- •37.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •41.Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган кімге тікелей бағынышты және есептілігінде? қр Президенті
- •45. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші:
- •54.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •55.Еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіз бола ала ма?
- •73.Мемлекеттік қызметшінің қызметі қалай төленеді?
- •74.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап неше күн ішінде шектеулерді жазбаша нысанда тіркейді?
- •84.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •85.Лауазымды адам дегеніміз кім?
55.Еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіз бола ала ма?
Иә, негіз бола алады
56.Мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгiленген мінез- құлық қағидалары:
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі
57.«А» корпусына қандай мемлкеттік лауазымдар кіреді?
Басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар
59«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган не өткізеді?
Сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс
60«А» корпусының мемлекеттік саяси әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі белгілене ме? Белгіленбейді
61.Мемлекеттік қызметші заңсыз жұмыстан шығып қалса, уәкілетті органға шағымдануға құқылы ма?
Құқылы
62.Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және қандай мерзімнен кешіктіріп қолдануға болмайды:
Терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан
63.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі дегеніміз:
Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi
64.«А» корпусының бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтардың жүйеленген тізімі:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
65.Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптар айқындауы мүмкін бе? Айқындалуы мүмкін
66.Бiлiктiлiк талаптары:
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық деңгейiн, біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға сай келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар
67.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқу процесі дегеніміз не?
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау
68.Мемлекеттiк қызметшiге өзінің ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына бола ма?
Болмайды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда
69.Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау тәртібін кім бекітеді?
Уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша ҚР Президент
70.Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының күші:
Барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды
71.Мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің іссапарға баруына, әлеуметтік демалыста не мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуда болуына, сондай-ақ ауруы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енген болса, науқастануы салдарынан оның қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым: Уақытша мемлекеттік бос лауазым
72.«Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін не өткізіледі?
Жалпы конкурс
