Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тараптар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆

1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны

Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінде көрініс табады. Заңға сәйкес тараптар тең процессуалдық құқықтарға иеленеді (33б. 3т), олардың көлемі іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл құқықтар жалпы деп аталады. Жалпы құқықтармен қатар оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптарында көрсетілген арнайы, диспозитивтік құқықтарда тиесілі.

Жалпы процессуалдық құқықтар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабы мен қарастырылған. Оларға:

  • іс құжаттарымен танысу құқығы;

  • іс құжаттарының көшірмесін түсіру;

  • іс құжаттарын жазба алу;

  • шығарып тастауға өтініш беру;

  • дәлелдемелер ұсыну;

  • дәлелдемелерді зерттеуге қатысу;

  • іске қатысушы өзге тұлғаларға, куәлар мен сарапшыларға сұрақ қою;

  • өтініш жасау,

  • сотқа жазбаша және ауызша түсініктеме беру,

  • сот өндірісі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша қортындылар мен ойлар ұсыну;

  • іске қатысушы өзге тұлғалар өтініштеріне, қорытынды мен пікірлеріне қарсы болу;

  • сот шешімі мен анықтамасына шағымдану;

  • Азаматтық іс жүргізу кодексімен бекітілген өзге процессуалдық құқықтарды қаодану.

Тараптардың арнайы құқықтары – жалпы процессуалдық құқықтар мен міндеттерден басқа заң тек азаматтық істің тараптарына тән құқықтарды қарастырады. Бұл құқықтар диспозитивтік болып табылады. Олар бір деңгейден екіншісіне өтуді болжайтын іс объектісінің қолдануына бағытталған. Бұл топта басым құқық қабілеттілік жоқ. Бұл құқықтардың кейбіреулері талапкерге тән:

  • талаптан бас тарту құқығы;

  • талап пәнін не негізін өзгерту;

  • талап көлемін көбейту не азайту;

сонымен қатар жауапкерге тән құқықтар да қарастырылған:

  • талапты мойындау, не мойындамау құқығы;

  • қарсы талап қой;

Үшіншілері тараптардың біртұтас әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін;

  • ортақ келісім жасау құқығы.

Бұл диспозитивтік құқықтардың бірі нақты сипатта және тараптар қарауымен толықтай жүзеге асады. Өзге құқықтар сот бақылауымен жүзеге асады. Сот дау пәнін иелену бойынша немесе жауапкердің талапты мойындауы бойынша егер заңмен қорғалатын өзге тұлғалар құқықтары мен мүдделерін бұзса дәне заңға қайшы келгенде тараптардың әрекеттерін қанағаттандырудан бас тарта алады. Сол уақытта заң тараптардың құқықтарына араласуға тыйым салады. Мысалы, соттың талап пәнінне негізіни талапкер келісімісіз өзгертуі шешімді жоюға әкеледі. Өз пайдасына шешім шыққан тарап шешімді күштеп орындауды талап етуге, шешімді орындау бойынша сот орындаушысы әрекеттері кезінде қатысуға және заңмен қарастырылған өзге процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.Кейбір құқықтарды анық қарастырсақ:

  • Талап пәнін, не негізін өзгерту құқығы, талап мөлшерін көбейту , не азайту, талаптан бас тарту, не оны мойындау, бейбіт келісім жасау құқығы .

