Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир курсавой.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

1.2 Қазақстанның қазіргі шипажай ресурстары

Беделді көтерудің негізгі шарттары – Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктердің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде Дүниежүзілік туристік ұйым тарапынан өткізілетіндерге қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру. Қазіргі кезде Ұлы Жібек жолының 1700 шақырымға созылған Қазақстан аумағында туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртудың және түрлендірудің, зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Ендігі міндет-осы игілікті іс-шараны жандандыру үшін шетелдік инвесторларды тарту керек. бір сөзбен айтқанда, ішкі және халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру. Шипажай-курорттық мекеменің даму тарихынан басталып, қазірге дейінгі және Қазақстандағы жағдайына сипаттама жасалады. «Қазақстан» санаторийі сияқты бір ғана мекемеге толық талдау жасай отырып, елдегі барлық шипажай мекемелер жұмысы мен шегелмей жатқан мәселелері қозғалды, сондай-ақ ол мәселелердің шығу тегі мен шешу жолдары қарастырылады. Шипажайлар өзі пайда болыынан саяхат барысында көп уақыт кетірмейді, керісінше қоғамдық қажетті уақытты жинақтайды. Аурудың азаюы салдарынан жұмыс уақытының қоры арта түседі. Және адамның физикалық денсаулығының күшеюі рухани күшінің және жұмыс істеуге деген қабілетінің күшнюіне әкеп соғады.

Қонақ үй шипажайларының қызметі де, басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т.б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады, өзінің даму жолында техникалық және әлеуметтік инфрақұрылымға, потенциялды анықталған еңбек ресурстарына сүйенеді және басқа да шаруашылық салалары мен сферамен өз әсерін тигізеді. Кез келген туризм саласы басқа туризм салаларымен тығыз байланыста. Көп жағдайда олар бірін-бірі қалыптастырып, толықтырып отырады. Қарым-қатынастық шаруашылық жүйесінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуді құқықпен қарастырады.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін туристік ресурстарға бай аудандар өте көп және олар нәтежиелі халық шаруашылығының саласына қосылуда. Соңғы жыладры республикада біршама туристік шаруашылықтар құрылды, туристермен жұмыс белсенділігі жиналуда. Әдемі, әсем, көрікті жерлерде туристік кешендер салынды, көбінесе облыс орталықтарында комфортты туристік кешендер жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта қала тұрғындарын қабылдауға, қызмет көрсетуге дайын тұрады, сонымен қатар, басқа да аудандардың қонақтарын қабылдауда. Республикада барлығы 700 туристік кешен, 300-ге жуық туричтік қонақ үйлер кешені бар.

Әр кешен өз-өзімен қызықты әрі тартымды. Шыршалы-орманды «Алтын бор» Солтүстік Қазақстан облысында, Орал өзенінің маңында, Оралдан алыс емес жерде «Орал», «Қарқаралы» туристік кешені-Қарағанды облысында және ол өзінің велосипеді маршруттарымен ерекшеленеді, ол Қарқаралы таулы-орманды оазистік жолдармен жүргізілді. «Алтайлық бухта» деп аталатын туристік кешен Бұқтырма теңізінің жағасындағы Алтайлық орманмен Марқакөлге өте қызықты маршруттар басталып, әлемге танымал «Рахмандық кілтке» қарай беттейді. Павлдар облысындағы көк көлдер жағасындағы ұмтылмас «баян-аулы» турстік кешеніне бару, өзінің жағымды әрі таза ауасымен ерекшеленеді. Іле Алатауымен көркем шатқалында Алматының туристік кешендері орналасқан. Қазақстанда туризмнің түрлі саласының дамына барлық туристік аймақтар мен мүмкіндіктер бар: курорттар мен демалыс үйлерінде демалу, емделу, аңшылық соның ішінде бүркітпен, альпинизм, тау туризмі, балық аулау, салт атты және су туризмі, вертолеттық экскурсия және халықаралық спорттық жарыстарда этикалық туризм, негізгі қозғаушы күші шет елдегі қазақ оралмандары, - ғылыми, діни, профиссионалдық, жанұялық, бизнес-тур, коммерциялық туризм т.б.

Қазіргі кезде шипажайлы қонақ үй түрлері мен формаларын, сонымен қатар туристік машруттарды да қалыптастыруға болады. Танымдық, топтық және машруттық туризм – міне, осы ең негізгі қалыптасқан республикалық туристік ұйысдар. Соңғы жылдары рестпубликадағы негізгі қызығушылық – бұл коммерциялық туризм, срның ішінде шоп- туризм Польшаға, Қытайға, Түркияға, Араб әмірлігіне және т.б. Алматының өзінде шоп – туризммен айналысатын 200 ұйым мен фирма, ал республика бойынша 400 ұйым бар. Жалпы жүйеде мемлекеттік және мемлекеттік емес туристік – экскурсиялық қызмет көрсетулерде 10 мыңға тарта адам жұмыс істеуде, бірақ республикада әлі күнге дейін туризмнің толық жүйесі қалыптаспаған.

Қазақстандағы туризмнің төмен деңгейде дамуының себебі көп, бірақ ең бастысы себебі – республиканың экономикалық жәнеәлеуметтік даму деңгейінің төмен болуы. Бүгінгі күні Қазақстан әлемге саяси – егеменді мемлекет болып танылып отырғанымен, өзінің экономикалық егемендігін таныта алмай отыр. Сонымен қатар, басқа да басты себептерді айта кеткен жөн:біріншіден туристік – экскурсиялық қызметтің экономикалық салалық дамуы мемлекеттік жоспарлық балансқа кірмеуі;екіншіден туризмді ғылыми дамытудың жоқтығы. Қазақстанда кезеңдік ғылыми болжамдар мен туризмді дамытудағы ұзақ уақыттық жоспарлауды жүзеге асыратын ғылыми жоспардың жоқтығы: үшіншіден, туристік- экскурсиялық қызмет көрсету саласында қалыптасқан жүйенің дайындық кадрының жоқтығы. Осы сұрақтарды шешіп және халықаралық туризмді дамыту арқылы республиканың жоғарғы деңгейде көтерілуімен және жоспарлы кіріс салдарынан төлем балансы жүзеге асады. Географиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан территориясындағы рекреациялық аудандарды бөліп айтуға болады. Олар жағымды демалыс пен туризмнің дамуына әсер етеді. Туризмді дамытудағы ең негізгі қолайлы аудандар Қазақтанның шығысында орналасқан. Бұл жерде республиканың күрделі су жүйелері қалыптасқан – Арал теңізі, Балқаш көл, Зайсан, Алакөл, Қапшағай және Шардара су қоймалары. Су температурасы 3-5 айға дейін шомылу мен су туризміне жарамды. Осы саланы дамытуда Балқаш пен Алакөлдің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде бұл жерде су туризмі даму үстінде. Шығыс пен Оңтүстік Шығыс өзінің әрқилы және кең ауқымды табиғатымен ерекшеленіп, бір-бірімен тығыз байланыста жатқан тау жүйелері Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань қалыптасқан. Бұл аудандар өзінің үлкен, көркем және әрқилы өсімдік, жануар әлемінің ерекшеленеді. Қазақстан туризмінің дамуына өз септігін әртүрлі ландшафтық өзгешеліктері бар аудандарды жатқызуға болады. Сонымен қатар, Туризмнің дамуына өз әсерін тигізетін үлкен өзен өңірлері – Орал, Сырдария, Іле, Ертіс жатады.