Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210 Кб
Скачать
☆
  1. Іріктемелі жиынтық көлемі

  1. Іріктеме көлемі шығынның ұтымды тіркесім қағидаты және нәтижелердің нақтылық тапсырылған өлшемшарттары негізінде айқындалады.

  2. Статистикалық бағалау дәлдігінің көрсеткіштері ретінде іріктеменің стандартты қатесі және іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі қолданылады.

  3. Іріктеменің стандартты қатесі (бұдан әрі – СҚ) – бұл осы параметрдің іріктемелі ортақ мәнінен іріктеме параметрі мәнінің стандартты ауытқуы.

СҚ келесі формула арқылы анықталады:

(1)

мұндағы,

SE – іріктеменің стандартты қатесі;

δ – дисперсия;

Deff – іріктеме дизайнының ықпалы (қала және ауыл үшін сәйкесінше 1.0 және 2.0 құрайды);

n – іріктеме көлемі.

Қала және ауылға арналған (Deff) іріктеу дизайнының ықпалы сәйкесінше 1.0 және 2.0 құрайды. Осы болжамға сүйене отырып ССҚ есептеледі. Қалалық жерлерге арналған Deff-1.0 болжамы үлкен қалалар едәуір шағын аумақтық бірліктерге бөлінбейтіндіктен, зерттеу қалалық кластерлерінің кездейсоқ іріктемеге жақындауымен түсіндіріледі. Deff-2.0 болжамы ауылдық жерлерде тек басқа елдердің тәжірибесіне негізделеді.

  1. Салыстырмалы стандартты қате (бұдан әрі – ССҚ) – бұл бағаланатын статистикалық шаманың оның орташа мәніне қатынасы.

ССҚ келесі формула бойынша анықталады:

(2)

мұндағы,

RSE – іріктеменің салыстырмалы стандартты қатесі;

SE – іріктеменің стандартты қатесі;

– салыстырмалы стандартты қатенің шамасын бағалау үшін пайдаланылған ауыспалының орташа мәні.

  1. Осы Әдістеменің қосымшасында көрсетілген 1-кестеге сәйкес іріктеме көлемі республикалық деңгейде 4%-дан және өңірлік деңгейде 7%-дан аспайтын қатесі бар нәтижелерді алуды қамтамасыз етеді. Осылайша, іріктеме көлемі 12 000 үй шаруашылығында (бас жиынтықтан 0,3%) белгіленеді.

  1. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру алгоритмі

  1. Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығы іріктеменің әр қалыптастырудың әрбір сатысындағы кездейсоқ стратификациялау және іріктеу рәсімдерін қолдана отырып, іріктеменің екі сатылы ықтимал (кездейсоқ) әдісімен қалыптасады. Стратификациялау рәсімі халық жіктелуінің аумақтық ерекшеліктерін барабар көрсететін үй шаруашылықтарының келісті іріктемелі жиынтығын қалыптастыруға бағытталған.

  2. Іріктемені қалыптастыру үдерісі 2 кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезеңде бас жиынтық қалалық және ауылдық жерлерге бөлінуді қоса алғанда аумақтық белгісі бойынша стратификацияланады. Осылайша, 30 страта қалыптастырылады – бұл елдің он алты өңірінен іріктеп алынған қалалық және ауылдық аумақтар (барлығы 30 страта, Астана және Алматы қалаларында ауылдық жерлер жоқ екенін ескерумен).

  1. Алғашқы іріктемелі бірліктер (бұдан әрі – АІБ) ретінде қалалық және ауылдық жерлерді білдіретін Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (бұдан әрі – ӘАОЖ) бойынша бірінші алты (6) код таңбасымен анықталатын 400 аумақтық бірлік іріктеп алынады.

  2. Интервьюердің әрқайсысының жұмыс көлемі бір тоқсан ішінде 30 үй шаруашылығын құрайды. 30 үй шаруашылығының әрбір тобы кластер деп аталады және бір тоқсан ішіндегі бір интервьюердің жұмыс көлеміне сәйкес келеді.

  3. Іріктемені қалыптастырудың бірінші кезеңі 2 жүйелі рәсімді қамтиды. Бастапқы рәсім әрбір страта ішінде мөлшерге пропорционал ықтималдық (бұдан әрі – МПЫ) АІБ анықтамасын қарастырады, яғни стратадағы АІБ саны стратаға қатысатын үй шаруашылықтары санынан тәуелді түрде қалыптастырылады.

  4. Стратада (h) АІБ-ні таңдаудың (hi) ықтималдығы (Phi) келесі формула бойынша анықталады:

(3)

мұндағы,

Phi – іріктеу ықтималдығы;

sh – h стратада таңдап алынған АІБ саны;

nhi – ТҚСТ деректері бойынша hi АІБ-дағы үй шаруашылықтарының саны;

Nh – ТҚСТ деректері бойынша стратадағы үй шаруашылықтарының жалпы саны.