Бұл құқықтарды диспозитивтілік қағидасы арқылы қарастырсақ: КСРО Азаматтық іс жүргізу кодексінің 34-бабының 1 тармағында талапкер талап пәнін не негізін өзгертуге, талап көлемін көбейтуге не азайтуға немесе талаптан бас тартуға; жауапкер талапты мойындауға, тараптар істі бейбіт келісіммен аяқтауға құқығы бар делінген. Бірақ талапкердің талаптан бас атрту, жауапкердің талапты тану, ол тараптардың бейбіт шешімге келу құқықтары бұрын сол баптың 2 тармағымен анықталған соттық қатң бақылау рөлімен қатты шектелген «Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса не кімде-кімнің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса талапкердің талаптан бас тартуын, жауапкердің талапты мойындауын қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді». Сонымен сот бұл процессуалдық әрекеттердің олар заңға қарсы емес деп есептегенде ғана емес, сонымен қатар олар «кімде-кімнің, сондай-ақ тараптардың өздерінің құқықтарын бұзған жағдайда орындалуына жол бермеуге міндетті болған. Тараптардың ұсынған бейбіт келісімінің шарттарымен олардың бірінің құқығын бұзылғанын істі тек қана мәні бойынша қарағанда мүмкін болған. Сондықтан соттық тараптардың шағымдануы жағдайында бейбіт келісімді бекіту туралы анықтамасын негізінен жоғары тұрған сот жол алған. Соттың арызданушы талапты мойындаған және оны сот қабылдаған жағдайдағы әрекеттерінің қандай болатыны туралы мәселені Азаматтық іс жүргіз кодексі мүлдем реттемеген. Сондықтан тәжірибеде сот барлық маңызды жағдайларды анықтауға, тіпті дау болмағанда да барлық дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға міндетті. Сондай-ақ сотқа бір тараптың басқа тарап, өз тараптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактісін тануына қабылдауға да жол берілмеген. Сот тараптың мойындаған фактісін, егер оның мойындауы «істің жағдайына сәйкес болса » ғана бекітілген деп есептеген, бірақ оны барлық өзге дәлелдемелерді зерттеу жолымен ғана бекіту мүмкін болған, яғни тараптың мәні бойынша фактіні мойындауы іс барысында көрініс таппаған. Ол қарапайым тәртіпте шешім шығару арқылы жүзеге асуы тиіс, ол оның негізделу бөлімі арқылы дәлелдемелердің жиынтықты түрде бағасынан тұруы тиіс еді. Сонымен диспозитивтілік қағидасы, яғни азаматтық сот өндірісінде өз құқықтарымен тараптардың иелену мүмкіндігі шектеулі болған . Бұл азаматтық құқық пен іс жүргізудегі жариялық бастаманың, жеке бастамадан басымдығымен, бұл қатынастарды реттеудегі мемлекеттің белсенді бақылау рөлімен түсіндірілген. Бірақ азаматтық құқықтағы негізі жеке құқықтар мен субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарда өз еркімен әрекет ету мүмкіндігін көбейту құраған түбегейлі өзгерістерден кейін диспозитивтілік қағидасын азаматтық іс жүргізуде бұлай реттеу жаңа азаматтық құқықтық қағидалық жағдайларына қайшы келген болатын. Осылай Қазақстан Республикасына әрекеті тараған және республикалардың азаматтық заңдылықтары негізінде азаматтар мен заңи тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтармен өз еркімен иеленуіне жол берілетіндігі көрсетілген. Осы сияқты сәйкес норма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де көрініс тапқан, ал оның сәйкес баптарында міндеттемелерді тоқтату: бас тартуды қабылдау және қарызды кешіру үшін жаңа негіздер бекітілген. Осылай, тараптар келісімі бойынша міндеттеме орнын толтыру жолмен тоқтатыладыделінген ( ақша төлеу, мүлік беру т.б). Оның көлемін, мерзімін және тәртібін тараптар өзара бекітеді. Заңға сәйкес сондай-ақ міндеттеме несие берушінің қарызгерді, егер бұл несие беруші мүлкіне қатысты өзге құқықтарын бұзбаса борышынан босату жолымен де тоқтатылады. Осылай жаңа азаматтық құқық нормаларына сәйкес өз құқықтарын қоғауын не қорғамауын, яғни сотқа шағымданатынын не одан бас тартатынын (сондай-ақ талап қойғаннан кейін одан одан бас тарту жолымен), талапты мойындау, мойындамауын, бейбіт келісімді қандай шарттарда жасайтынын және тағы басқа құқық қатынас субъектілерінің өздеріне ғана байланысты болады. Бастысы, біріншіден – бұл әрекеттер өз еркімен жасалуы тиіс, екіншіден – оның мәндері мен салдарын түсінуі тиіс, үшіншіден – бұл әрекеттер заңды бұзбауы тиіс, төртіншіден – бұл әрекеттерөзге тұлғалардың (тарап тараптардан өзге) құқықтарын бұзбауы тиіс(мысалы, бейбіт келісім іске қатыспайтын өзге тұлғаға тиесілі мүлік туралы жасалған.) Осыдан соң жаңа заң Азаматтық іс жүргізу кодекске сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Құқық мазмұнына байланысты жүйе қалыптастыратын тараптардың процессуалдық құқықтарын М.А Викут келесі үш топқа бөлген:

а) жүзеге асыруы істің дамуы мен қозғалуына әсер ететін құқықтар:

- талапкердің талап пәнін немесе негізін өзгерту, талап көлемін көбейту немесе азайту, талаптан бас тарту құқықтары;

- жауапкердің талапты мойындау құқығы;

- тараптардың бейбіт келісім жасау құқығы;

- аппеляциялық, кассациялық шағым беру және тағы басқа;

б) Істі қарауға қатысу құқықтары:

- сот өндірісіне өзі қатысу;

- сот өкілеттілігіне ;

- сот талқылауына түсу;

- айғақтарды зерттеуде қатысу және тағы басқв;

в) Кең мағынада тараптарды сот қорғанысымен қамтамасыз ететін құқықтар:

- шығарып жіберу құқығы;

- сот отырысы хаттамасына ескертулер енгізу құқығы және тағы басқа;

Тараптар өздеріне тиесілі құқықтарды адал қолдануы тиіс. Жалған негізделмеген талап берген немесе талапқа қарсы жалған дау туғызған, не істің дұрыс және жылдам қаралуы мен шешілуіне жүйелі түрде қарсы әрекет ететін тараптардан сот нақты уақытын жоғалтқан үшін басқа тарап пайдасына үстемақы өндіре алады. Әр тарап келесілерге міндеттенеді: өз талаптарын, не қарсылықтарының негізі ретінде жүгінетін жағдайларды дәлелдеуге, соттың айғақтарды ұсыну туралы сұранысын орындау, сот шығындарын өтеу, іс жағдайларына байланысты олардың сот отырысына қатысуын міндетті деп сот таныса сотқа келу. Азаматтық сот өндірісінде тараптардың теңдігі қағидасына сәйкес тараптар тең процессуалды міндеттер атқарады. Азаматтық іс жүргізу заңы процессуалдық беделдерді қоса иемденуге жол бермейді, іс жүргізудің қатысушысы тек бір ғана бедел иемденуі тиіс. Бірақ екі процессуалдық беделді иемденудің екі жағдайы белгілі:

  • егер жауапкер талапкерге қарсы талап қойып және сот оны қарауына алса, онда осы негіз бойынша жауапкер талапкер жағдайын, ал талапкер бұл жағдайда осы істе бір уақытта жауапкер жағдайын иемденеді.

  • Егер бірігіп қатысушылар істі жүргізуді біреуіне тапсырса, онда бұл құзыретті тұлға істе бір уақытта тарап та сот өкілі де болады.

