Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД хромтау практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

3. Кенді көлік

Жаңа заманғы тау-кенді кәсіпорындар өндірісті процестердің, сонымен қатар көліктердің де, механизациясы мен автоматизациясының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Олар пайдалы қазбаларды өндіруде технологиялық процестердің біртұтас тізбегінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осымен тау-кен өндірісінде көліктің маңызды рөлі айқындалады.

Қазіргі уақытта жерасты кен ошағында басқару және бақылаудың заманауи қондырғысы бар көптеген әртүрлі типтегі транмпортты машиналар қолданылады.

4. Көтерме қондырғылар

Кенді дене үш ұңғылармен ашылған – толық тереңдікке жылдам өткен Көтерме және Скипті, -135м деңгейжиекке дейін өткен Желдетпе ұңғылар.

Скипті ұңғы кен, жынысты беру үшін арналған. Ол жабыдқталған:

  • 2Ц - 6 х 2,8 У көтерме машинасы бар кенді скипті көтерме. Көтерме жүйесі – скип-скип. Скиптердің жүк көтермесі – 20т, көтерме жылдамдығы 10м/сек;

  • 2Ц-5-2,4 көтерме машинасымен жабдықталған жынысты скипті көтерме. Көтерме жүйесі – скип, скиптердің жүк көтермесі – 7,5 т.

Көтерме ұңғы көтерме-ауырлық (көтерме КН- 5,2 - 1) жүйесі бойынша жұмыс істейтін 2Ц - 6х2,8 типтегі екі көтерме машинамен жабдықталған .

5. Су төгетін қондырғылар

5.1 Шахталы су төгу. Гидрогеологиялық мәліметтерге сәйкес тау-кенді қазбаларға барлық шахталы алқаптан болжалды су келім -350м/мағ құрайды. -215 м деңгейжиекте орналасқан тұрақты су төгетін кешен су келімі -55м және -135м деңгейжиектен есептелген. -215 м деңгейжиектегі сорғы камерасы тереңдетілген типте қарастырылады. Қондырғыға АЗП-800 электроқозғалтқышы бар, қуаттылығы N = 700 кВт, қысымы 700 мм су.бағ. және өнімділігі 300 м3/сағ болатын ЦНС-300/700 типтегі бес сорғылар қабылданады.

-310,5 м белгідегі көтерме ұңғысының зумпфты су төгу қондырғысы ЦНС- 38/132 екі сорғымен жабдықталған. Желдетпе ұңғысының зумпфты су төгу қондырғысы АО-2-51-4 электроқозғалтқышы бар, қысымы 17,9 мм су.бағ. және өнімділігі Q = 44,6 м3/сағ болатын ЗПВР-6 типтегі сорғылармен жабдықталған. -215 м деңгейжиектегі су жинағыштар 1400 м3 көлемді 4 сағатты су келімге есептелген. -55 м және -135м деңгейжиектердегі қазбалар кен ауласы жағына қарай ұңғыланады. Бұл деңгейжиектердегі барлық су ұңғыма бойынша -215 м деңгейжиекке түсіріледі. Сорғы камерасын ұңғылау кезінде 100 м3/сағ өнімділікке уақытша су төгу қарастырылады. Көтерме ұңғысының зумпфынан суды тартып шығару -215 м деңгейжиектегі су жинағышқа зумпфты су төгумен қарастырылады.

6. Желдетпе қондырғылар

6.1 Тау-кен қазбаларының және тазарту блоктарының желдетпелері. Блок аймағында кенді ысырмалы тасымалдау немесе қазба блоктарын дірілді шығарумен желдету арқылы қабатты құлау және өздігінен құлау жүйесін қолдану жалпы шахталы тоқырау арқылы желдетпе өрлеуші, тосымалдаушы және желдетпе қазбалармен жүргізіледі.

Шахта блоктарын өңдеу бойынша дайындық қазбалар және тазарту жқмыстарын желдету үшін таза ауа мөлшері 130-150 м3/сек. құрайды.

6.2 Негізгі желдетпе қондырғылар. «Молодежная» шахтасының желдетпесі сору сызбасы бойынша жүргізіледі. Таза ауа көтерме ұңғысы кезінде калорефир қондырғысы арқылы шахтаға келеді. Өңделген ауа желдетпе ұңғы бойынша сору типіндегі желдетпе қондырғымен шығарылады. Ол СДВ-15-64-10 типті электроқозғалтқышы бар ВОД-30 с типтегі екі желдетпемен жабдықталған (№ = 1600 кВт, п = 600 об/мин, И= 6000 В), ( бір желдетпе жұмыста, біреуі қорда).