Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перечень практ навыков 5 курс СОПР 16-17 КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай №6

Науқас 53 жастағы әйел адам ауыз қуысында ысып – күю және кұрғау сезіміне , көбіне таңғы уақытта тілдің таңдайға жабысу сезіміне және тілде ақ қақ пайда болуына шағымданды . Жағымсыз сезім бір апта бойы жалғасқан . Үш апта бұрын пневмониямен ауырған . Антибиотиктермен емдеу курсынан өткен . Жалпы аурулары : вегетативті -қан тамырларының дистониясы.

Соңғы 10 жылда дәріханада фармацевт болып жұмыс істейді. Стоматолог дәрігерге сирек қаралады.Ауыз қуысындағы барлық көпір тәрізді протездер 7 жыл бұрын жасалған .

Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық . Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын қарап тексергенде : қызарған және ісінген оң және сол жақ ұрттың шырышты қабатында нүктелі , оңай алынатын ақ түсті қақ көрінеді .Тілі ісінген , қатпарлы , борпылдақ , қырғанда оңай алынатын ақ- сұр тісті қақпен қапталған . Тілдің бүртіктері тегістелген.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №7

Науқас 65 жастағы ер адам екі езуінде күю сезіміне және қабыршақ пайда болуына шағымданып келді. Ауырғанына 2 апта болған . Бұрын да мұндай қабыршақтардың болғанын айтады .Жалпы аурулары : қант диабеті , вегетативті – қан тамырларының дистониясы.Қарап тексергенде : беттің үштен бір бөлігі төмендеген. Езу қатпарлары айқын. Езу айналасының екі жағыда қызарған . Жұмсақ қабықпен жабылған , айналасында жұқа сұр қабықшалы ылғалданған эрозиялар бар. Еріннің қызыл жиегі құрғаған . Ауыз қуысының кілегейлі қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Жоғарғы және төменгі күрек тістердің патологиялық қажалуы анықталды . Терең тістем. 18,17,15,26,27,28,38,36,48 тістері жоқ .

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №8

Науқас 70 жастағы әйел адам , ауыз қуысының құрғауына , таңдайдың және тілдің күюіне шағымданып келді . Ауырғанына бір ай болған . Ауру тарихы: 6 жыл бойы жоғарғы жаққа алмалы – салмалы протез таққан. Жалпы аурулары: гипертониялық ауру , созылмалы холецистит .Қарап тексергенде : екі езуінде терең қатпар бар, беттің үштен бірі төмендеген . Ауыз қуысында : ауыздың кілегейлі қабатында протез орны кызарған, құрғақ , ісінген. Сипап тексергенде ауырады , тілдің бүртіктері тегістелген . Алмалы –салмалы протез қанағатсыз .

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №9

Науқас 52 жастағы ер адам клиникаға күю , шаншу , ерін және тіл “ыстыққа күйіп қалған” сияқты сезіміне шағымданып келді . Кейде аузы құрғап кетеді. Барлық ауру сезімдері кешкі уақытта ұлғаяды , тамақ жегенде жойылады . жартылай тістерінің болмауынан тағамды шайнауы қиын . Науқас дәрігермен сөйлескенде қобалжулы , кірпияз , көңілі бір нәрсе алаңдаулы екені анықталды .Қарап тексергенде : жүзінде қорқыныш сезімі байқалады , беттің төменгі бөлігі аласарған. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғаймаған , сипап тексергенде ауырмайды , жұмсақ, қозғалмалы . Ауыздың кілегейлі қабаты және еріннің қызыл жиегінде патологиялық өзгеріс жоқ . Жалпы аурулары : асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.