В.Н Гапеевтің өз процессуалдық беделін қызығушы тұлғаның таңдау мүмкіндігі туралы азаматтық істе айтылған ойлары қызығушылық тудыртады, сондықтан оларды анығырақ қарастыру керек. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлға оларды қорғау үшін сотқа шағымданады және талапкер жағдайына өтеді. Талап қойып отырған тұлға жауапкер болады. Қызығушы тұлға іске қатысу туралы өз еркімен шешім қабылдайды, ал оң шешім қабылдаған жағдайда талапкердің, жауапкердің, үшінші тұлғаның процессуалдық жағдайын таңдау мүмкіндігін иемденеді. Кейбір жағдайларда істегі тұлғаның құқықтық жағдайы оның іске дейінгі алған жағдайымен қатаң түрде анықталады: несие беруші талапкер, ал қарызгер жауапкер болады. Бұл жағдайда несие берушінің ерік факторы қорғану үшін сотқа шағымдану не шағымданбай альтернативасымен шектеледі. Ал кейбір жағдайларда материалды құқық пен процессуалдық жағдай бір мәнді емес және тұлғаның өз құқықтық жағдайын таңдау мүмкіндігі пайда болады. Бұндай тұлғаның қарастыруынан оның іске қатысу немесе қатыспауы ғана емес, сонымен қатар өзіне қандай да бір процессуалдық жағдайды таңдауы да байланысты. Істе қандайда бір жағдайды таңдау ең алдымен іс жүргізуге дейінгі факторларға байланысты болады. Процессуалдық жағдай таңдаудағы негізгі түрткі пайдаға талап объектісіне тұлғаның қатысы болып табылады. Мысалы, мәжбүрлеп айырбастау туралы талап бойынша айырбастаудың қатысушысы талап қоя алады, сонымен қатар айырбастауды талап етіп отырған тұлғаныңт оның тарапында үшінші тұлға болуы мүмкін. Өз жағдайын өзгерту және талап қою жолымен талапкер ретінде қатысуы мүмкіндігі оның артынан істің барлық барысында сақталып отырады. Бұны басқа мысалдан да байқауға болады. Еңбекақыны өндіріп алу туралы іс бойынша біріккен талапкерлер үшінші тұлға рөлін алуды жөн көреді: өз еңбегі үшін ақша алу қажеттігі баспа иесімен дауласқысы келмеуімен есептеледі. Өз еркінсіз үшінші тұлға жағдайында болғанда бұл тұлға баспа иесімен дауға түспейді. Жауапкердің, «ұтылу» және талапкердің «ұту» мүмкіндігі анық байқалған жағдайда баспа иесімен дауласуы келмегендіктен еңбек ақыны алуға сенімдікпен жеңіледі. Және керісінше , талапкер пайдасына іс шешілуі мүмкін болмағанда үшінші тұлға сотқа қоғану үшін шағымданбайды, істе талапкер жағдайын иемденбейді. Бұндай жағдайларда үшінші тұлға жағдайы ерекше сипатқа иеленеді: ол ықтимал талапкер (тарап). Талапкердің ықтимал жағдайы үшінші тұлға үшін артық мүмкіндік болады. Талапкерге айналу мүмкіндігі істің барысында оның артынан сақталып отырады.

Енді жаңа заңның Азаматтық іс жүргізу кодексінің баспасында былай делінген: « Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса немесе құқықтар мен заңмен қорғалатын өзге тұлғалар мүдделерін бұзса, жауапкердің талапты мойындауын қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді.» Сол тәртіппен осы нормамен байланысты Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптары да өзгертілген. Осыдан келесілер келіп шығады:

а) талапкердің талаптан бас тартуы (бұл ерекше өндірісте қорғалатын арыздан да немесе әкімшілік – құқықтық қатынастан туындайтын іс бойынша шағымнан бас тартуға да тиісті,) енді сот үшін міндетті, себебі Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа баспасында соттың талаптан бас тартуды қабылдамау мүмкіндіктері туралы ескертілмеген.

б) жауапкердің талапты мойындауы және тараптардың бейбіт келісім жасауын сот тек бұл әрекеттер заңға қайшы келмеуі үшін және өзге тұлғалар құқықтарын бұзбау үшін ғана қадағалайды. Мысалы, жауапкердің өзі тұратын мекен -жайды қоныстандыру туралы талабын мойындауды қабылдай және егер аталған мекен-жайға жауапкерден басқа талапты мойындамайтын өзге тұлғаларға иелену құқығы тиісті болса, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығара алмайды. Мысалы, үйге деген құқық туралы. Егер осы үйге бекітетін құжаттарды олар бермесе және бұл құжаттан үй өзге тұлғаға тиісті еместігі көрсетілсе, немесе керісінше құжаттардан және өзге дәлелдемелерден тұрғын үйге істе қатыспайтын өзге тұлғалар құқықты иеленетіні көрсетілсе келісімді қабылдамайды.

в) Тараптың өзге тарап өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеген фактіні мойындауы енді соңғы тарапты бұл фактілерге дәлелдеуден босатады. Бірақ бұл мойындауды қабылдай отырып, сот бұл істің нақты жағдайларын жасыру немесе алдау, зорлық көрсету, қорқыту әсерімен жасамағанына көз жеткізуі тиіс. Мысалы, әкелікті орнату туралы істі қарағанда сот жауапкердің талапкермен нақты мерзімде бірге тұруын және бір шаруашылық жүргізу фактісін жалпы негізде қабылдап, талапкерді дәлелдеуден босатады және ол ұсынған дәлелдемелерді зерттеуді жүргізбеуіне де болады. Бұл жағдайда сот жауапкер қарсылықтарын ескеріп, тек даулы жағдайлар бойынша дәлелдемелерді зерттеумен шектеледі(мысалы, жауапкер өзінің әке екендігін әйелдің аяғы өзге уақытта ауырлағанын немесе оның денсаулық жағдайын ескеріп, оның оның аяғы мүлдем ауырламайтындығын айтып қарсыла алады.) Бұндай жағдайлар өзге істерді қарағанда да туындауы мүмкін: жауапкер зиян көлемін мойындаса, мүлікке келтірілген зиян орнын толтыру туралы; жауапкер мүліктің пайда болуы кезінде талапкердің болғанын және оның қатысының үлесін мойындаса, мүлікке деген меншік құқығының үлесін мойындау туралы және тағы басқа. Бұл өте тиімді болып көрінеді және істің жылдамдығы мен үнемділігіне жағымды әсер етуі мүмкін, себебі бұл тараптарға сотқа тек даулы жағдайлардағы істі шешуге негізделуіне және өзін дау пәні болмайтын, бірақ іске қатысты болса да жағдайларды зерттеу бойынша қажеттсіз күш жұмсаудан босатуға мүмкіндік берді. Бұл сот қызметінің мазмұнына, тек даулы жағдайды ған шешуіне сәйкес келеді.

