Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika_ааааааааааааа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
872 Кб
Скачать
☆

Ііі. Технологиялық бөлім

3.2 Арашының құралдары мен омарта жабдықтары

Араларды дұрыс күтіп-бағу үшін омартаға қажетті құрал-сайман мен жабдықтардың барлығы болуы тиіс. Ара ұяларын қарап шығу үшін, сыммен және балауызбен қамтамасыз етуде, қоректендіруде, аналық шығарғанда, үйірілім шыққанда, көшіргенде т.б жұмыстар құрал-жабдықтарсыз атқарылмайды. Әрбір жұмыстың өз құралы болмаса, еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан да, шаруашылыққа қажетті құралдар мен жалпы қажеттігі бар жабдықтар омартада түгел болуы керек.

Бал тағамдық затқа жататындықтан, арашы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыс істеуі керек. Яғни, аралармен жұмыс істеп, бал шайқағанда арашы таза халат және бетперде киуі керек. Арашының жұмыс киімі оның араның шағуынан қорғайтын, қимылына кедергі келтірмейтіндей, мүмкіндігінше жақсы желдетілген болуы керек.

Халат - Арашының халатын ашық түсті берік матадан тігеді. Жең ұшына резеңке өткізеді немесе жіппен білекке байлап тастайды. Бұл денеге ара кірмес үшін істелетін шара. Жіппен арқадан буылатын халат жұмысқа ыңғайлы. Халатқа міндетті түрде қалталар тігілуі керек.

Бетперде Арашының басы мен мойнын арадан қорғайды. Бетпердені ашық түсті мақта матасынан тігеді. Алдыңғы жағын қара түсті шілтерден тігеді, ол ара ұяларын қараған кезде тыныс

алуға кедергі жасамайды, желдеткіш қызметін қоса атқарады. Алдынан және төбесінен тігіліп, шілтерін ашып тастауға мүмкіндік береді. Шілтер бетке тиіп тұрмас үшін төбесін

жалпақ етекті қалпаққа ұқсатып сым жүргізеді. Бетперденің астына матаның қиқымын тігіп, оған жіп байлайды, ол жіппен арашы мойнын байлап араларды кіргізбейді. Кейбір

арашылар шілтердің орнына темір тор байлайды. Темір тордың артықшылығы жақсы желдеткіштігінде және беріктігінде.

Арамен жұмыс кезінде қолданылатын құралдар:

Түтіндеткіш ДП - Шірік немесе басқа заттарды жағып араларды тыныштандыратын құрал. Негізгі бөліктері: сыртқы цилиндр тәрізді қорабы, түбі, торлы ішкі қорабы, (стақан) көрік,

торлы төбесі сыртқы қорабымен топса арқылы байланысқан. Көрік өзара былғарымен немесе басқа материалмен қосылған 2 тақтайшадан тұрады. Екі тақтайшаның арасында

серіппе бар. Шірікті стақанның түбіне салады. Төбесінің тесігі арқылы түтін көріктегі ауаның күшімен сыртқа шығады. Түтіндеткіштің өлшемі: биіктігі 225 мм, ені 120 мм, қорабының

диаметрі 100 мм, салмағы 750г.

Шипалы түтіндеткіш ДПЛ - Араларды варатоз, кене ауруларына қарсы дәрілік заттармен ыстауға арналған құрал. Құрылысы жөнінен ол кәдімгі омарта түтіндеткішіне ұқсас, тек төбесінің шүмегі ұзынырақ

болады (ұстайтын ұяның ұшағына кіргізіп ұоюға ыңғайлы). АҚШ-та және кейбір батыс елдерінде Джембо түтіндеткіштері бар, бірақ олардың біздің түтіндеткіштерімізден

айырмашылықтары шамалы. Шетелдік түтіндеткіштерден көңіл аударуға тұратыны француздардың «вулкан» атты өздігінен жұмыс істейтін түтіндеткіші. Оның астыңғы жағында

білікке орнатылған қапалағын бұрап қоятын тетігі бар. Оң жағына бұрағанда түтін қоюланады, сол жағына бұраса түтін азайып, тоқтап қалады. «Вулкан» қондырғысын жатқызып

қойса да істей береді, аса ыңғайлы. Бұранла тетігін алынбалы түбі арқылы тазалап, майлап тұруға болады. Түтін алу үшін торф, мүк, жапырақ, шірінді заттарын пайдаланады. Ең

жақсы түтін беретін қара самырсынның қабығы. Түтіндеткішті іске қосу үшін қайың қабығымен тұтандырады.

