Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Апауіп жне Апорау Лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

3. Программалық қамтамасыз етудің өзіндік қорғаныс құралдары.

Өзіндік программалар қауіпсіздігі – программалық қамтамассыз етуге тән қорғаныс элементтерін айқындау немесе сатылымын бақылау және тұтынушының заңсыз әрекетіне жол бермеу деген терминді айтамыз. Өзіндік программалау қауіпсіздігі 1-суреттегі схемада айқын көрсетілген.

1-сурет. Өзіндік қорғаныс

  • Құжаттама- әртүрлі программалармен қаматамасыз етуді сүйемеледейтін авторлық құқықтаң программасы және ол қорғаныс қызметін атқарады.

  • Машианалық код та қорғаныс құралы бола алады. Оны былай түсінуге болады, әдетте барлық бағдарламалар машиналық кодта тираждалады, мысалға: ехе – файлында. Мұндай бағдарламаның бөлек орындарын оқу немесе қолдану мүмкін емес.

  • Программаны сүйемелдеу- құрастырушының өзімен қолданылады және қорғаныс қызметінде болып табылады.

  • Шектеулі қолданыс- программамен қамтамасыз етудің белгілі топ тұтынушылардың қолдану барысында ғана қорғаныс түрі бола алады.

  • Тапсырыс проекциясы- арнайы мақсаттардың программалық қамтамасыз етуде қолданылады және мұндай қолдану өте сирек кездеседі.

  • Авторлық құқық та программалық қаматамассыз етудің қорғаныс қызметі болып табылады. Заңды түрде программалық модельдерде ажыратқыш белгілерді қою ұсынылады. Мұндай ажыратқыш белгілер заңды немесе заңсыз бағдарламаларды ажыратуға қолайлы және құрастырушы өз авторлық құқықтарын дәлелдей алады.

4. Есептеу жүйесі құрамындағы қорғаныс құралдары.

Қарастырылып жатқан программалармен қамтамасыз етуде қорғау құралдары төмендегідей бөлінеді:

  1. магниттік дискілердің қорғанысы;

  2. есептеу жүйе құралдарының механизімінің қорғанысы;

  3. қорғаныс құлыптары;

  4. штаттық құралдардың функционалдық өзгеруі.

Осы аталған пунктерге қысқаша тоқталып өтейік:

1) Магниттік дискілердің қорғанысы. Мұндай қорғаныс әртүрлі жолмен іске асырылуы мүмкін. Операциондық жүйенің көшіруден қорғайтын арнайы жолдардың негізі техникасы болып дискінің дұрыс форматталуы есептеледі. Бірақ та, көшірмесін қолданған кезде бұл әдіс тиімділігін жоғалтады. Осындай жағдайда дисктің форматталған немесе форматталмаған түріне қарамастан көшірме жасауға болады. Мұндай әрекеттерден бірнеше қорғаныс жолдары бар:

а) әр уақытта әрқилы оқылатын биттер қорғанысы енгізіледі;

ә) бастапқы көшірмені төмен жылдамдықпен жазу, жазбаның тығыздығын үлкейтеді.

2) Есептеу жүйе құралдарының механизмінің қорғанысы. Мұндай қорғаныс түріне аппаратуралық арнайы сиппатамалар қолданылады: өте сирек магнитті дискілерді қолдану. Өте сирек магниттік дискілердің қолдануының негізгі принципі болып дисктің үстіңгі қабатын, яғни жамылғысы бар дискті атайды. Магниттік жабылғыдан көшірме жасау мүмкін емес.

3) Қорғаныс құлыптары - негізгі идеясы бірнеше факторлардан тұрады: мезгілі, ЕСМ-ның сериялық номерінің қосылуы. Әрбір әдіске қысқаша тоқталып кетейік:

а) Уақыт факторы. Бұл жерде ең маңызды рольді компьютердің сағаты атқарады. Программамен қамтамасыз ету бағдарламасына уақыт аралығы, белгілі программалық модельде программаланған. Егер бұл бағдарламаға басқа уақытта кірсе, бұл жүйе тұйықталып қалады.

ә) Сериялық номерін тексеру. Құлып қорғанысын ЭЕМ-ға арналған сериялық номері бойынша қорғаныс жасауға болады. Программаны қамтамасыздандыруда белгілі бағдарлама бойынша жұмыс істейтін сериялық номері бар жұмыс уақытында ЭЕМ мен программалық қамтамассыз етудің сериялық номері келіспесе, мұндай бағдарлама ашылмайды.

4) Штаттық құралдардың функционалдық өзгеруі. Бұл қорғаныс әдістері әртүрлі қорғаныс құлыптарының алмасуы бағдарламалық листингті қарауға немесе көшірме жасауға жол бермейді.

Кейде қорғалған бағдарламаларды сақтайды, ол ақпаратты тек оқуға болады, ал түзетулер мен көшірме жасауға мүмкіндік берілмейді.