г) тараптардың өз құқықтарын өз еркімен қолдану мүмкіндігін кеңейту және соттың талаптан бас тарту, талапты не жағдайды мойындауы, бейбіт келісім жасау сияқты процессуалдық әрекеттерді бақылау рөлін азайту сот тек бақылаушыға және бұл әрекеттерді үнсіз тіркеушіге айналуы тиіс дегенді мүлдем білдірмейді. Сот Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарының жағдайларын ескере, талаптан бас тартқан, талапты мойындаған, бейбіт келісімге келген тараптан бұл әрекетті ал өз еркімен жасайтындығын, оның мәні, мазмұны мен салдарын (талапкер іс бойынша талапты өндіруден бас тартқанда іс тоқтатылады және сол талаппен сотқа қайта шағымдануына болмайтынын; тараптар бейбіт келісім жасағанда және сот оны бекіткенде де осындай салдар туады, ал сот бекітілімі сот шешімі күшіне тең болады және мәжбүрлеу арқылы мойындауы мүмкін; жауапкер талапты мойындағанда оны қанағаттандыру туралы шешім шығарылуы мүмкін.) Барлық бұл сұрақтарды сот тараптарға қоюы, жасалып жатқан әрекет мәні мен салдарын түсіндіруі тиіс. Бұл сот отырысы хаттамасында көрініс табады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде сотқа талапкердің талаптан бас тартуымен, не бейбіт келісім бекітуімен байланысты істі сотта қарауға дауындау кезінде процессуалдық әрекеттерді өз еркімен жасай алады. Бұл жағдайда осының барлығы сот отырысы хаттамасында көрініс табады.

д) Жауапкер талапты мойындаған және сот оны қабылдаған жағдайда іс бойынша сот шешімінің негізделуші бөлімінің оған қойылатын талаптарға, яғни сотпен орнатылған іс жағдайларының, сот шешімі сүйенген дәлелдемелердің жоққа шығару пікірлерінің көрсетілуі тиіс талаптарға сәйкес келмеуі. Заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес жауапкер талапты мойындағанда оның негізделуші бөлімінде талапты тану мен оны соттың қабылдағаны ғана көрсетіледі. Осыған байланысты шешімді түсіндіру бөліміне қойылатын талаптарды қатаң түрде ұстану керек. Онда талапкердің талабы толықтай мазмұндалуы және оны жауапкердің мойындағаны туралы сілтемесі оның заңның талаптарына сәйкес екендігін тексеруі үшін керек.

Жауапкерге қойылған талапқа қарсы келіспеушілік білдіруге құқық беріледі. Осылай негізінен тараптардың теңдігі сотта қорғалатын мүдделері мен өзінің материалды субъективті құқықтарын қорғаудағы мүмкіндіктерінің теңдігін білдіреді. Талаптан бас тартуды талапкердің бұзылған не дауласушы құқығын не заңмен қорғалатын мүддесін сотта қорғаудан бас тартуы деп түсінуі керек. Бұл құқықты талапкердің жауапкерге деген материалды – құқықтық талабынан бас тартумен қарастыратындар дұрыс жасамайды. Талаптан бас тартудың астарында талапкер талабын жауапкердің өз еркімен қанағаттандыруыда болуы мүмкін. Талаптан бас тарту істің кез-келген жағдайында және іс жүргізудің кез-келген сатысында, өндірісті орындау сатысын қоспағанда жүзеге асырылады. Сот үшін талаптан бас тарту тікелей сипатқа не және істі мәні бойынша шешпей және болашақта оны қайта жаңғырту мүмкіндігінсіз аяқтауға әкеледі. Жауапкердің талапты мойындауы оған қойылатын талаптың құқыққа сәйкестігін дәлелдегенді білдіреді. Бұл толық (яғни, талаптың барлығын мойындау) не жеке ( яғни барлық қойылған талаптардан жауапкер талаптардың жеке бөлігін мойындап, онымен келіседі) болуы мүмкін. Бұндай мойындау талаптан бас тарту сияқты өндірісті орындау кезеңінен басқа, істің кез-келген сатысында жүзеге аса алады. Бірақ бұл сот үшін тікелей сипатқа ие емес және істі мәні бойынша шешу жолымен аяқтауға әкеледі. Бейбіт келісім дауды аяқтау шарттары туралы екі жақты келісімді білдіреді. Бұл шартты Азаматтық іс жүргізу кодексінде реттеген еркше тәртіпте жауапкер мен талапкер арасында жасалады. Бір-біріне қатысты өзара тиімді шарттарды олар іс бойынша одан әрі қарауды тоқтату мақсатында қабылдайды. Заң талапкердің талаптан бас тарту құқығын жүзеге асыруды қандай да бір шарттармен байланыстырмайды. Сондықтан, талаптан бас тартуға әкелген себептерді анықтауға жол берілмейді. Жауапкердің талапты мойындауы өзге іс. Заңға сәйкес сот жауапкердің мойындауын, егер бұл әрекеттер заңға қайшы болса және өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса қабылдамауға құқылы. Сәйкес талаптар заңға қайшы келмейтін не өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын бейбіт келісімнің шарттарына да қатысты болады. Осыған сәйкес тараптардан және іске қатысушы өзге тұлғалардан жауап алу, істегі мәліметтер мен құжаттар мазмұнымен танысу жолымен талапты мойындаумен, тараптардың жасалған шарттарында бейбіт келісім жасау еркімен байланысты жағдайлар анықталады, сондай-ақ аталған процессуалдық әрекеттерді жасаудың мүмкін салдары талданады. Талаптан бас тартуды не бейбіт келісімге келу туралы сот кеңес жүргізу бөлмесінде іс жүргізуді бір уақытта тоқтататынын негізделген анықтама дайындайды. Іс бойынша өндіріс аяқталған жағдайда сотқа сол тараптар арасындағы даумен, сол мазмұнмен және сол негіздермен қайта шағымдануға жол берілмейді. Талаптан бас тартуды қабылдаумен және бейбіт келісім жасаумен байланысты істі тоқтату анықтамаға жеке шағым не жеке келіспеушілік жасалуы мүмкін. Талаптан бас тарту, жауапкердің оны мойындауы, тараптардың бейбіт келісімге келуі сот қарауының кез-келген сатысында кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Жауапкердің қарсы талап қоюға құқығы.

Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес: « Жауапкер сот шешім шығарғанға дейін талапкерге алғашқы талаппен біртұтас қаралуы үшін қарсы талап қоюға құқылы.» Жауапкердің талапкер оған талабынан қорғануының негізгі құралдары қарсылық білдірулер болып табылады. Қарсы талап қою талапкер қойған материалды – құқықтық талаптарына қарсы жауапкердің қорғануының материалды – құқықтық қарсылықтарының қатарына жатады. Жауапкердің талапкерге қарсы материалды – құқықтары, талаптары болған жағдайда жауапкер талапкерден оған қарсы талап қою жолымен қорғана алады. Қарсы талап қоя отырып, жауапкер талапкерден талаптан бас тартуына әкеледі. Бір істе бастапқы және қарсы талапты бір қарау талапкердің де, жауапкердің де құқықтарының қорғауының кепілі болады. Олардың дауын дұрыс шешу іс бойынша қарама-қайшы шешімдерді шығару мүмкіндігін болдырмайды. Жауапкер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші деңгейлі сотта қарсы талап қоюға құқылы. Сот кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін ол қарсы талап қою құқығынан айырылады және жауапкердің талапкерге қарсы талабы жеке істе қарастырылуы мүмкін. Бірақ заңда жауапкерге қарсы талап қою құқығын түсіндіруді сот міндетті деп көрсетілмесе де заң тек қорғауы тиіс. Сотта істі қарауға дайындағанда жауапкерге оның қарсы талап қою құқығын түсіндіруі тиіс. Қажет болса ол оған қойылатын талаптар бойынша жауап алу кезінде түсіндіріледі. Қарсы талап қою жалпы тәртіппен Азаматтық іс жүргізу кодексінің 126-бабын сәйкес жүзеге асады. Бұл талаптарды бұзғанда судья қарсы талапты қабылдаудан бас тартуы не арызды әрекетсіз қалдыруы тиіс дегенді білдіреді. Қарсы талаптың сотта қаралуы бастапқы талаппен, оның байланысымен анықталады. Қарсы талап сотта қаралуына қарамастан бастапқы талапты қарайтын орны бойынша сотта беріледі.

КСРО жоғары сотының пленумы келесіні түсіндірген «талап қоюдың жалпы ережелерін сақтай отырып, сот қарсы талап қабылдайтындықтан, тек осы істі қарау барысында қойылған жағдайды ескермегенде сотта істі қарауды кейінге қалдыру туралы мәселені талқылаған жөн.»

Бұл анықтама істі одан әрі қарастыру мүмкіндігін туындатпайтындықтан кассациялық тәртіпте қайта қарастыра алмайды. Бастапқы талаппен бірге қарау үшін қабылданған қарсы талап өз шешімін талапкердің де, жауапкердің де талаптарына жауапты құрайтын жалпы шешім ретінде табуы тиіс. Қарсы талапты қанағаттандыру бастапқы талапты қанағаттандырудан бас тартуға әкеледі. Бірақ екі талапты да қанағаттандыру немесе біреуін толық, ал басқасын бөлектеп қанағаттандыру мүмкіндіктері де болады. Заң бейбіт келісімді бастапқы талап бойынша да, қарсы талап бойынша да жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Себебі әр тарап диспозитивті құқыққа ие болады. Азаматтық іс жүргізуде тараптардың міндеттері және оларды орындамаудың құқықтық салдары. Тараптардың процессуалдық құқықтары мен олардың процессуалдық міндеттері байланысты. Бұл міндеттерді орындау процессуалдық құқықтарды жүзеге асыру үшін қажет. Құқытар сияқты міндеттер де жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы прцессуалдық міндеттерге:

  • тиесілі құқықтарды адал түрде қолдануға міндетті;

  • сот отырысында бекітілген тәртіпті сақтау;

  • төрағалық етушінің бұйрықтарына сөзсіз бағыну;

  • сотты сыйлау;

  • өз тұрғылықты орнын өзгерту туралы сотқа хабарлау;

Арнайы процессуалдық міндеттер азаматтық іс жүргізу сатысына және нақты процессуалдық әрекеттер сипатына байланысты болады. Тараптардың арнайы процессуалдық міндеттеріне жатады:

  • талап қою арызын жасағанда талапкер оған міндетті мәліметтер қатарын енгізу міндетті;

  • жауапкер мен талапкер өз талаптары мен қарсылықтары ретінде негізделген жағдайларды дәлелдеуі тиіс.

