- •Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы дәрістер кешені
- •Шымкент 2016
- •1.1. Машиналар механикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •1.2. Негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
- •1.3. Машиналарды топтау
- •2.2. Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы.
- •2 .Жазық жұдырықшалы - рычакты механизм.
1.2. Негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
Машина деп адамдардың ой және қол еңбектерін жеңілдету мақсатында, тіпті, адамдардың өздерін де алмастыру мақсатында ақпараттарды, материалдарды және энергияны түрлендіру үшін механикалық қозғалыс жасайтын жабдықтарды, құрылымдарды айтады. Жалпы машиналар екіге бөлінеді: кәдімгі механикалық және машина-автомат. Ақпараттарды, материалдарды және энергияны түрлендіру процессі адамдардың еш қатынасысыз жүргізілетін болса, ондай машиналар машина-автомат деп аталады.
Кез келген машиналарды детальдар мен машина бөлшектерінен құрастырылған механизмдер мен топтарға ажыратуға болады және осылай қарастырылған зерттеуге өте ыңғайлы. Ал стандарт бойынша еш құрастырусыз бір ғана материалдан дайындалған бұйымды деталь деп атаса, өндіріс орнында тікелей қолдануға құрастыру арқылы дайындалған бұйымды құрастырылған бірлік немесе машина бөлшегі деп атайды. Сондай-ақ бірнеше материалдарды біріктіріп, қосып дайындалған бұйымдарды да машина бөлшегі деп түсінеміз.
Белгілі бір функцияны орындауға арналған бірнеше детальдардан құрастырылып біткен құрастыру бірлігі торап деп қарастырылады. Машина осындай бірнеше топтардан тұруы мүмкін. Бастапқы звеноның қозғалысын келесі звенолардың талапқа сай қозғалысына түрлендіруге арналған, геометриялық немесе динамикалық байланыстар арқылы қосылған қатты денелер жүйесін механизм деп атайды.
Сондай-ақ осы айтылғандармен қатар, детальдар, машина бөлшектері, механизмдер де типтік және арнайы болып екіге бөлінеді. Барлық машиналарда және жиі қолданылатындары типтік деп аталса, сирек және жекелеген машиналарда кездесетіні арнайыға жатқызылады. Мысалы, тісті дөңгелек, подшипник, тісті механизм, жұдырықшалы механизм – типтік болса, трубина, иінді білік, гидравликалық және электромагнитті механизмдер – арнайысына жатады. Машина механикасы пәнінде типтік механизмдер, детальдар, машина бөлшектері ғана қарастырылса, арнайы механизмдер мен бөлшектер арнайы инженерлік курстарда оқытылады.
1.3. Машиналарды топтау
Машиналар орыдайтын функцияларына байланысты энергетикалық, жұмысшы, ақпараттық, кибернетикалық болып бөлінеді. Энергетикалық машиналар энергияны өндіру немесе оларды түрлендіруге арналған болса, ақпараттық машиналар ақпараттарды өңдеп жеткізуге арналған. Адамзат двигательдерді, генераторларды, трансформатор, бу машиналарын және т.б. машиналарды пайдаланып, энергияны өндіріп, түрлендірсе ақпаратты өңдеп жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін қолданады. Олар баспахана машиналары, ЭЕМ, радиотелефон, компьютер және компьютерлік техникалар. Материалдарды өңдеуге және тасымалдауға арналғандары жұмысшы машиналар деп аталады да, халық шаруашылығының барлық саласында осы мақсатта қолданылатын машиналар, жабдықтар, механизмдер және станоктар жатады. Тірі табиғат пен адамдарға тән механикалық, физиологиялық және биологиялық процестерді имитация жасауға, немесе алмастыруға арналған машиналарды кибернетикалық машиналар дейді. Олар жасанды органдар, роботтар, манипуляторлар.
Машиналар атқаратын жұмысы бойынша технологиялық тасымалдаушы, ауылшаруашылығы машиналары т.б. болып бөлініп жатады. Жалпы, қазіргі машиналар бірнеше функциялық бөліктерден тұратын өте күрделі жүйе. Ол жүйенің принциптік схемасын былай суреттеуге болады.
Басқару
жүйесі
Энергия көзі
Механикалық жүйе
Жұмысшы орган
Қолданылған әдебиеттер:
негізгі:
Б.Я. Орловский, В.К. Абрамов, П.П. Сербинович «Архитектурное проектирование промышленных зданий», М., Высшая школа, 1982г.
