Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод с рус на каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213 Кб
Скачать
☆

3.1 Жұмыс өндірісінің әдістерін таңдау және негізгі құрылыс машиналары

Көлемдік - жоспарлы талдау бойынша және конструктивті шешім бойынша:

1) ғимарат 3 захваткаға бөлінген:

- 1 захватка А - Е ,1 – 4 өсімен;

- 2 захватка А – Е , 5 -7 өсімен;

- 3 захватка А-И , 8 – 13а өсімен.

2) құрылымдарды монтаждау үшін келесі әдістерді қабылдаймыз:

- монтаждау ағынының даму бағыты бойынша – бойлық;

- элементті монтаждау жүйесі бойынша – аралас;

- ғимаратты биіктікке салу жүйесі бойынша–арттыру;

- конструкцияларды жобалау жағдайы бойынша – шектеулі - еркін ;

- конструкцияларды монтаждауға дайындау әдісі бойынша– обьект жанындағы қойма;

3) келесі негізгі құрылыс машиналарын қабылдаймыз:

- трактор Т79 ;

- бір ковшты гидравликалық экскаватор,күрекпен жабдықталған ЭО-4321;

- бульдозер Т100;

- тіркемелі тығыздағыш машинасы 25т;

- мұнаралы кран КБ-408.21

- жебелі автокран КС-35714 (Ивановец) .

3.2 Негізгі жұмыстарды жүргізу технологиясы

3.2.1 Өндіру жұмыстарының нөлдік циклі.

Нөлдік цикл жұмыстары басталғанға дейін барлық демонтажды жұмыстар және желілерді өткізу жұмыстары мен құрылыс алаңындағы нысандар жергілікті рельеф шарттарына сәйкес төмендегідей орындалуы қажет:

- топырақтың өсімдік қабатын кесу және тігінен жоспарлау;

- автожолға төсемені орнату;

- жер үсті суларын арықтар арқылы ағызу;

- сусымалы топырақ қабатын тығыздалған топыраққа ауыстыру.

3.2.2 Темірбетон және металл құрылымдарын монтаждау және орнату

Құрылыс алаңында монтаж жұмыстары басталғанға дейін келесі жұмыстар орындалуы керек:

- автожол төселуі керек;

- материалдарды қоймалау территориясы жоспарлануы керек;

- қажетті орындар жоспарланған желі бойынша сумен,электрмен жабдықталған болуы керек (уақытша желілік қосылым нүктесіне);

- құрылымдарды монтаждау механизмі орнатылғын,тексерілген;

- монтаждау механизмі үшін құрылыс алаңы дайындалған;

- өндірістік монтаждау жұмыстары үшін алаң дайындалған, жоспарланған, тазартылған болуы керек;

- құрылғы және ғимараттың іргетас астына каркас орнату.

Бетон қоспасын дайындау құрылыс индустриясына сәйкес жүргізіледі, бетонды құрылыс алаңына арнайы автотранспорт арқылы жеткізіледі.Олар: автоерітінді дайындағыш, автобетон тасымалдағыш,автобетон араластрығыш.

Каркасты монтаждау аралас әдіс бойынша жүргізіледі: алдымен бағана бетондалады, кейін бағананың беріктігі артқан соң жабынды бетондауға жіберіледі. Бетон беріктігіне жеткеннен кейін қалыптау басталады. Кейін сыртқы қабырғаны қалау және ішкі қабырғаны қалау және витражды монтаждау жүргізіледі.

Монтаждау қойманы объектілеу әдісі бойынша жүргізіледі. Құрылымдар мен материалдарды қоймалау салынып жатқан нысанға жақын, механизмді монтаждау аймағында орналасуы керек. Тиеп- түсіру жұмыстары үшін өздігінен жүретін кран қолданады.

3.2.3 Тас қалау және әрлеу жұмыстары

Өндірісте тас қалау жұмыстары басталғанға дейін келесі жұмыстар қабылданып , аяқталуы керек:

- автожолдар және қойма алаңдары орналастырылады ;

- қоймаға жеткізілген құрылыс материалдарының көлемі мен номенклатурасы құрылыстың бас жоспарына сәйкес болуы керек ;

- дайындалған және жұмыс орнына келіп түскен механикаландыру құралдары, құрал-саймандар, керек-жарақтар жұмысты ұйымдастыру сызбасына сәйкес болуы керек ;

- нөлдік цикл жұмыстары аяқталған болуы қажет;

- іргетасты өске бөлу керек;

- белгіленген белгілер бойынша бірінші қатарды қалау;

- жұмыс орнына келіп түскен ерітінді мен кірпіш жұмыс ұйымдастыру сызбасына сәйкес болуы керек.

Қалау кезіндегі негізгі процестерге: төсеме орнату,тікелей қалау және маңдайшаларды орнату жатады.

Тас қалау жұмыстары екі бригадада бес адам арқылы жүргізіледі.Әрбір бригада жеке захватка бойынша жұмыс жасайды. Әрлеу жұмыстары механикаландыру құралдарын - сылақ агрегаттары, сырлау жұмыстарын атқару үшін электрокраскопульт және шағын мехнизация құралдарын қолдану арқылы орындалады.

3.3 Іргетас салу үшін технологиялық карта дайындау

3.3.1 Технологиялық картаны қолдану облысы

Бұл технологиялық карта 10 қабатты сауда – кеңселік монолитті үйдің монолитті іргетасын салу үшін дайындалған. Құрылыс орны Миасс қаласы, Лихачев көшесі . Карта жұмысшалардың еңбегін ұйымдастыру және өндірістік процестер кезіндегі өзара үйлесімділікті орнатуға арналған.

Жұмыстарды орындау үшін автобетоннасосын (маркасы KCP-40RX170 шассиінің базасында "Урал" 6х4 максималды өнімділігі 170 м3 /сағ ) пайдалана отырып ұйымдастырады. Іргетас плитасын салу кезінде PERI TRIO маркалы қалып қолданылады.

3.3.2 Жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін таңдау

Барлық ғимаратты үлкен жұмыс көлеміне байланысты үздіксіз бетондау мұмкін емес, үздіксіз бетон қоспасын төсеу тек қана көлемді құрылыс блогында (яғни құрылыстың бір бөлігінде) орындалады, ал аралас блокты, бетонның беріктігі 1,5 МПа –дан кем болмаған жағдайда бетондайды. Іс жүзінде бұл аралық бір немесе екі ауысымға тең (яғни бір тәулік кезінде екі ауысымдық жұмыс). Бөлінген төрт блокты бетондау:

- 1-блок В1-И , 8 – 13а осімен;

- 2 блок А1-В, 8 – 13а өсімен;

- 3 блок А – Е, 5 – 7 өсімен ;

- 4 блок А – Е ,1 – 4 өсімен.

Іргетас плитасын арматуралау толығымен, ішкі блокты қалыптау кезінде алынбайтын қалыпты орнату арқылы жасалады. Мұндай ұйымдастыру

жұмыстарына көлденең жұмыс жіктері жатады. Тік жіктер шөгінді жіктер орналасқан жерде орнатылады.