Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Методические указания по выполнению дипломной работы. КАЗ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

2.3.Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма

2.3.1. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманың үлгісі 2 қосымшада көрсетілген.

2.3.2. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетіп, кафедра меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа (жобаға) қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.

2.3.3. Жекелеген жағдайларда дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке бөлімдері бойынша ғылыми жетекшілікке берілген сағаттар көлемі шегінде (24 сағ.) дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада көрсетіліп, кеңесшілер шақырыла алады.

2.3.4. Күнтізбелік кесте әдебиеттерді таңдаудан бастап алдын ала қорғаудан өтуге дейінгі дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың барлық сатылары көрсетіліп, бүкіл кезеңге құрылады [2 қосымшаны қараңыз].

2.3.5. Инженерлік-техникалық мамандықтарда білім алатын студенттер дипломдық жұмыстарында (жобаларында) негізгі тақырыптан басқа өндіріс технологиясы, автоматтандыру, кешенді механикаландыру, стандарттау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару, еңбекті қорғау мәселелері, өнеркәсіптік экология, жобаларды экономикалық негіздеу мәселелеріне түсінік беруді қамтамасыз етуі қажет.

Ескерту. Әдетте мұндай қосымша ақпарат қосымшаларда орналастырылады. Сондықтан инженерлік-техникалық және бірқатар жаратылыстану-ғылыми мамандықтар үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің жеке шешімімен қосымшалар ҚР МЖБС 5.03.016-2009 8.43 т. сәйкес беттерді алмастырмай номерлеуді қолдану арқылы (60-90) дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы көлеміне енгізілді.

2.3.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі пайдаланылған есептеулер әдістерін негіздеу, өткізілген тәжірибелерді суреттеу, әр түрлі нұсқаларды салыстырмалы талдау арқылы жұмыс тақырыбының мақсатын, міндеттерін ашып, суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар, схемалар және компьютерлік технологияны қолдану болуы қажет.

2.3.7. Дипломдық жұмысты (жобаны) студент жоғары оқу орнындағы сияқты зерттеу нысаны мен пәніне сәйкес басқа кәсіпорындарда, ұйымдарда, жобалық-құрастырушылық бюроларда, ҒЗИ-ларда орындай алады.

2.4. Дипломдық жұмыстың құрылымы

2.4.1. Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 60-90 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген ғылыми-зерттеу жұмысы, гуманитарлық мамандықтар бойынша көлемі 100 бетке дейін баруы мүмкін. Қосымшалар көрсетілген дипломдық жұмыс (жоба) көлеміне енгізілмейді.

2.4.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:

  • Мұқабасы

  • Бірінші беті

  • Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма

  • Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)

  • Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар)

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша (лар)

2.4.3. Мұқаба мен бірінші бет дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Дипломдық жұмыстың мұқабасы мен бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Мұқаба мен бірінші беттің үлгілері 3 және 4 қосымшаларда келтірілген.

2.4.4. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында дипломдық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:

  • Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі;

  • Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;

  • Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;

  • Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі

«Мазмұнының» үзгісі 5 қосымшада келтірілген.

2.4.5. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, мін деттері және нысаны қалыптастырылып, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрауы мүмкін.

2.4.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмысқа (жобаға) 2-3 тарау енуі мүмкін.

Бірінші тарау - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатьын мәселенің мағыналық аппараты, әдіснамалық негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әр түрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет.

Екінші тарау – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факуторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденцтялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.

Үшінші тарау – түйіндік, ұсынымдық. Бұл тарау 2-3 параграфтан тұруы мүмкін, оларда зерттеліп отырған мәселені теориялық және тәжірибелік талдау негізінде зертттеліп отырған мәселенің кемшіліктері, аталмыш саладағы шешілмеген мәселелер, моделдеу мен жағдайды қолдану арқылы әрі қарай даму келешегі мен мәселені шешу жолдары анықталады, сонымен қатар зерттеу нысанының қызметін ұйымдастыру және басқарудың жеке бағыттарын жетілдірудің басқа да мүмкіндікті жолдары ұсынылады.

2.4.7. Қорытындының көлемі 3-5 беттен тұрып, дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

2.4.8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 30-дан кем емес дерек көздері енгізілуі қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.

2.4.9. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.