  • Тараптар сот отырысына келмеген жағдайда сотқа себептері туралы хабарлауы және бұл себептердің сыйлы екеніне дәлелдемелер ұсынуы тиіс;

  • Істі қараумен байланысты шығындарды төлеуге міндетті.

Осы құқықтарға толығырақ тоқталсақ:

Тиесілі құқықтарды тараптардың адал қолдану міндеті – іске қатысушы тұлғалар өз құқықтарын адал түрде қолдануға міндетті. Соттың мақсатына тек іске қатысушы тұлғаның құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауда көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар тараптар мен //іске қатысушы өзге тұлғалардың өз құқықтарын адал қолдануын қадағалауды жүзеге асыруда жатады. Іске қатысушы тұлғалар өз процессуалдық құқықтарын адал қолдануға міндеттенеді. Бұл маңызды міндетті олар өз еркімен жүзеге асырады. Бірақ істің қатысушыларының кейбіреулері өз құқықтарын қолданған, ен істі ұзаққа созған жағдайда сот өз процессуалдық құқықтарын адал қолдануды бұзғаны үшін анықталған санкциялар қолданып, олардың әрекеттерін шектеуі тиіс. Бұл көбіне сот отырысы барысында сақталуы тиіс тәртіпке олардың бағынбағанына байланысты. Заңға сәйкес істі қарау кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаға төрағалық етуші сот атынан ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда іс қатысушылары сот шешімімен сот отырысы залынан шығарылуы мүмкін. Заң негізделмеген талапты не талапқа қарсы дауды өтірік туындатқан немесе жүйелі түрде істі дұрыс және жылдам қарауы мен шешілуіне қарсы әрекет еткен тұлғаға сот өзге тарап пайдасына уақытын жоғалтқаны үшін айыппұл өндіре алады деп көрсеткен. Сыйақы көлемін сот нақты шектерде және нақты жағдайларды ескерте тоырып анықтайды.

Сот отырысында бекітілген тәртіпті ұстану және төрағалық етуші бұйрықтарына бағыну – соттық мақсаттары іс қатысушыларынан, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтардан заңмен бекітілген тәртіпті және іскерлік жағдайды қалыптастыру қажеттілігімен, мақсатты бағыттауымен және сотта жүзеге асатын барлық процессуалдық әрекеттердің тізбектелуімен шартталатын өзге тәртіп ережелерді қатаң түрде ұстануын талап етеді. Сот отырысының дұрыс ағымына әсер ететін кез-келген әрекетке жол берілмейді және оның алдыналу керек. Сот отырысының тәртібі сот отырысы залына судьялар кіргенде сот отырысы залындағы қатысушылардың барлығы орнынан тұрады. Сот шешімін сот отырысы залында қатысушылардың барлығы орындарынан тұрып тыңдайды. Іске қатысушы тұлғалар, өкілдер, куәлар, сарапшылар, аудармашылар сотқа сөйлегенде және өз көрсетулері мен түсініктемелерін бергенде де орнынан тұрып тұрады. Бұл тәртіптен ауытқу тек төрағалық етуші рұқсатымен ғана мүмкін болады. Іске қатысушы тұлғалар, өкілдер, куәлар, сарапшылар, аудармашылар және сот отырысы залындағы өзге азаматтар бекітілген тәртіпті ұстануы және төрағалық етушінің сәйкес бұйрықтарына селк етпестен бағнуға міндетті болады. Іс өндірісі бойынша іске қатысушы тұлғалар мен өкілдер сотқа тұрғылықты мекен-жайын өзгерту туралы хабарлауға міндетті. Бұндай хабарлама болмаған жағдайда шақырту қағазы сотқа мәлім соңғы мекен-жайға жіберіледі және бұл тұлға сол мекен-жайда тұрмаса да жеткізілген деп есептеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 111-бабының талаптарын орындамау нақты құқықтық салдарды туындатады. Мекен-жайдың өзгертуі туралы мәлімет болмағанда хабарлама жеткізілген деп есептеледі. Бұл жағдайда талапкер үшін белгілі көлемде өз құқығын қорғау мүмкіндігі қиындайды. Себебі, егер ол істі оның болмағаны кезінде қарай беру туралы және сот отырысына екінші рет қатыспаса, ал сот қолдағы деректер бойынша істі қарау мүмкін емес деп есептесе талап қою арызы қараусыз қалады. Жауапкердің сәйкес әрекеттерін сот Азаматтық іс жүргізу кодексінің 157-бабына сәйкес іс бойынша өндірісті әдейі ұзаққа созу деп бағалап, істі оның қатысуынсыз шеше алады. Заң мазмұнынан келесі шығады: тараптар өз арыздарпы бойынша іске қатысатын куәлардың мекен-жайының өзгертуі туралы, оның міндетті болмасада хабарлауы тиіс. Міндетпен салыстырғанда куәні шақыру туралы арыз бергенде оның мекен-жайы көрсетіледі. Бұл жағдайда куәні жаңа мекен-жайы туралы мәлімет болмағандықтан шақырта алмауымен байланысты жағымсыз салдар қызығушы тараптарға тиесілі болады. Талапкердің талап қою арызын жасау кезінде оған міндетті деректер қатарын енгізу міндеті. Жауапкер мүдделерін қорғау және тараптардың процессуалдық тең құқықтылық қағидасының кепілін ұстану мақсатында заң талапкерге талап қою арызын берген кезде жауапкерлер саны бойынша талап қою арызының көшірмелерін беруі тиіс деп міндет қояды. Үшінші тұлғаларға да талап қою арызының көшірмелерін беруі крек. Жауапкерлерге талап қою арызының көшірмелері хабарлама қағазымен бірге жіберіледі. Заңның талапкердің талап қою арызына қосып берген құжататрының көшірмелерін беруі туралы сілтемесі де маңызға ие. Бұл құжаттардың тізімі мен сипаты, сондай-ақ мазмұны істің белгілі жағдайлары мен дау сипатына байланысты. Осылай некені бұзу туралы талап қою арызына неке қию туралы куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің, жұбайлардың жалақысы және табыстың өзге қайнар көздері туралы құжаттардың және өзге құжаттардың көшірмелері қоса ұсынылуы тиіс.