  1. Келесі рәсім әрбір 30 страта бойынша (400 АІБ) салыстырмалы стандартты қатенің ұтымды мәніне қол жеткізуге бағытталған.

  2. Салыстырмалы стандартты қатенің шамасын бағалау үшін ауыспалы мән ретінде зерттеу үшін едәуір маңызды болып саналатын көрсеткіш пайдаланылады. Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша мұндай көрсеткіштерге «тұтынуға жұмсаған орташа жан басына шаққандағы табысы», «орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы», «орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығысы» және т.б. жатқызады.

  3. Осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес 2-кестеде көрсетілген «тұтынуға жұмсаған жан басына шаққандағы табысы» көрсеткішінің дәлдігін бағалайтын сипаттама келтірілген. Іріктеменің ССҚ жүргізілген есебінің шамасына сәйкес ел бойынша 0,3%-дан, ал өңірлер бойынша 2,2%-дан аспайды.

  4. Осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес 3-кестеде көрсетілген іріктеп алынған АІБ саны және әрбір АІБ-дағы үй шаруашылықтарының саны, сондай-ақ олардың өңірлер бойынша бөлінуі келтірілген.

  5. Қалаларда АІБ нақты іріктеуді жүргізу кезінде ТҚСТ-де үлкен қалаларды шағын аумақтық бірліктерге бөлудің жоқ екендігін ескеру қажет. Мысалы: 100 мың халқы бар Көкшетау қаласы ТҚСТ-де одан әрі дезагрегациясыз бір жолда көрсетілген. Осындай АІБ салыстырмалы ірі мөлшерін ескере отырып, олардың көбісі МПЫ стандартты рәсімінің нәтижесінде бір реттен көбірек таңдап алынады.

  6. Таңдап алынған алғашқы іріктемелі бірліктер тізбесінің бірінші және соңғы жолдары осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес 4-кестеде көрсетілген. «Іріктеп алынған» бағанында МПЫ стандарты рәсімі бір реттен көп жүргізілген АІБ белгіленген. Бірінші жол Көкшетау қаласы шын мәнінде 5 рет таңдалғанын көрсетеді. Осылайша, Көкшетау қаласында 5 кластерді (150 үй шаруашылығын) іріктеп алу қажет.

  7. Іріктемені қалыптастырудың екінші кезеңінде әрбір АІБ-да кездейсоқ іріктеп алумен 30 үй шаруашылығы таңдап алынады. Екінші кезеңдегі іріктеменің қалыптасу негізі АІБ-дағы жекелеген тұрғын үй-жай тізбесі болып табылады. Зерттеу барысында баруға тиісті тұрғын үй-жай кластері (немесе кластерлері) АІБ-да қолайлы тұрғын үй-жайлар санынан тепе-тең ықтималдықпен таңдап алынады.

  8. Страта (h) АІБ-да (hi) үй шаруашылығын таңдау (hij) ықтималдығы (phij) келесі формуламен анықталады:

(4)

мұндағы,

phi – берілген (1) теңдеу мен АІБ таңдау ықтималдығы hi;

mhi – АІБ-дағы қажетті тұрғын үй саны hi (әрқашан нормативті 30);

n’hi – АІБ-дағы қолайлы тұрғын үйлердің жалпы саны.

  1. Негізінде, әрбір іріктеп алынған тұрғын үйге бір үй шаруашылығын сыйғызу күтілуде. Егер сол тұрғын үйде бір үй шаруашылығынан көп үй шаруашылығы болса, онда кездейсоқ әдіспен оның біреуі таңдап алынады. Егер тұрғын үй бос болса, онда бұдан әрі «Іріктеменің ығысуы» бөлімінде айтылған әдісті қолдану қажет.

  2. Қалалық жерлерде интервьюерлер жұмысының тиімділігін тексеру үшін іріктеменің өзара өту әдісін қолдану ұсынылады.

  3. Кластерлер санының болуы талап етілетін k ірі қалаларда (k > 1 болған жағдайда), алдымен іріктеменің тепе-тең ықтималдығы жүйесі (бұдан әрі – ІТЫЖ) жолымен 40k тұрғын үй саны таңдап алынатын болады, содан кейін қаладағы интервьюерлер k санынан кластерлер k санына – әрбіреуіне бір-бірден бөлу үшін кездейсоқ сандарды 1-ден k дейін 40 рет ауыстыру қайталанады.

  4. Үй шаруашылықтары қалаларда әрбір кластерде белгілі бір аумақта орналаспайтын болады, бұл интервьюерлер жұмысының сапасын тексеруге мүмкіндік береді (мысалы: қаланың дәл сол бір ауданында әртүрлі интервьюерлерде зерттеуден бас тартқан үй шаруашылықтарының санын тексеру мүмкін болады).