- •1. Дағдарысты жағдайды шешу
- •2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.
- •3. Кәсіпорынды сауықтыру барысында маркетингтің мақсаттары, тиімділік көрсеткіштерінің жүйесінің талаптары
- •4. Дағдарысқа қарсы менеджментте стратегиялық маркетинг тұжырымдамасы
- •1. Кәсіпорындарды сауықтыруда инновациялардың рөлі
- •2. Инновациялық процессс дағдарысқа қарсы басқару факторы ретінде
- •3. Инновациялық стратегияның негізгі типтері және олардың сипаттамасы.
- •1. Экономикада дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздері
- •2. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары
- •3. Дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының орны.
- •4. Саяси дағдарысты басқару процесі.
3. Кәсіпорынды сауықтыру барысында маркетингтің мақсаттары, тиімділік көрсеткіштерінің жүйесінің талаптары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржы көрсеткіштері арқылы өрнектеледі. Нарықтық қатынастар жүйесінде бір ізге салған көрсеткіштері жүйесі болмайды. Әрбір инвестор бұл жүйені өзінің инвестициялық жобасына, мамандар және менеджерлерінің инвестициялық жобаларына, кәсіпкерлік ерекшеліктеріне, тағы басқа факторларға сүйене отырып өз алдына анықтайды. Бұл сұрақтар толығырақ "Кәсіпорын экономикасы", "Қаржы менеджменті" оқу курстарында қарастырылады.
Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесі талаптар кіреді:
Тиімділік көрсеткіштері тауардың өмірлік цикліндегі барлық кезеңдерді қамтуы керек;
Тиімділік көрсеткіштер, ұйымның ретроспективті (өткен уақыттағы) жақтары ескеріліп, болашақта (кем дегенде алдағы 3–5 жылға) дамуға бағдарлануы керек;
Тиімділік көрсеткіштер ар жағында нақты нарықтарға нақты тауарлардың бәсекеге түсе алатындығының ең маңызды көрсеткіштеріне арқа сүйеуі керек;
Ең маңызды көрсеткіштер абсолютті бейнелеуі керек, мысалы, пайданың салыстырмалы және меншікті шамаларымен, тауар және өндірістің тиімділігі, тауардың меншікті бағасы;
Көрсеткіштер жоспардың барлық бөлімдерімен байланысты болуы керек;
Көрсеткіштер (табыстар, шығындар, сақтандыру, өтімдік бағалы қағаз құралдар, салықтар, тағы басқалардың қорларының қолдануының тиімділігі) кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық жақтарын қамтып көрсетуі керек;
Ақырғы көрсеткіштердің жобалануы анықтамасы бар көп нұсқалы есептеулердің негізінде іске асуы керек - тәуекел дәрежесі және қаржы қызметінің орнықтылығы, кәсіпорын қызметінің техникалық, ұйымдастыру, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан сипаттайтын мәліметке жеткілікті және сапалы көлемнің қолдануы қажет.
Кәсіпорынның жұмыс жасау тиімділік көрсеткіштері ретінде сатуларды тиімділіктің мәні, капитал, активтер, өнім, сонымен бірге еңбектің өнімділік капиталы, айналымдылық, өтімдіктерді қолданылады. Әрбір көрсеткіш өз рөлін орындайды. Оларды біртұтас интегралды көрсеткішке келтіру қиын болады.
Стратегиялық маркетингтің кезеңінде осыған байланысты ең маңызды ресурстардың (қорлардың) қолдануының абсолютті немесе салыстырмалы мәндерін болжап және мөлшерлеу мақсаты қойылады, еңбек ресурстарының негізгі және айналым капиталы анықталады. Тактикалық маркетингтің кезеңіндегі негізгі мақсат - кәсіпорындағы қорлардың қолдануының интегралды тиімділік көрсеткіші талданатын мерзім ішінде есептеу болып табылады.
Ең алдымен тауардың бәсекеге түсе алатындығына және оның тиімділігіне үш фактор ықпал етеді: тұтынушының шығынының, өзіндік құн, тауар сапасы.
Тұтынушыдағы кез келген қызметінің бағыты басымдылықтарды түзетуді талап етеді:
1) Бастапқыда тауардың сапасын арттыру керек;
2) Содан соң тұтынушының шығындарын төмендету керек (ең алдымен тауардың сапасына және оның қолданылуына байланысты)
3) Соңғы кезекте тауардың өзіндік құны төмендетуі керек.
\
Бір уақытта сапаны жоғарылатып және шығындарды азайту үшін, қазіргі кездегі ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет (функционалды - құнды талдау, болжау, модельдеу, ықшамдау т.б)
Есептеулердің көрсетуі бойынша, стратегиялық маркетингтің даму кезеңінде ресурстарды қолданудың тиімділік нормативтері 14%-ға дейін орындалмауы мүмкін. Демек, тиімділіктің жоғарылату үшін қосымша шара қолдану керек.
