- •Ақпарат блогы Тыныс алу қызметті бұзылған кездегі және жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстары.
- •I. Мейірбикелік диагноз: Ылғалды жөтел
- •I. Мейірбикелік диагноз: Қан түкіру
- •I. Мейірбикелік диагноз: Өкпеден қан кету.
- •I. Мейірбикелік диагноз: Кеуде торының ауырсынуы.
- •Оксигенотерапия
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Ситуациялық есеп№3
- •3 Тапсырма Ситуациялық тапсырманы шешу. Ситуациялық есеп №1
- •Ситуациялық есеп№2
I. Мейірбикелік диагноз: Ылғалды жөтел
ІІ.МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - емделуші аптаның соңында
какырық бөлінудің жеңілдегенін аңғарады. Ұзақ мерзімді -
емделуші ауруханадан шығу алдында жөтелдін сипаттамасы,
қақырықтың тұрып қалуының алдын-алу шаралары туралы білімін көрсетеді.
II. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) сілтіні көп мөлшерде қабылдауды қамтамасыз ету;
2) емделушіге позициялық дренажды қамтамасыз ету (күніне 2 рет 20 минуттан);
3) дәрігерің тағайындауы бойынша қарапайым физиопроцедуралармен қамтамасыз ету (дене температурасы 37°С-тан жоғары болғанда физиопроцедуралар жүргізуге тиым салынады);
4) емделушіге жөтелу тәртібін үйрету және жеке түкіргішпен қамтамасыз ету;
5) бөлмені желдету (күніне 20 минуттан 4 рет), бөлме температурасын 18-22°С- та ұстау, керек жағдайда оттегімен емдеуді өткізу;
6) дәрігердің тағайындауы бойынша бронхолитиктер, қақырык түсіретін дөрілерді кабылдауын қамтамасыз ету.
7) күнделікті қакырық6*ты көзбен шалып тексеру.
8) қан мен лимфа айналымын жақсарту мақсатында кеуде торына уқалау жасау;
9) өкпе вентиляциясын жақсарту мақсатында тыныс гимнастикасын
жасау;
I. Мейірбикелік диагноз: Қан түкіру
ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді: аптаның соңында қан түкіру азаяды. Ұзақ
мерзімді - қан түкіру ауруханадан шығар кезінде жоғалады.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) емделушіге жеңілдететін физикалық және психикалық тыныштықты
қамтамасыз ету;
2) дәрігерді шақырту;
3) дәрігер келгенше сөйлеуге, қимылдауға тыйым салу;
4) жылу процедураларын орындауды болдырмау (жағары температура
әсерінен өкпеден қан кету мүмкін);
5) емделушіні салқындатылған тамақпен тамақтандыруды және
салқындатылған сұйықтық қабылдауды қамтамасыз ету;
6) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ- АҚ, пульс) және бөлінген
қақырық сипатына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;
7) емделушіні жеке түкіргішпен қамтамасыз ету, оны заласыздандыру.
I. Мейірбикелік диагноз: Өкпеден қан кету.
II. МАҚСАТЫ: өкпеден қан кетуді азайту немесе тоқтату.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті
қажет етеді);
2) емделушіге жартылай отыратын қалып беру;
3) толық физикалық, психикалық, сөздік тыныштық қалыптастыру;
4) кеуде торына суық қолдану (мұзды мүйық, мұз түйіршіктерін жұтқызу);
5) көк тамырға үш жерден бұрау салу және оларды әр 15 минут сайын
кезекпен босату;
6) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)
тұрақты бақылау жүргізу.
I. Мейірбикелік диагноз: Кеуде торының ауырсынуы.
II. МАҚСАТЫ: ауырсынуды азайту немесе тоқтату.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) науқасқа ауырсынуды жеңілдететін қалып беру. Ауырсынуды азайту
мақсатында ауырған жағымен жату;
2) толық физикалық, психикалық тыныштық қалыптастыру (физикалық
белсенділік шектелгенде плевраның висцералді және париеталді
беттерінің үйкелісі төмендейді);
3) кеуде торына суық қолдану (мұзды мұйық, мұз түйіршіктерін жұтқызу);
4) науқасқа релаксация әрекеттерін үйрету ( бұлшық еттердің босаңсуы
ауырсыну деңгейін төмендетеді);
5) беткей тыныстың тиімділігін түсіндіру (беткей тыныс алу ауырсынуды
азайтады);
6) дәрігердің тағайындауы бойынша қарапайым физиотерапевтік
процедураларды (қыша қағазы, йод торы) орындауды қамтамасыз
ету;
7) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) тұрақты
бақылау жүргізу.
8) дәрігердің тағайындауы бойынша анальгетиктерді, жөтелге қарсы
дәрілерді беруді қамтамасыз ету;
Постуральды ( позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтың бөлінуін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары(бронхит, бронхоэктазды ауру , өкпе абсцессі және т.б).
Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз,
егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажетттілігі болмаса.
Іс – әрекет алгоритмі:
І. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
Емшараға науқастың келісімін алыңыз .
Бас жақ деңгейден 20-30см жоғары кереуеттің аяқ жағын көтеріңіз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеші рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.
Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз ( науқасқа дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
ІІ. Науқасты арқасымен жатқызу
Науқас тұлғасын денесінің айналысына 360 аударыңыз
Науқасты 45 аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруын сұраңыз.
Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.
10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.
ІІІ. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз – кереует астынан аяқ киімді іздеу позацы.
кереует деңгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.
төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда
қақырықтың көп бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
ІV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз – « намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.
-науқасты тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз.
-науқастан еңкейуді 6 - 8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды,
сосын 6 – 8 рет еңкейуді қайталайды ( 6 цикл барлығы )
Емшараны күніне 5 – 6 рет қайталаңыз.
-Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.
-Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, ( стандартты қара)
Емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасаңыз.
Ескерту: төсекте дене қалпын өзгертімен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз ( дәрігерге хабарлаңыз )
Позициялық дренаж ( бронхты қақырықтан тазарту )
Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.
Іс – әрекет алгоритмі:
Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз ( қақырық өз бетімен бөліну үшін ).
Емшараға пациенттің келісімін алыңыз.
Түкіргіщті даярлаңыз, түкіргіштің – 1/3 – ¼ бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз ( 5 % хлорамин ерітіндісі) , егерде қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).
І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз.
Еден деңгейіннен 20 – 30 см жоғары керуеттін аяқ жағын көтеріңіз ( орнықты тіректі қолдану)
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
10 – 15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет қайталаңыз.
Керуетке әдеттегідей қалып беріңіз ( науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда).
ІІ – қалып. Щиттің үстіндегі төсекке пациентті жатқызыңыз.
Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз есіне айнала тұрғаны бұру қажет екенін науқасқа түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін, терең демалу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.
10 – 15 минут үзіліспен емшараны 3 – 5 рет қайталаңыз.
ІІІ – қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.
Кереует деңгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.
Төсектегі пациенттің жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.
ІV – қалып. Тізе – шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей ( ыңғайлы ) қалыпты беріңіз.
Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5 % хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.
Емшараны орындаған және науқасқа емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.
Ескерту: төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз ( дәрігерге хабарлаңыз).
