Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арыс дп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Станса жұмысын жоспарлау және жедел басқару

Теміржолдың пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау, тасымалдау үрдісін ұйымдастыру жүйесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады және жүк түсіру мен тиеудің айлық мөлшерлерінің, пойыздар мен вагондарды жолдар мен тасымалдау бөлімшелерінің арасында беру мөлшерлерінің, бос вагондарды тапсыру бойынша реттеу тапсырмаларының, жылжымалы құрамды қолданудың техникалық мөлшерлерінің орындалуы мен шамадан тыс орындалуын қамтамасыз ету керек.

Шұғыл жоспарлаудың мақсаты болып:

  • сұрыптау, телімдік және ірі жүк стансаларынан жөнелтілетін пойыз саны мен жөнелту уақытын

  • анықтау;

  • жолдың барлық телімдері бойынша жүру өлшемдерін және тасымалдау бөлімшелері мен жолдар арасында пойыздар мен вагондарды беру өлшемдерін анықтау;

  • белгіленген жүріс өлшемдерін қамтамасыз ету үшін локомотив пен локомотив бригадаларының қажеттілігін анықтау;

  • жүк түрі, жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы жүк тиеу көлемдерін анықтау;

  • реттеу тапсырмалары бойынша тапсырылатын вагондар санын, оларды жөнелтумен жүргізу тәртібін анықтау;

  • жергілікті жүкті және бос вагондарды тиеу үшін тарату тапсырмаларын анықтау;

  • жылжымалы құрамды қолданудың көрсеткіштерін анықтау.

Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау. Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлаудың құрамына станса, тасымалдау бөлімшесі және жол жұмысының тәуліктік, ауысымдық жоспарларын өңдеу кіреді. Ауысымдық жоспар, жоспарланатын тәулік алдындағы тәуліктің 13 сағатына дейін өңделіп, бекітуге берілу керек, сонымен қатар, тәуліктің бірінші жартысындағы тапсырмалар бөлектеліп, желілі кәсіпорындарға 14 сағаттан кешікпей хабарлану керек.

Жоспарды орындау барысы тәулік бойы қадағаланып, екі рет (17-19 сағ және 9-10сағ) қарастырылады, қажет болған жағдайда, оның жеке көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Пойыз және жүк жұмысының ауысымдық жоспары, тәуліктік жоспардың негізінде, ауысымның жұмыс аралығындағы жағдайын ескере отырып, құрастырылады.

Пойыз жұмысын ағындағы жоспарлау, 4 және 6 сағаттық аралықтар бойынша жүзеге асырылады және пойыздарды жөнелту уақытын анықтауды, локомотив және локомотив бригадаларын график желілері бойынша байланыстыруды алдын ала қарастырады.

Пойыз және жүк жұмысын ЭЕМ қолдана отырып жоспарласа, жұмыстың негізгі өлшемдері екі, үш тәулікке жобаланады.

Шұғыл жоспарды құрастыру үшін қажетті бастапқы берілгендер: пайдалану жұмысының айлық мөлшерлері; пойыздардың жүріс графигі және құрастыру жоспары; пойыздарды, вагондарды өңдеудің, жүк операцияларын орындаудың технологиялық мөлшерлері; пойыз, жүк жұмысы және вагон паркы жөніндегі шұғыл есеп; жүк жөнелтушілердің жүк тиеуге вагондарды беру үшін тапсырыстары, маршруттау жоспары, көрші жолдардан, бөлімшелерден және стансалардан жақындаған пойыздар мен вагондар туралы ақпарат, пойыздар мен вагондарды беру жобасы; жоспарланатын тәуліктегі жолдың есептеу орталығынан алынатын маңызды көрсеткіштердің жобасы.

Тасымалдау үрдісін басқарудың барлық деңгейлерінде шұғыл жоспарлауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат: ағындағы, алдын ала және дәл. Станса жұмысының барысы және жол телімдері бойынша пойыздардың жүрісі туралы ағындағы ақпарат үздіксіз беріледі және пойыздар жүрісі мен станса жұмысын басқарудың негізі болып табылады.