Жауапкер мен талапкердің негізделген жағдайларын дәлелдеу міндеті.

Дәлелдеудегі тараптар рөлдерін қарастырсақ:

а) Заң тараптарға біржақты дәлелдеу міндетін салады, әр тарап өз талаптары мен қарсылықтары негіздеген жағдайларын дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы өзге тұлғалармен ұсынылады.

б) Тараптар мен іске қатысушы өзге тұлғалар дәлелдемелерді ұсыну қиын болса (бұл заттай айғақтарда жазбаша дәлелдемелер ұсынуға қатысты, мысалы олар мемлекеттік органдарда, мекемелерде, тарап ұсынуымен оларды беруден бас тартқан азаматтарда болғанда, сондай-ақ заң бойынша сот не судья шешімі бойынша ғана берілуі тиіс сарапшы қорытындысын алуға да қатысты), онда олар сотқа оларды талап ету туралы шағымдануға құқылы. Бұл жағдайларда сот іске қатысушы тұлғаларға дәлелдемелер жинауда көмектеседі. Азаматтардан немесе мекемелерден жазбаша және заттай дәлелдемелерді беруді талап етеді, сараптама белгілейді. Тараптың сот көмегімен жазбаша немесе заттай айғақтар жинау құқығын жүзеге асыру тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарында анықталған. Оның мәні сотқа іске қатысатын тұлғалардан жазбаша не заттай айғақтарды талап ету туралы шағымданған тұлға. Біріншіден, жазбаша айғақты көрсетуі немесе затты сипаттауы тиіс ( нақты қандай құжатты және кіммен талап ететінін және тағы басқа көрсетуі тиіс). Екіншіден, оларды өзі алуына бөгет болатын себептерді көрсетуі тиіс. Үшіншіден, айғақ аталған тұлғада не ұйымда деп есептейтін негіздер келтіруі тиіс.

в) Өздігінен Азаматтық іс жүргізу кодексінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздеу жағдайларын дәлелдеуді міндеттейтін жоғарыда аталған нормаларды бекітудің, олардың бұл міндеттерді орындамау салдарын қарастырмаса, әсері аз болар еді. Жаңа заң бұл салдар бәсекелестік қағидасының нақты әрекетін қамтамасыз етеді деп белгілейді. Ол сотты оған тән емес қызметтерден босатады және іске қатысушы тұлғалар тарапынан құқықтарын аса қолдануға жол берілмейді. Дәлелдеу бойынша тараптар міндеттерін орындамауы мен құқықтарын аса қолдануын талапкердің не жауапкердің сотқа келуден жалтаруы, сондай-ақ олар келгенде сот белгілеген мерзімдерде айғақтарды олардың ұсынбауы, ойдан шығарған түрлі себептер бойынша істі қарауды әдейі созу (өкіл ретінде іске қатысу үшін қорғаушы шақыруы не іске қатысатын қорғаушыны бірақ уақыт берілген болса да басқасына ауыстыруды сұрау және тағы басқа) деп есептеуге болады. Заңда қарастырылған шаралар әсерлі сияқты:

Біріншіден, заң тараптардан сотқа олардың келмей қалған жағдайында келмей қалу себептері туралы хабарлауын және бұл себептердің сыйлы екендігін дәлелдеуді қатаң түрде талап етеді.

Екіншіден, егер талапкер істе өзі болмаған жағдайда қарай беруді өтінбесе және сотқа қайта шақырту бойынша келмесе, ал жауапкер істі мазмұны бойынша қарауды талап етпесе сот арызды қараусыз қалдырады. Бұл істің аяқталуына әкеледі. Ал егер талапкер өзі болмағанда істі қарай беруді өтінген не жауапкер бұндай өтініш болмағанда істі мазмұны бойынша қарауды талап етсе ( бұл талапты қанағаттандырудан бас тартуы тиіс екеніне жауапкердің көзі жетіп тұрып және арызды қараусыз қалдырған жағдайда талапкердің сол талаппен қайта шағымдану құқығын сақтағысы келмесе өз құқықтарын жүзеге асыру үшін керек), онда істі сот қолдағы айғақтарға тсүйеніп, талапкер қатысуынсыз қарай алады.

Үшіншіден, егер жауапкер сот бекіткен мерзімде талапқа жазбаша түсініктеме бермеген және өзінің қарсылығына дәлелдемелер ұсынбаған болса, онда сот отырысына ол келмеген жағдайда бұл істегі бар айғақтар бойынша оны қарауға бөгет болмайды. Жоғарыда айтылғандай тараптар сотқа келмеген жағдайда ол туралы хабарлауы және келмей қалу себептері сыйлы екнін дәлелдеуге міндетті. Сот келесі жағдайларда істі жауапкердің қатысуынсыз қарай алады. Егер келмей қалу себептері туралы хабарлама болмаса, келмей қалу мәліметтер бар, бірақ сот оларды сыйлы емес деп мойындаса, жауапкер іс бойынша өндірісті саналы түрде ұзатса;

Соңғы екі жағдайды сот жауапкердің келмей қалу себептерін, егер келмеу себептері туралы мәлімет болса және оның саналы түрде істі қарауды созып жүргені туралы қорытындыға келсе , тәртібін іске қатысушы тұлғалар мен олардың өкілдерінің пікірін тыңдағаннан кейін барлық жағдайларды ескере отырып әр нақты жағдайда ------- бағалайды. Жауапкер қатысуынсыз істі қарау қарапайым, сондай-ақ жаңа сырттай өндірісте жүзеге асырылуы мүмкін. Кез-келген өндірісте тараптың қатысуынсыз істі қарауға тек, егер бұл тарап сәйкес тәртіпте сот отырысы уақыты мен орны туралы алдын ала ескертілген болса ғана жол берілетінін айта кету жөн.