Омарта қашауы - Ұя қорабын және оның бөліктерін ажыратуға, ұядағы рамаларды қозғауға , ұяның түбін, қабырғаларын раманың жақтауларын тазалауға қолданылады. Қашаудың өлшемдері, мм: ұзындығы-190, жүзінің жалпақтығы – 35, ортаңғы тұсының жалпақтығы – 25, ортасының қалыдығы -5. Қашаудың жалпақ ұшы екі жағынан қайралады, ал екінші жағы 70-80° иіліп, тек сыртқы жағынан қайралады

Аналық торша КТ - Жақын қашықтыққа көшіру кезінде, жабында аналық ұяшықтарынан жас аналықтар шығу кезінде оқшаулау үшін ұядағы аналық араны уақытша ұстай тұруға арналған. Торашалық қабырғалары қалайыланған металл тордан жасалады. Жоғарғы жағында қаңылтыр тақтада жабынды аналық ұяшығын ілуге арналған тесігі бар. Аналықты торшаға отырғызған кезде тесікті, жыжытқышты жабады. Аналыққа қоректі торшаның ішіндегі ағаш немесе пластмасса қалыптарға құяды. Торшаның өлшемдері, мм: ұзындығы – 36, ені -28, биіктігі – 57.

Аналық қалпақша КМ – аналықты ауыстыру кезінде кәрездің үстінде аналық араны жауып қоюға арналған құрал, ол тоттанбайтын темір құрсаудан және темір тордан жасалады. Тор құрсауға бекітіледі. Құрсаудың үстінде кәрезге сіңірілетін тақасы болады. Қалпақшаның құрсауының диаметрі 141 мм, биіктігі 16мм, тақасының биіктігі 9 мм.

Бөлгіш тор - Ұяның бір бөлігін аналық жұмыртқа сала алмайтындай етіп бөліп тастайтын тор. Оның сопақша келген тесіктері бар (ұзындығы 28 мм, ені 4,4 мм), қаңылтырдан жасалған. Бұл торды жас аналықтар шығар кезде жекелеу үшін де қолданады. Бөлгіш торды ыңғайлы етіп сымнан тоқиды немесе пластмассадан жасайды. Аралар тесіктен өтіп көп шаршамайды.

Тордың өлшемдері 448х250 мм, салмағы 200г.

Науашықтар - Араларды қаныққан қант ерітіндісімен, сұйытылған бал ерітіндісімен қоректендіргенде, ұядағы бал қорына үстеме қосу үшін, ұядағы шіре балын ауыстырғанда, араларға еліктіргіш

немесе дәрілік бал бергенде қолданылады. Науашықтың бірнеше түрі бар. Көбіне қолданатындары рамалық науашықтар мен жәшік типтес төбе науашықтары.

Рамалы науашықтар - Биіктігі мен ұзындығы қалыпты ұя рамаларымен бірдей. Жоғарғы, төменгі бүйіріндегі планкалар 40-50 мм үлкейген. Төменгі және бүйірдегі планкаларға екі жағынан нығыз етіп қамыс тақта шегеленген. Жоғарғы планка мен қамыс арасынан аралар өте алатындай жол қалдырылған. Жоғарғы планкада воронка қойылатын тесік тесіледі. Воронка арқылы қажетті мөлшерде азық ерітіндісін құяды. Аралар сұйық қорекке батып, кетпес үшін науашыққа жеңіл қалтқы салып қояды. Көптеген омарталарда науашықтарды жоғарғы планкасыз жасайды. Олар кәдімгі рамалар сияқты бір жақтауынан шығып тұратын иық жасап, раманы ілгендей іліп қояды. Науашықтың сыйымдылығы 4-5 литр. Оны ұяның бір бүйіріне қояды, ұяның түбіне де қоюға болады. Бұл жағдайда иықтарын алып тастайды да, науашықтың астына аралар өтетін 2 төрттекше шегелейді. Жәшік типтес рама үстіндегі науашықтар да қолданыста ыңғайлы. Оның сыйымдылығы 2-6 литр. Аралар жүретін жолды ортасынан немесе бүйірінен қалдырады. Оның қабырғасы науашық қабырғасынан 8 мм аласа болу керек.

Аралар қоректенетін бөлімге жеңіл қалтқы қояды. Науашықтың өлшемдері әр түрлі, тек қана ұяның ішкі өлшемдерімен сәйкес келсе болғаны. Мұндай науашықты аса жұқа тақтайдан жасайды. Шырын ағып кетпес үшін алдымен балауыз ерітіндісін құяды. Ол қатып қалған соң ғана сұйық қоректі құюға болады. Мұндай науашықтарды рамалардың үстіне дәліз етіп көлденең орнатады. Төбесін қамыс тақтамен жабады, терезе шынысын да пайдалануға болады. Ағаш науашықтар металл науашықтарынан тиімді. Ағаш науашықтарда қорек тез суымайды, қысқы суықта мұның да маңызы бар. Пайдаланғаннан кейін науашықты жақсылап жуу керек. Органикалық шыныдан жасалған немесе пластамассадан жасалған науашықтар арашылар арасында үлкен сұранысқа ие. Олар жеңіл және гигиеналық талаптарға сай келеді. Омартада бір типті стандартты науашықтар пайдаланған дұрыс. Араларға қоректі кәдімгі шыны банкалармен де беруге болады. Ол үшін қорек құйылған банканің бетін 3-4 қабат дәкемен орайды да раманың үстіне төңкеріп қояды.

