Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__аза__ т л .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

№3 Технологиялық карта

Күні_____________________________

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қазақ тілі.

Тақырыбы:Балабақша.

Мақсаты: Балаларға балабақша туралы түсінік беру. Балабақша, топ, үстел, орындық сөздерін дұрыс айту, қойылған сұраққа жауап беруге үйрету. Балабақшасын мақтан ете білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:суретті сөздіктер, өз топтарына арналып жасалған слайд.

Қажетті құрал-жабдықтар:интерактивтік тақта, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс:

Билингвальді компонент:балабақша-детский сад, топ-группа, үстел-стол, орындық-стул.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Сәлеметсіздер ме!

1.Шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар дөңгелене тұрып, қатар тұрған көршілерінің аттарын атап, бір-біріне қолдарын ұсынады. -Балалар, осы шаттық шеңберінде қол ұстасып тұрып, бір-біріміздің жылулығымызды сезінейік. Осы жақсы көңіл күйімізбен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастаймыз.

-Сәлеметсіз бе!

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны. Өткен тақырыпты естеріне түсіру. -Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде қонақта қандай ойыншық болды? Біз қуыршақ қызға қалай амандастық? Қандай сөздермен таныстық? «Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны. Ойыншықтарды ала отырып, олардың атын атату.

-Мынау не?

2.Топты бағдарлап, не көріп тұрғандарын сұрау.

«Есіңе сақта» дидактикалық ойыны.

-Біздің балабақша «Брусничка» деп аталады. Балабақшамыз үлкен, жарық, таза, әдемі. Кәне, мына сөздерді қайталайық: балабақша.

-Сендер қайда отырсыңдар? Кітаптар қайда тұр?

-Сендердің топтарың «......» деп аталады.

-Кәне, бәріміз топ (группа) деген сөзді қайталайық.

3.Сергіту сәтін өткізу.

Балабақша әдемі,Балалардың әлемі.

Орындық пен үстелде, Отырамыз әдемі.

4.Дыбыстық жаттығуларды өткізу.

ТО-ТО-ТО-ТОП. БА-БА-БА-БАЛА. БА-БА-БА-БАҚША.

-Қуыршақ.

-Сәлеметсіз бе!

-Қыз, ұл.

-Қуыршақ, аю, машина.

Балабақша. Орындықта.

-Үстелде. Топ.

Өлең жолдарын педагогпен бірге қосылып қайталап, соған сәйкес қимылдар жасайды.

Буындар мен сөздерді хормен және жеке-жеке қайталайды.

Рефлексиялық түзетушілік

5.№3 үлестірмелі материалдармен жұмыс. Суретке қарап, сөздерді атау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында бөлмедегі заттарды орналастыру (үстел, орындықты тауып жабыстыру). «Қайсысы қайда орналасады?» дидатикалық ойыны.

Жапсырмадағы үстел, орындықты алады, оқытушының көмегімен оларды суреттің тиісті жеріне жапсырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:топтағы заттардың қазақша атауын атайды;

Игереді:қойылған сұраққа жауап беруге дағдыланады.

Меңгереді:балабақша және топтарын қазақ тілінде атайды.

Педагог__________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]