- •Оқушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер
- •Алғашқы адамдардың кәсібі.
- •1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
- •Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
- •2.1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
- •Жауабы:
- •Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
- •Адамзат баласының пайда болуы.
- •Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
- •Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?
- •2. Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
- •3. Есік қорғанынан табылған алтын адам мен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?
- •Жауабы:
- •2.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
- •3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- •Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
- •1920-1924 Жылдары Қазақ акср-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз. Жауабы:
- •2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
- •3.1920-1924 Жылдары Қазақ акср-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- •3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және
- •Жауабы:
- •2.Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
- •3.Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- •Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- •Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- •Жауаптары:
- •2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- •Жауабы:
- •2.Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. Ол туралы өзіңнің жеке көзқарасың? Қай пікірді қолдайсың?
- •Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
- •Хііі –хv ғғ. Жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- •Жауабы:
- •3.Хііі –хv ғғ. Жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- •Жауабы:
- •2.Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
- •3.Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- •Жауаптары:
- •2. Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдарының мағынасын түсіндіріп, құрамын салыстырыңыз.
- •3.Қарахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- •Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- •Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- •3.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.
- •1.Қазақ атауының шығуы.
- •2. Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? хХғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.
- •Жауабы:
- •2.Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? хХғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.
- •Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
- •1979 Жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- •Хііі –хv ғғ. Салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- •Жауабы:
- •2.1979 Жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- •Жауабы:
- •2.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары
- •2.Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
- •3.Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- •Жауабы:
- •2.Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.
- •3.Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •2.Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.
- •3.Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •2.Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
- •3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
- •Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- •Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- •3.Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.
- •Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- •Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.. Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- •3.Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы отарлық езгіге қарсы азаттық күрестері.
- •Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- •«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •2. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- •3.«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •2.Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктерді талдаңыз. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
- •3. Хіх ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің аумақтарын картаға белгілеңіз
- •1.Қазақ кср-нің құрылуының тарихи маңызы.
- •2. Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- •1. Қазақ кср-нің құрылуының тарихи маңызы.
- •2.Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- •3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Жауабы:
- •2. «Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз.
- •3. Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.1921-1922 Және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
- •3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.
- •2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •3. 1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары
- •3. 1891 Жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
- •Жауаптары:
- •2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
- •3.. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
- •3.Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Алғашқы адамдардың кәсібі.
1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
Жауаптары:
Алғашқы адамдардың кәсібі.
Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады.
Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын,бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі.Палеолит-ежелгі тас ғасыры,мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіре жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
2.1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы-Астрахан губерниясына қарады.
1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды.
1890жылғы «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Закаспий облысы 5 уезден тұрды: Мерв, Теджент, Ашхабад, Маңғыстау,Красноводск .
2. Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты - әскери-губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды). 1886-1891жж. ережелер бойынша генерал-губернаторлықтарды басқаратын генерал-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар, уездік қалаларда –полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868жж. ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болатын. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметі уездік начальник тарапынан қатаң бақыланып отырылды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. Ал, 1886-1891жж. ережелер бойыша, түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. Земстволық салық жергілікті әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Әрбір қазақ шаңырағы мынадай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы- 4 сом, земство салығы -1 сом 25тиын, қоғамдық салықтар (жеке салықтар) -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы -7 сомды құрады. Отырықшы аймақтарда жер салығы белгіленіп, жер өңдеуші салықты ақша түрінде күзде төлеуге тиіс болды.
1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