СНиП II-89-80* «Генеральные планы промышленных предприятий», Астана, 1992г.
СНиП РК 2.02-05-2009* «Пожарная безопасность зданий и сооружений», Астана, 2009г.
СНиП РК 3.01-01-2008* «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских населенных пунктов», Астана, 2009г.
СНиП РК 3.02-09-2010 «Производственные здания», Астана, 2011г.
қосымша:
С.В. Дятлов «Архитектура промышленных зданий», М.,АВС, 2005г.
М.Н. Болотова, Д.К. Лейнина, В.А. Рыгалов «Благоустройство промышленных предприятий», М., Стройиздат, 1980г.
Бақылау сұрақтары:
Машина дегеніміз не?
Машина механикасы пәнінде не карастырылады?
Машиналар механикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері неде?
ДӘРІС 2
Тақырыбы: Механизмдердің құрылымдық анализі.
Мақсаты: Қолданыстағы барлық механизмдердің әртүрлі құрылымдық қасиеттерін оқып-игеру.
Дәріс тезистері
1. Механизм звеносы және олардың шартты белгілері.
2. Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы.
Қолданыстағы барлық механизмдердің әртүрлі құрылымдық қасиеттерін оқып-игере отырып, машиналар мен механизмдердің құрылысына толық талдау жасайтын машиналар механикасының бөлімі – құрылымдық анализ деп аталады.
2.1. Механизм звеносы және олардың шартты белгілері.
Тораптар мен механизмдердің құрамына енетін бір немесе бірнеше өзара қатаң қосылған детальдарды звено деп атайды. Негізінен бір-ақ детальдан тұрғанымен, бірнеше детальдардан құралған звенолар да бар. Мысалы, шатун өзара қозғалмайтын бірнеше детальдардан құралады. Осыған байланысты звенолар қарапайым және күрделі делінеді. Сонымен, звено-механизм құрамына енетін қатты дене екен. Сол звенолар қозғалмайтын және қозғалмалы болып бөлінеді. Қозғалмайтын звено немесе қозғалмайды деп есептелетін звено тіреуіш, не тірек деп аталса, қозғалмалы звенолар жетекші (бастапқы), аралық, жалғастырғыш, жетектегі (соңғысы) болып аталып жатады. Станоктарда станинамен қозғалмайтын етіп қосылғандардың барлығы тіреуіш деп аталса, көліктерде рамаға бекітілгендер жиынтығын тірек деп атайды. Жетекші звено деп механизмдегі басқа звенолардың қозғалысын талапқа сай етіп келтіру үшін қозғалыс берілетін звеноны айтады. Ал механизмнің атқаратын функциясына сай қозғалыс қабылдайтын звеноны жетектегі деп айтады. Қалған звенолар жалғастырғыш, не аралық деп бөлінеді.
Денелер араларында біреуінің немесе бірнешеуінің талапқа сай қозғалысын алуға арналған өзара тікелей жанасу арқылы байланысқан қозғалмалы қатты денелер жүйесі механизм деп аталады. Машиналардың құрамына енетін механизмдер әр түрлі. Біреулері біртұтас қатты дене болып келсе, келесісі бірнеше қатты денелерден тұрады. Сондай-ақ механизмдер құрамына гидравликалық, пневматикалық, не электрлік, магниттік және т.б. тетіктер енуі мүмкін. Осыған байланысты механизмдер гидравликалық, пневматикалық немесе электрлік деп аталып жатады. Барлық механизмдер жазық және кеңістік болып екіге бөлінеді. Механизмдердің барлық звенолары бір жазықтықта немесе параллель жазықтықтарда қозғалатын болса, жазық механизм деп аталады, ал егер звенолары әр түрлі жазықтықта қозғалатын болса, кеңістік механизміне жатады.
Механизмдерді суреттеу барысында схемалық кескіндеу ыңғайлы. Схемалық кескіндеу үшін звенолар мен кинематикалық жұптардың шартты белгілері мен кескіндері қолданылады және шартты кескіндеу барысында бұйымның сызбалық элементтері мен конструкторлық формасы ескерілмейді. Техника саласында өте жиі кездесетін звенолардың ерекшеліктерімен қоса шартты кескіндері 1-кестеде көрсетілген.
