Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
франчайзинг 111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

1.2 Франчайзинг-шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия.

Франчайзинг француздың Franchise деген сөзінен шыққан,және “жеңілдік,артықшылық қатысу құқығы” деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия(франчайзинг) туралы заңына сәйкес ,Франчайзинг- лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет.[7].

Ал лицензиялық кешкн деп бірқатар санаткерлік меншік обьектілеріне (тауар таңбасына,фирмалық атауға,қызмет көрсету таңбасына,патентке,ноу-хауға,қндіріс құпияларына) құқықтарды айтамыз.

Жалпы мағынасында,франчпайзингті –тауарлар мен қызметтерді өткізу,материалдық және қаржылық ресурстарды кооперациялау негізіде нарықты жауап алу және дамыту тәсілі ретінде,сондай-ақ,шағын және орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады.

Яғни ірі танымал компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге қзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығвһын сату арқылы шағын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қзмет тиімділігіне әсер ету мүмкіндігін айтамыз.

Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір тқлем негізінде қз атынан іс жүргізу құқығын беретін “ноу-хауды” иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер деп аталады.

Ал өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын,сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып,бқл құқықты алатын шаған фирма немесе кәсіпкерді франчайзи деп атаймыз.

Франчайзер мен франчайзи қарым-қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша франчайзингтің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.

Олар:тауарлық,өндірістік,іскерлік

Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арөылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады.

Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты,материалдарды,технологиялар мен жабдықты пайдалана отыры,қзінің тауарлық белгісімен қндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз.

Іскерлік франчайзинг жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни,танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын акәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату.

Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандары сияқты франчайзингтің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Франчайзер үшін:

-ең аз салым жасай отырып,өткізу нарықтарын арттыру.

Франчайзи бизнеске өз үлесін салады және франчайзермен теңдей тәуекл етеді

-өткізу бөлімшелерінде жұмыс жасайтындарды жалдамалы жұмыскерлерді ынталандыруға байланысты үнемдеу. Франчайзи кәсіпорын иесі ретінде жоғары табыс табуға мүдделі болады

-әкімшілік шығындар мен еңбек шығындарының төмендеуі. Бизнесті жүргізу бойынша шығындарды франчайзи көтереді.

-франчайзиге арнайы ингредиенттер,залдар мен кеңселер үшін құрал-жабдықтар жеткізу жолымен қосымша табыс табу.

Франчайзи үшін артықшылықтар:

-тек ірі кәсіпорындардың ғана қолы жететін артықшылықтарды пайдалана отырып,шағын болса да өз кәсіпорындарын басқару мүмкіндігі

-кеңінен танымал сауда маркасын пайдаланып тауарлар сату арқылы маркетингке жұмсалатын шығындарды үнемдейді.Франчайзи ағымдағы мәселелермен айналысып,нарықтағы тауарлар қозғалысына көп көңіл бөлмеуіне болады.

-бастапқы капитал салымдары көлемінің төмендігі,қаражаттардың тапшылығына байланысты шағын кәсіпорындардың көпшілігі алғашқы жылдары жабылып жатады. Ал франчайзер бастапқыда капитал салымының қолайлы шарттарын ұсынады,сондай-ақ,қызметтің алғашқы жылдарында жақсы көмек көрсетеді.

-тәжірибе жинау және бизнеске кірудің '' жұмсақтығы'',яғни қызметін жаңадан бастаған кәсіпкер франчайзердің көмегіне сүйенеді және әзірленген сызба бойынша жұмыс істейді.

Франчайзингтің кемшіліктері

Франчайзи үшін:

-дербестіктің шектеулілігі ,бас компанияның ‘франчайзердің’ бақылауы бизнесте өзін-өзі көрсету үшін аз кеңістік қалдырады. Франчайзидің өз идеяларын іске асыру,тауарлар мен қызметтерді жетілдіру мүмкіндігінен айырылуы оған өз кәсіпорынының иесі екендігіне күмән туғызады.

-Франчайзердің танымалдығының төмендеуі немесе банкроттық жағдайында дағдарысқа ұшырау қауіптілігі.Егер франчайзердің репутациясы төмендесе ол франчайзидің қызметіне деи кері әсерін тигізеді.

-франчайзер қызметін пайдалану нәтижесінде шығындардың жөнсіз артуы.Франчайзи франчайзерден құрал-жабдықтар мен ингредиенттерді жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр болады,бірақ олар басқа жерде арзан бағамен де с атылуы мүмкін.

Франчайзер үшін:

-франчайзер жалпы табыстан ғана үлесін алатындықтан,кейбір табыстарының төмендеуі.Басқа жағдайда,яғни сауда немесе қызмет кқрсету желілері компанияның өзінем тиесілі болса және менеджерлер басқарса көбірек табыс әкелуі мүмкін.

-бақылаудың қиындығы,франчайзи жалдамалы жұмыскерлер емес кәсіпкерлер болғандықтан оларды тікелей басқару мүмкін емес. Ал, тек бір сауда нүктесінің нашар репутациясы бүкіл желінің репутациясын бұзуы мүмкін және тауарлар мен қызметтер сапасына күмән тууы да ықтимал.

-есеп және есептілікпен байланысты проблемалар,франчайзер оған барлық франчайзилер қызметі жқнінде дұрыс есептемелерді өткізетініне сенімді емес.

-жарамсыз франчайзиді ауыстырудың мүмкін еместігі.Егер менеджер үмітті ақтамаса,кәсіпкер оны жұмыстан босатуы немесе басқа қызметке ауыстыруы мүмкін,ал қз нүктесін дұрыс басқара алмаған франчайзиді қашан франшиза шартын бұзғанша босата алмайды.