Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TOLKE блшегі Нарик Адилби.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716 Кб
Скачать
☆

1.3. Базалауды таңдау

Базалау принципі қатаң түрде мына МЕМСТ 21495-76 бойынша жүргізілуі қажет. Өңдеу маршрутын жасаймыз және оны таблицаға енгіземіз.

Технологиялық базаны таңдау барысы жалпы ережелер қатарымен жүргізіледі. Жоғары дәлділік тек бір базаны барлық операцияға қолданғанда ғана жеткілікті болады, яғни база тұтастық принципі сақталған кезде. Мүмкін болған жағдайда технологиялық базаны өлшемдік базасымен үйлестірген жөн. Технологиялық және өлшемдік базаны бір – бірімен үйлестірген жағдайда базалау қателігі нөлге тең болады.

Таңдалған технологиялық база бекіткіш құралдармен бірге дұрыс базалау мен дайындаманың сенімді бекітілуі, өңдеу кезіндегі орынының жылжып кетпеу кепілдігі, сонымен қатар айлабұйымның қарапайым конструкциялануы, дайындаманы орнату мен шешудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Базалауда шыдамдылықтың ауытқу өлшемі нөлге тең болатын орнату схемасын таңдау маңызды егер бұл жағдайларды орындай алмасақ, онда орнату схемасын мынадай шартта қабылдауға болады: егер базалау ақауы орындалатын технологиялық әрекеттегі шыдамдылық өлшемінің шегінен асып кетпейтін болған жағдайда.

    1. Жабдықты таңдау

«Төлке» - бөлшегін дайындауда мен Моделі 16К20 білдегін таңдаым, білдектің сипаттамасы ол бағыттауыш тұғыр үстінде орналасқан дайындаманың максимал диаметрі 400 м, ал суппорттың үстінгі бөлігінде 220 мм, өнделетін дайындаманың максимал ұзындығы шамамен 1300 мм. Электрқозғаушы жетектің қуаты 10 кВт, бұл дайындаманың жону кезінде көптеген әдіптерді шешуге мүмкіндік береді.

Айналдырықтың үлкен айналым саны 2000айн/мин кесудің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Білдек 0,075-тен 4,46 мм/айн дейін 48 бойлық беріліс және көлденіңен 0,038-ден 2,23 мм/айн бар. Бұранданың барлық түрлерін кесуге мүмкіндік береді.Білдекте ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді сырт жону және күйлеуге, оларға бұранданы кесуге, БИД әдістерімен, бұрғылау, бұрғылап кеңейтуге, центрлеу, ұңғылау,тесіктерді ұңғылау (сыртқы жону және беттік сығымдау),цилиндрлік және конустық беттерін сыртқы жону және беттік сығымдау, дайындаманы тіліктеу және кесу, жырашықты жону,арнайы техникалық жабдық қолданғанда сұлбалы және көпжақты беттерді өңдеуге болады.

Бойлық және көлденіңен беріліс бағытында білдектің өндетілген орын ауыстыру механизмі бар. Моделі 16К20 білдегінің 1.4.1 - суретте көрсетілген:

1.4.1 – сурет - Моделі 16К20 білдек құрылғысы

Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.

Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.

Айналдырық – кинематика қатардағы жылдамдық қорабының соңғы білігі. Центрі орнатылатын (центр жұмыс істеу үшін) конустық тесік бар және өнделетін дайындаманы бекіту үшін жұдырықты және жетектемелі қысқы құрайтын сыртқы бет бұрандасы болады.

Айналдырықты қуыс болып өндіреді, өнделетін шыбық ты орналастыру үшін,еріліс қорабын тұғырдың беткі жағында бекітеді. Ол керекті беріліс шамасын және бұранданың кесу қадамын қолдануды қамтамасыз етеді.

Беріліс бұрандасына хабарлауды құралкүймешік қызмет атқарады. Бойлай жылжыма немесе бұнақ деп аталатын құралкүймешіктың төменгі бөлігі, бойлай беріліс кезінде станинаның бағыттауышы арқылы қозғалады. Оның үстінде көлденіңен қозғалыс кезінде дайындаманың айналу өсіне перпендикуляр орын ауыстыратын көлденең жылжыма орналасқан. Көлденең жылжыманың үстінде кескіш бекіткіш пен сыртқы бұрылыс құралкүймешік орналасқан.

Алжапқыш құралкүймешіктың бұнағына бекітіледі. Оның ішінде механизм орналастырылған, оның көмегімен айналу қозғалысы, айналдырықтан жүріс білікшісіне немесе жүріс бұрамасына беріледі, құралкүймешіктың ілгерлімелі түзусызықты (бойлық немесе көлденіңен) қозғалысқа айналады. Оның ішінде көлденіңен немесе бойлық берілісті, бұранданы кесу үшін қозғалыс, сонымен қатар құралкүймешіктың тездетілген орын ауыстыруын қосу үшін арналған қондырғы.

Артқы тұғыр центрдегі жұмыс кезінде өнделетін дайындаманы ұстау үшін қызмет етеді, сонымен қатар тесіктерді өндеген кезде оның ішінде бұрғыларды, ұңғыларды және т.б. құрал-жабдықтарды бекітуге болады.Ол үшін артқы тұғырдың сүйеу төлкесінде конустық тесік бар. Артқы тұғыр іліну механизмінің көмегімен құралкүймешікпен қосыла алады және механикалық берілісті жүзеге асыра алады.