Төртіншіден, өтетін орны мен уақыты туралы алдын-ала ескерту алған іске қатысатын тұлғаның келмей қалуы енді іс қарауына бөгет болмайды деп бекітілген. Осылай, бұл жерде заң шығарушы іске қатысушы тұлға өз еркімен өкіл ала алатынын, оның сотқа келуін қамтамасыз етуін басшылыққа алады. Оның бұл міндетті орындамауы сот отырысына өзінің іске қатысқысы келмейтініне және дәлелдемелер бергісі келмейтініне тең. Бұл іске қатысушы өзге тұлғалар құқықтарына әсер етпеуі тиіс. Бұл іске тараптардың қатысу-қатыспауын, дәлелдемелерді ұсыну-ұсынбауын шешуі тән болады. Бастысы оларға өз еркімен қатысу үшін сәйкес шарттар жасалуы және олар өзінің жағымсыз тәртібінің мүмкін салдарымен, өз құқықтары, міндеттемелері туралы алдын-ала ескертілуі тиіс.

Іске қатысушы тұлға мен оның өкілдері міндеттерін орындамағаны, өзінің тұрғылықты мекен-жайының өзгеруі туралы іс өндірісі кезінде хабарламағаны, сыйлы себептерсіз сот отырысына келмей қалуы, ал алимент өндіру туралы істер бойынша жауапкердің келмей қалуы үшін айыппұл шараларымен мәжбүрлеп әкелу шараларын қолдану тәжірибе көрсеткендей пайдасыз болды. Ол істің бәсекелестігіне қайшылық тудырады және жоғарыда аталған ережелерді ескере отырып, оларды жүзеге асыру тым артық. Сол себептен бұл нормалар Азаматтық іс жүргіз кодексінен алынып тасталған.

Бесіншіден, жаңа заң бұрын сотқа жазбаша және заттай айғақтар беруден жалтарған және тарап қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін болмайтын сараптамаға қатысудан жалтарған жағдайларда туындайтын қиын шешілетін жағдайларды алдын алудың нақты шараларын көрсеткен. Мысалы, штат қысқартылуы бойынша жұмыстан шығарылған жұмысшылардың қайта жұмысқа қабылдау туралы істері бойынша жауапкерлер сот сұратқан штат кестесін ұсынбаған, оның көмегінсіз сот қысқартудың нақты болған не болмағанын орната алмаған, әкелікті орнату туралы істері бойынша жауапкерлер сараптамаға (генекологиялық, биологиялық, гендік дактилоскопияға) келмеген. Ал сараптама қорытындысы болмағасын сот аяқ ауырлау уақытын әке деп тануды болдырмау мүмкіндігіне баланың жауапкерден пайда болғанын орната алмаған, мүлікке зиян келтірілген зиянды өтеу туралы істері бойынша талапкер сараптамаға жөндеу құны туралы сұрақты анықтау үшін мүлікті ұсынбаған. Жаңа заң бұл мәселелерді бәсекелестік қағидасына сәйкес шешкен. Осылай Азаматтық іс жүргізу кодексіне сай сот талабы бойынша өзі ұстап отырған және ұсынған тараптарға қатысты іс бойынша маңызды оларда көрсетілген мәліметтерді тарап мойындады деп тануға сот құқылы болады. Бұл норма сот талабымен заттай айғақтарды бермеген тараптарға да қатысты бекітілген. Ал тұлға қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаған және тарап сараптамаға қатысудан жалтарған жағдайда сот қай тарап сараптамадан жалтарғанын, сондай-ақ бұның оған қандай мәні бар екендігін ескеріп, анықтауы үшін сараптама белгіленген фактіні бекіту не қайтару туралы шешім қабылдай алады. Бұл нормалардың мәні келесіде, егер тарап өзіндегі жазбаша не заттай айғақтарды жасыру немесе сараптамадан жалтару арқылы қандай да бір жағдайды анықтауға бөгет етсе, онда бұл оның құқығын аса қолдану не іске қатысқысы келмеуі деп есептеледі және де бұл тарап үшін осы жағдайды дәлелдеді не жоққа шығарды деп тану түріндегі жағымсыз салдар тудыртуы мүмкін. Осылай жоғарыда келтірілген жұмысқа қайта қабылдау туралы мысалда штат қысқөартуы орын алды деп дәлелдеуі міндетті жауапкер сот талабымен штат кестесін ұсынбағанда, сот Азаматтық іс жүргізу кодексін басшылыққа алып жауапкер бұл жағдайды дәлелдеген деп танып, жауапкер тәртібі мен көрсетілген нормаларға сүйеніп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығаруға құқылы. Сараптамаға қатысудан жалтару туралы келтірілген мысалдарды келесі жағдайлар болуы мүмкін. Әкелікті орнату туралы іс бойынша ( тараптардың некесі кезінде баланың туылуы туралы актілік жазбадағы әкелік туралы мәліметтің күшін жою туралы істерде де болуы мүмкін) аяқ ауырлау уақытын орнату туралы мәселені анықтау үшін генекологиялық сараптама белгіленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]