- •Құқық негіздері пәнінен Лекция жинағы
- •1.Құқық негіздері курсының жүйесі
- •Құқық негіздерінің жүйесі, пәні
- •Құқық негіздерінің қайнар көздері
- •Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктер
- •Қазақстан республикасының конституциялық құқығының негіздері
- •2. Конституциалық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
- •Қазақстан республикасының құқық қорғау органдары және сот
- •3. Құқық қорғау органдарын ұйымдастырудын және олардың
- •Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
- •Мемлекеттік басқару негіздері
- •Мемлекеттік қызмет
- •Қазақстан республикасы әкімшілік құқығының негіздері
- •5. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
- •Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
- •Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Қазақстан республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері
- •6. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы туралы жалпы
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
- •Меншік құқығы
- •Міндеттеме түсінігі
- •Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы
- •Санаткершілік меншік құқығы
- •Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
- •6. Қр отбасы құқығы негіздері
- •7.Қ.Р. Тұрғын үй құқығының негіздері
- •7.1 Қазақстан Республикасында тұрғын үй құқықтық қатынастары. Тұрғын үй заңнамасы.
- •8.Мемлекеттік қаржылық қызметі.
- •Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасының бюджеттік құқығының пәні, әдістері
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Қ.Р салықтық құқық негіздері
- •2.Салықтардың белгілері,қаржылық қатынастар жүйесіндегі рөлі мен маңызы.Салық салудың классикалық принциптері.
- •3.Салықтың элементтері.
- •4.Салықтардың функциялары: маңызы,негізгі түрлері.
- •5.Салықтардың топтастырылуы: оның негіздері,белгілері,топтары,түрлері
- •Қазақстан республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы
- •10. Қр Еңбек құқығының ұғымы және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Еңбек және жеке еңбек шарттары. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
- •Еңбекті қорғау. Еңбек даулары
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері.
- •11. Қазақстан Республикасының экология құқығы
- •Экология құқығының ұғымы
- •Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау
- •12 Қ.Р. Жер құқығының негіздері
- •13. Қылмыстық құқық негіздері
- •Қылмыстық құқықтың ұғымы.
- •Қылмыстың құрамы
- •Қазақстан республикасының іс жүргізу құқығы
- •14. Қылмыстық және азаматтық істер жүргізу құқығы
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
- •Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •Ұсынылатын нормативтік- құқықтық актілердің тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Құқық негіздерінің қайнар көздері
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатанастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