Станса және тасымалдау бөлімшелері үшін пойыздардың жақындауы туралы, жол және бөлімшелер түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру туралы ақпарат тәуліктік және ауысымдық жоспарларды құрастыру үшін қажет. Стансалар үздіксіз телегерамма-натур қағазы және мәлімет түрінде беріп отыратын дәл ақпарат, сонымен қатар, үш сағаттық аралықтар бойынша, жақындаған пойыздар туралы тасымалдау бөлімшелері беретін ақпарат, пойыздарды қабылдау, жөнелту құрастыру және тарқату, вагондарды беру-алу жоспарын құрастыру үшін қажет. Алдын ала және дәл ақпарат, жүк немесе тиеу үшін бос вагондар баратын жүк қабылдаушыларға хабарланады.

Ауысымдық-тәуліктік жоспарды өңдеу тәртібі және оны орындау жауапкершілігі. Жолдың пойыз және жүк жұмысының тәуліктік жоспарын, тасымалдау қызметінің шұғыл басқару бөлімінің басшысы тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчерлерімен бірге өңдейді, оны жолбасшысы немесе оның бірінші орынбасары, бөлімшелерде – тасымалдау бөлімшесінің басшысы немесе оның бірінші орынбасары бекітеді.

Пойыздарды сұрыптау, телімдік және ірі жүк стансаларынан жөнелтудің ауысымдық жоспарын, тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчері немесе оның орынбасары, ал 4-6 сағаттық аралыққа – бөлімше кезекшісі станса (маневр) диспетчерімен, локомотив диспетчерімен және депо кезекшісімен бірге өңдейді.

Стансаның жүкті тиеу және түсіру бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспарларын станса басшысы немесе оның орынбасары, қажет болған кезде, жүк тиеу-түсіру дистансаларының басшысымен, жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылар мен бірігіп өңдейді.

Тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуы бойынша:

  • станса басшысының алдында – станса (маневр) диспетчері есеп береді;

  • тасымалдау бөлімше басшысының алдында – станса басшысы, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі есеп береді;

  • тасымалдау бөлімшесі және қызмет басшыларының алдында – тасымалдау бөлімшелерінің басшылары есеп береді;

  • тасымалдау бөлімшесі басшысының алдында – шұғыл басқару бөлімбасшысының ауысымдық орынбасары және кезекші аға көмекшілер есеп береді.

  • ДС-станса бастығы

  • ДСЦ-маневр диспетчері

  • ДСП-станса кезекшісі

  • ДСПП-парк бойынша кезекші

  • ДСПГ-дөңес кезекшісі

  • ДСПФ-құрастыру бойынша кезекші

  • ПКО-коммерциялық тексеру пункт

  • РСДВ-жылдамдықты реттеушілер (башмачниктер)

  • МЛМ-маневр локомативінің машинисті

Станса жұмысын жедел басқаруды станса бастығы орындайды. Ол торабтың пайдалану және жүк жұмыстарын басқарады, станса арасындағы вагон ағымының орындалуын реттейді және тасымалдау жоспарының орындалуын бақылайды.

Тәуліктік жоспар тасымалдау бөлімшесінен алынады. Жоспарда арту түсіру мөлшері, тәуліктегі барлық бағыттар бойынша қабылданатын, жөнелтілетін жалпы пойыздардың саны, бағыттары көрсетілген бос вагондардың жөнелтілуі және басқада тапсырмалар көрсетіледі.

Смендегі станса жұмысының жоспарын станса бастығы жазады. Жоспарды жазу үшін мыналарды негіз етеді: пойыздар қозғалысының кестесі немесе құрау жоспары, тасымалдау бөлімшесінен алынган тәуліктік немесе смендік тапсырмалар, жоспарланатын уақытқа стансаның жағдайы, пойыздардың және жүктің келуі туралы мәліметтер, пойыздар мен вагондарды өңдеудің техникалық нормалары.

Жұмыс жоспар мыналардан құралады: әр бағыт бойынша смендегі жөнелтілген пойыздардың саны, вагондарды апарып беру және алып қайту тапсырмасы және басқа да тапсырмалар.

«МК85» стансасының маневр диспетчері тәуліктік жоспар жұмысты сменге түскен барлық жұмысшыларға хабарлайды. Смендік және тәуліктік жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін маневр диспетчері орындалған жұмыстың кестесін сызады.

ДС

ДС орынбасары

ДС орынбасары жүк және коммерциялық

Бас инженер

ДСП

ДСЦ

Техникалық бөлім

Тов контора

ДСП

ДСПГ

Жүкті қабылдап тапсырушы

ПКО

Тауар кассирі

КПП

ДСПП

ДСПП

Дөңес операторы

ДСПФ

құрастырушылар

құрасырушылар

РСДВ

маневр. жұмыстары бойынша лок. машинисті

сигналшылар