Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ыты атынастарды тсінігі жне трлері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер

Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілерді екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.

Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар:

    1. қатынастың күрделі мақсатын толық орындау;

    2. көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау;

    3. көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;

    4. егер де дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату.

Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалуның әдіс-тәсілдері:

  • құқықтың алдында қойылатын өз мүдде –мақсаттарын анықтау

  • құқықтық норманы дұрыс пайдалану

  • құқықтық тәртіпті қатаң орындау

Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс- тұрыс шамасы.

Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңдық міндеттер де болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және оған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Заңды міндет – бұл заңды қажет ететін жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Субъективтік құқық пен заңды міндет арасындағы айырмашылықтар:

  • Егер субъективтік құқықтық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған.

  • Егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс- тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

Құқықтық қабілеттілік – құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адамда туғанынан пайда болады.

Әрекеттілік – адамның өз әрекеті мен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.

Заңды фактрлер

Заңды фактрлер – бұл бір-бірімен құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады. Заңға негізделген айғақтар – құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгертуімен немесе тоқтатуымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тіршілік жағдайлары.

Заңды фактілерді әртүрлі негіздер бойынша жіктеуге болады:

  1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

  • құқық тудырушы (мысалы, жоғарғы оқу орнына түсу);

  • құқық өзгертуші (мысалы, күндізгі оқу білімінен сыртқыға ауысу);

  • құқық тоқтатушы (мысалы, жоғарғы оқу орнын аяқтау).

  1. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:

  • оқиғалар – бұл субъектілер еркіне тәуелсіз жағдайлар. Мысалы, табиғи апат, өлім, тағы басқа;

  • әрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектісінің еркімен байланысты жағдай. Әрекеттер өз еркімен құқыққа сай және қайшы болып бөлінеді. Құқыққа сай әрекеттер (заңды әрекеттер) – бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субъектілердің құқықтары және міндеттерімен қабысатын мінез- құлық. Заңға қайшы әрекеттер (заңсыз әрекеттер) – бұл қылық заң талаптарын бұзады, субъективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастар болуы үшін бір заңды фактр жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы – заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнет ақы алу үшін зейнеткерлік жағына жету , белгілі бір еңбек өтемнің болуы, зейнет ақының тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс.

Қорыта келгенде, құқықтық қатынастар әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Сәкен Өзбекұлы, Өмірәлі Қапабаев «Мемлекет және құқық теориясы»

    2. Баққұлов «Құқық негіздері»

    3. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» хрестоматия

    4. Булганова «Мемлекет және құқық теориясы»

    5. Жоламан, Мұхтарова, Тәукелев «Мемлекет және құқық теориясы»

    6. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері»

Жоспар:

        1. Құқықтық қатынастар түсінігі

        2. Құқықтық қатынастардың нышандары

        3. Құқықтық қатынас түрлері

        4. Құқықтық қатынас белгілері

        5. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттары

        6. Құқық нормаларының құқықтық қатынастармен өзара байланысы

        7. Құқықтық қатынастардың құрылымы