Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
500 Кб
Скачать
☆

3. Шокка қарсы іс-шаралар:

а) бұлшық етке тез арада егу:

— 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 20 минут, АҚ бақылау;

— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер!  б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады. 4. Аллергияға қарсы ем;к\т преднизолон 90-150 мг . 5. Симптоматикалық ем: а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін-вазопрессорлы аминді, систолалық АҚ ≥ 90 мм.с.б. келгенше к\тамырға титрлеп енгізеді. Допамин к\т тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықта (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі;  б) брадикардия дамыса 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз;  в) бронхоспастикалық синдромда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу.

 Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

6. Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу техникасының алгоритмі.

Мақсаты: Ауру сезімін азайту, жарақаттық шоктың алдын алу, тіннің қайта зақымдануы, екіншілік қан кету, жараның іріңді асқынуын алдын алу, науқасты тасымалдауға жағдай жасау.

Көрсеткіші: Жауырынның, иықтың және қол сүйектерінің сынығында.

Қарама-қарсы көрсеткіштері: Науқастың жағдайы өмірмен сиымсыз, ауыр шок.

Керекті құралдар:

-крамер жақтауы ұзындығы 1м, көлденеңі 10см;

-залалсыздандырылмаған таңғыш заттар ( салфетка, мақта шариктері);

-бинт, дәке, мақта;

-мақта-дәке жастықшасы;

-залалсыздандырылған шприц;

-зембіл;

-ҚКҚ

-СИЗ

Анальгетиктер (1мл 2 % промедола б/е, н/сет фентанил 1 мл 0,005% )

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:

- жарақат аймағының ауруы, қорқыныш сезімі;

- жарақаттың болуы, қансырау;

- естен тану,сикопальді жағдай, шок;

- қозғалыстың шектелуі;

- терінің, буындардың және жүйке талшықтарының сүйек жарықшағымен екіншілік зақымдануы;

- жарақатқа инфекцияның түсуі.

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Қол-аяқтың зақымдануына қарай шинаны таңдау.

  7. Жақтау салудың алдында зақымданған жерді дәрігердің тағайындауымен жансыздандыру,

  8. Иық буынынан ағып жатқан қанды белгілі әдістердің бірімен тоқтату.

  9. Жараға асептикалық таңғыш салу.

  10. Жақтау дайын болмаса, жақтауды жұмсақ материалмен орау қажет (бинт, мақта), сүйектің шығып тұрған жеріне ойылудың алдын алу үшін мақта шариктерін қоямыз;

  11. Зақымдалған қолдың қосымша жарақатын болдырмау үшін жақтауды киімнің үстінен саламыз.

  12. Көмек көрсетуші жақтауды өзіне өлшеп алады. Жақтаудың бір ұшына 2 ұзын бинт байланады. Егер жақтауды қойған кезде дұрыс өлшенбегені байқалса оны алып тастап, қайта өлшеу керек;

  13. Жақтау салатын мүшеге ыңғайлы жағдай жасау керек: қолтық астына иығын аздап шалқайту үшін кішкене жастықша қоямыз:

  14. Қолын шынтақ буынынан 90 градусқа бүгіп, білезік буынын 45градуста жазып, пронация мен супинация аралығындағы орташа жағдай жағдай туғызамыз;

  15. Жақтаудың бір басына шынтағы мен білезігін, саусақтарын қойып, бос қолымызбен екінші шетін ұстаймыз да жақтауды иық пен арқаның артқы жағымен сау қолының иық тұсына бағыттаймыз

  16. Жақтаудың жоғарғы жағы қозғалмау үшін, алдынан және артынан сау иық буынына жақтау ұшына байланған бинтпен бекітеміз.

  17. Жақтауды қолға бинтпен бекітеміз (спираль тәрізді, тасбақа тәрізді, масақ тәрізді).

  18. Қолын орамалмен мойнына іліп қоямыз.

  19. Науқасты отырғызып зембілмен ауруханаға тасымалдаймыз.

  20. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  21. Қолды жуу және кептіру.

Нәтижені бағалау: Қол сүйектері жақсы бекітілген, ауру сезімі басылды, зақымдалушының жалпы жағдайы жақсарды.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы