Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Farmatsevticheskiy_marketing_i_menedzhment_kaz-1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.2 Пәннің мақсаты

Студенттердін фармацевтика бизнесін ұйымдастыру және фармацевтикалық нарықты басқарудағы білімін қалыптастыру.

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың айналым сферасында сауда операцияларын жүргізу үшін қажетті теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды білім алушыларда қалыптастыру.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері

Студенттерді фармацевтикалық менеджмент және маркетинг негіздерімен таныстыру.

Фармациядағы менеджмент және маркетинг жүйесіндегі дәрілік заттармен, камтамасыз ететін субъектілермен таныстыру (түсінік беру).

Үйрету:

  • фармацевтикалық қызметті басқару әдістеріне;

  • басқару шешімдерін қабылдау тәсілдеріне;

  • маркетингті басқару әдістеріне;

  • маркетингтік ортаны зерттеу әдістеріне;

  • маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістеріне;

  • қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес студенттерге мерчандайзингті ұйымдастыру тәртібі, мақсаты мен міндеттері, негізгі принциптері;

  • ҚР дәріхананың сауда қызметін реттеу;

  • Алматы қаласының дәріхана желісін мысалға алып, дәріханадағы мерчандайзинг методолгиясы - туралы білім беру;

  • дәріханадағы сатуды басқаруды жетілдіру және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тиімді сату әдістері бойынша студенттерде білім мен дағдыларды қалыптастыру.

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері

Студенттерде төмендегі тараулар бойынша білім қалыптастыру керек:

  • менеджмент теориясы мен практикасын;

  • фармациядағы менеджмент жүйесін;

  • фармациядағы менеджмент функциясын;

  • басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін;

  • фармациядағы маркетинг концепциясын;

  • маркетингті басқару процессін;

  • маркетингтік ортаны;

  • маркетингтік зерттеу жүйесін;

  • ҚР дәріхананың сауда қызметін реттеуді;

  • дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың заманауи номенклатурасын, олардың сипаттамаларын;

  • мерчандайзинг позициясынан дәріханаға қойылатын талаптарды;

  • мерчандайзингтің негізгі құралдарын: дәріхананың орналасқан жері; дәріхананың сыртқы түрі, интерьер, сауда кеңістігін жоспарлау; жобалау (бөлімдерді, жұмыс орындарын бөлу және олардың дизайны); сакда орындарының жабдықталуы және құрал-жабдықтары; сауданың жеке принциптерін жүзеге асыру; мамандарды сату дағдыларына үйрету;

  • бөлімдердің орналасуын, сауда залындағы жарнамалық материалдарды, ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік препараттардың презентациясын жоспарлауды;

  • видеоэкология элементтерін;

  • фармацевтикалық қызметкер мен сатып алушы арасындағы психологиялық аспектілерді;

  • сату-сатып алу процесінің психологиясын;

  • мерчандайзинг эксперименттерінің нәтижелерін өңдеуді;

  • ҚР фармацевтикалық нарығында дәріхана желілерінің түзілу тарихын;

Практикалық дағды қалыптастыру:

  • менеджментті фармацевтикалық қызметті басқару құралы ретінде қолдануды;

  • маркетинг концепциясын, маркетингтік ортаны, фармацевтикалық нарықты дифференциялауды;

  • сапалы фармацевтикалық қызметті тиісті түрде ұсынуды;

  • кәсіби этика мен құпиялылықты сақтауды;

  • мерчандайзингтік зерттеулерді жүргізуді құжатта көрсету, сараптық қорытындыларды құрастыруды;

Студенттерде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

  • басқару шешімдерін қабылдау;

  • маркетингтік зерттеулерді жүргізу;

  • маркетингті жоспарлау;

  • бөлімдерді, жарнамалық материалдарды сауда залындағы ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік заттардың презентациясын ұйымдастыру бойынша.

Құқықтық дағды қалыптастыру:

  • нормативті-құқықтық, жетекшілік, ақпараттық, ғылыми құжаттармен жұмыс істеу бойынша;

  • маркетингті стратегиялық жоспарлауды; дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналым сферасында мерчандайзингті жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық, заңды және әдістемелік негіздерін;

Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру:

  • нормативтік, ғылыми, анықтамалық ақпараттармен жұмыс істей білу;

  • фармация саласында ғылыми ізденістерді жоспарлай және жэүргізе білу;

  • экономиканың әртүрлі саласында шел ел тәжірибелеріне сүйене отырып антикризистік әдістерді

үйрене білу;

  • халықаралық келісімдерді ұйымдастыруды үйрену;

  • ISO 9000:2000 стандартарын үйрену;

  • заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпараттар жинау, оны өңдеу және талдау жасай білуге үйрену.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]