Үйірілім ыдысы - Аралардың табиғи үйірілімі кезінде үйірілімді жинауға және оны уақытша ұстау тұруға қолданылады. Ол жоғарғы және төменгі кендірдің немесе зығырдың талшықты құрсауынан тұрады. Жоғарғы бетінің жартысы желдеткіш қызметін атқаратын металл тордан жасалады., екінші ашылатын жартысы тордан немесе қалың матадан тұрады. Ыдыстың өлшемдері: диаметрі 30-35 см, биіктігі 40-45 см. Үйірілімге арналған ыдыстың басқа түрлері де бар.

Ұшақ кедергісі ЛЗА - Ұяны тышқан сияқты күзгі-қысқы мезгілде кемірушілердің кіріп кетуінен сақтайды. Кедергінің қаңқасы және жылжымалы ара сиятын тесіктері бар қондырғыдан тұрады. Ұшақ

кедергісінің ұзындығы 250 мм, ені 30 мм, қалыңдығы 1,1мм.

Сыпыртқы Араларды кәрезден және ұя қабырғаларынан сыпырып түсіретін құрал. Қалыбы жіңішке, қылтанақтары 2-3 қатардан тұратын сыпыртқылар қолданылады. Сыпыртқының түгі жұмсақ, қылтанақтарының түсі ашық болса ыңғайлы, әрі араларды көп мазасыздандырмайды. Кейбір арашылар сыпыртқа орнына қаздың қанатын пайдаланғанды жөн деп санайды.

Омартада ауру пайда болса жалпы қолданыстағы сыпыртқыны қолдануға болмайды. Ұяның түбінде жиналған қоқысты қалақшамен тазалайды.

Арнаулы мақсаттағы жәшіктер Негізгі қаңқасы төрттекшеден және оған орнатылған жеңіл қамыс тақталардан тұрады. Жәшіктің қақпағы бар, ол қақпақты басып тұратын доғасы болады. Қақпағын жәшікке аралар

кіріп-шықпас үшін нығыз етіп жабады. Жәшіктің жіңішке ішкі екі жағында планкалар шегеленген. Оларға рамаларды иығынан іліп қояды. Жәшіктің ұзындығы 450 мм, ені 225 мм,

биіктігі 350 мм. Арашылар ара ұяларын ұяларын қарап жүргенде жұмысы біткен кәріздерді лсы жәшікке уақытша сала тұрады немесе жасанды балауызды рамаларды салып

жүреді. Аралармен арнайы шұғылданған кезде арашы қажетті деген құрал-саймандары мен жабдықтарын алып жүруге арналған. Жәшік үш бөлімнен

тұрады: екі бөлімі бүйірінде, бір бөлімі ортасында. Бөлімнің біреуінде қашаулар, пышақ, аналық торы, тістеуік, қалпақша, сыпыртқы, ұшақ кедергілері, балға, қол ара, шегелер

салады. Ішкі бөлімінде түтіндеткішке қажетті шірік, шөп-шалам. Түтіндеткішті пайдаланбағанда ілгекпен бір бөлімнің қабырғасына іліп қояды. Қажет болған жағдайда жәшікті

орындық ретінде пайдалануға болады. Қақпағын ашпай-ақ ішіндегі құралдарды бүйіріндегі тесіктер арқылы алуға болады. Жәшікті 20-25 мм тақтайдан жасайды. Өлшемдерін арашы

өз қалауынша алады. Жұмысшы жәшіктер тек кішкене омартада қолдануға қолайлы. Үлкен омарталарды арнаулы қол арбалар пайдалану тиімдірек. Арнаулы қарауға арналған

шатыр. Алым жоқ кезде арашы ұяларды қараумен айналысқанда беті ашылған ұяларға көрші семьлардан бал ұрлаушылар келеді. Бұл ұядағы балды толық тонап кетуі де мүмкін,

жалпы омартадағы ұрлықтың кең етек жаюына жол ашады. Ұры араларға ұға ауру әкеліп таратуы да мүмкін. Сондықтан арашылар өздерімен бірге шатыр ала жүріп, шатырдың

ішіне ұяның бетін ашады, шатырдың биіктігі 2 м, ұзындығы 2 м, енін 1,2 м етіп жасайды. Шатырдың негізін ағаш қаңқа құрайды. Шатырды сым тормен немесе дәкемен орап

тастайды. Есіктің орнына шымылдық құрады. Шатырдың астының бір жағында доңғалақтары болса омарта ішінде алып жүруге қолайлы болар еді. Шатырдың ішінде ұяның беті

ашылып, оған қатысты барлық жұмыстар атқарылады. Жұмыстар аяқталған соң шатырдың төбесін ашып, араларды шығарып жібереді.

Парақ

Өзг.

Парақ

Құжат №

Қолы

Күні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]