай түс екенін есте сақтаңдар. Кейін оралайық.

*****************

Енді өздеріңді кішкентай құс түрінде елестетіңдер. Көк аспанда, биікте самғап келесіз. Сіз еркіндікті және жеңілдікті сезінесіз. Сіз өзіңізге сенімдісіз. Осы көңіліңізді есте сақтаңыз. Енді жерге ораламыз.

*****************

Шұғылалы күн шапағаты қызу үстінде. Ол сәулесімен қыздыруда. Құстар сайрап, көбелектер ұшып жүр. Біз далалықта келеміз. Онда әдемі гүлдер, өсімдіктер бар. Жылы жаңбыр себелеп тұр. Жауын астында ойнаған қандай керемет! Жаңбыр тоқтап , түрлі-түсті кемпірқосақ құрды. Кемпірқосақта бір түс жетпейді. Ол түсті өздерің тауып бояңдар. Ол сіздің көңіл күйіңізге сәйкес келеді. Ал енді көк аспан , жасыл дала, кемпірқосақпен қоштасыңдар.Бізге оралу керек.