Құқықты қолдану кезеңдерінің түсінігі, белгілері
Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық қатынастардың субъектілері өз әрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей іске асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай нысандар түрінде көптеген (бірақ барлығы емес) құқық нормалары жүзеге асырылып жатады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану және оларды дәл атқаруларды толық жүзеге асырылуына жағдайлардың жеткілікті болмайтын дәттері кездеседі. Ондайда бұл іске мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері бар құзырлы органдардың араласу қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер кабылдау, жұмысқа алу, зейнетақы тағайындау, әскери қызметте міндеттерді атқару жөне тағы тағылар.
Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жәйт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады: 1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады). Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу; б) құқықты бұзылудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару және құқық қорғауға жататын түрлері болады.
Құқықты қолданудың белгілері (нышандары):
Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі. Мұның өзі болмыстық ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Құқық құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-құқық құқық-субъектілігі. Құқық құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: құқық құқық қабілеттіліктен және құқық әрекет қабілеттіліктен.
Құқық құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни құқық — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан құқық құқықтың субъектілері мен құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Құқық құқықтың субъектілері құқық құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни құқық әрекет қабілеттілікті иеленген кезде құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің құқық құқық қабілеттілігін нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік құқық құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады). Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың құқық құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның құқық құқықтың субъектісі ретіндегі құқық — және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді.
Мына жағдайға ерекше көңіл аудару қажет, атқарушы органдар (лауазымды адамдар) үшін құқықтық қатынастарға қатысу шындығында олардың тікелей заңдық міндеті болып табылады, өйткені ол олардың құзыретін, сонымен бірге демек, құқық қабілеттілігін де нақты жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары жөнінде де осыған ұқсас шешіледі. Бірақ құқық әрекет қабілеттілікті мұндай жағдайларда кәсіпорынның немесе мекеменің өзі емес, олардың әкімшілігі, яғни атқарушы органы жүзеге асырады. Осы сияқты ҚР-ының, өзін де, оның жергілікті құқық-аумақтарын да құқық құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Бірақ олар нақты құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Құқық әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісті болады. Бұл, сонымен бірге, құқықтық қатынастардың субъектісі, мысалы, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылатынын білдіреді. Бұл қоғамдық бірлестіктерге де дәл осылай қатысты болады (партияның өзі емес, оның жарғылық басқару органдары).
Азаматтық-құқықтық реттеуге сипатты болатын міндеттер мен құқықтар қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес заңды тұлға ретінде кәсіпорынға беріледі. Соған сәйкес, кәсіпорынның әкімшілігі азаматтық құқық қабілеттіліктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ тап сол құқық кәсіпорынның азаматтық-құқықтық әрекет кабілеттілігін жүзеге асырады. Құқық және азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігінің мұндай айырықша арақатынасы ең алдымен мынаған байланысты, кәсіпорын мемлекеттік орган, тіпті — атқарушы биліктің субъектісі болып табылмайды. Сондықтан да оған, яғни кәсіпорынға, әкмішілік-құқықтық мәртебенің негізін құрайтын, басқарушылық құзырет берілмеген. Осыған байланысты ол, құқық құқықтың субъектісі болғанмен, құқықтық қатынастардың тікелей қатысушысы да бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік емес сипаты бар әр түрлі коммерциялық құрылымдарды дәл осылай сипаттауға болады. Жалғыз айырмашылық белгісі — құқық құқық — және әрекет қабілеттілігі оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап пайда болады. Бұл жағдай құқық құқықтың және құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін айқындау үшін де маңызды. Кейде құқық құқық — және әрекет қабілеттілік тура келмейді, бұл құқық құқықтың субъектілері және құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде азаматтардың құқықтық мәртебесіне тән жағдай: құқық-қабілеттілік туған кезден, ал әрекет қабілеттілік, әдетте, 16 жастан бастап пайда болады.
Қазақстанның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке-дара субъектілер болып табылады. Олардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді де жатқызуға болады. Ұжымдық субъектілерге әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады. Біріншілердің қатарында атқарушы билік органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер және олардың бірлестіктері (мысалы, корпорациялар, концерндер, т.с.с), дербес құзырет берілген атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелері (мысалы, министрліктердің комитеттері) болады.
Құқық құқықтың мемлекеттік емес субъектілері қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар, қоғамдық қозғалыстар, т.с.с); жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің атқарушы органдары; коммерциялық құрылымдар, олардың ішінде жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады. Құқық құқықтың ұжымдық субъектілерінің құқық құқық қабілеттіліктері болады, бірақ олар нақты құқықтық қатынастарға қатыспайды. Олардың атынан құқық құқық — және әрекет қабілеттілікті олардың басшылары немесе өзге уәкілеттік берілген адамдары жүзеге асырады.
