Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өкілдік.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

1.2 Өкілдіктің субъектілік құрамы

Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және өшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәмілелер бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет. Өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің, өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін – үшінші адамның, өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болуы керек.

Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктің өзі болады, оны ішкі қатынас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкілдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктің мәні - өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас орнатады. Өкілдің мәмілесі – бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады. Өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай құқықтарды немесе міндеттерді иеленбейді.

Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіктің болуы талап етіледі. Жалпы ереже бойынша азаматтық айналымның кез-келген субъектісі – заңды тұлға беруші адам қызметін атқара алады.Сонымен бірге, бұл жалпы ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда заң мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша тараптарға белгілі бір талаптар қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл арқылы мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. Өкіл арқылы мәміле жасауға қажетті келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле жасауға қатысты шектеулерден туындайды, мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу, аңшылық жасау қаруларын сатып алу үшін арнайы рұқсаттың болуы. Бұл жағдайда да өкілдік беруші адам заңның осындай мәміленің тараптарына қоятын талаптарына сай болуы тиіс.

Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: Әрекетке қабілетсіз азаматтар өз беттерінше мәмілелер жасауға құқықсыз болатындықтан, жалпы азаматтық құқық қабілеттігін иелене тұра, өкіл арқылы өз беттерінше мәмілелер жасай алмайтын себепті олардың өкілдік етуіне жол берілмейді. Құқық қабілеттігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай алмайтын мәмілені өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың өз беттерінше және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке қатысты мәмілелер жасауға құқығы жоқ, не заңды тұлға мәміле жасау үшін өз жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау кеңесініғ) рұқсатын алуға міндетті [3.510].

Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге немесе азаматтық айналымның белгілі бір субъектілеріне қойылатын құқық қабілеттіліктің болуы қажеттігі туралы ережесі бұзылатын болса, онда өкілдің жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен үшінші жақ үшін заңдық құқық қатынастар тумайды. Сондықтан, мысалы, егер өкілдік беруші адам шетелдік болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесін меншікке сатып алуды көздейтін мәміле жарамсыз болады, ал өкілдің азаматтығының бұл жағдай үшін ешқандай маңызы болмайды. Егер бұл ұйымдардың осындай мәмілелерді жүзеге асыруына тыйым салынған болса, мысалы, банктердің немесе қамсыздандыру ұйымдарының өкіл арқылы жасаған және материалдық құндылықтармен сауда жасауды жүзеге асыруға бағытталған мәмілелері жарамсыз болады.

Өкілдіктегі сыртқы қатынастық өкілдік үшін, атап айтқанда, өкілдік беруші мен үшінші жақ арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерінде айтарлықтай мәні болатыны даусыз. Өкіл мәміле жасау арқылы өкілдік берушінің атынан және өзіне берілген өкілеттік шегінде өзінің еркін білдіретіндіктен, ол шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан өкіл арқылы жасалған мәміленің салдарын зерттеуде, мысалы, сенім білдіруші мен үшінші жақ арасында туған даулар бойынша салдарды зерттеуде (атап айтқанда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануда) сенім білдірушінің емес, өкілдің еркінің себептері назарға алынуға тиіс. Мәселен, сатып алу – сату шартын жасау кезінде сатушы сатып алу – сату объектісінің кемістіктері жөнінде өкілге ескертпегендіктен, бұл мән – жай жасалған мәміленің салдарына ықпал ететін болады, өкілге сатып алу бағасын тиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды талап етуге құқық береді.

Өкілдің өз еркін білдіруі талап етілетіндіктен жалпы азаматтық әрекет қабілеттілігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады, яғни заң бойынша шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола алады. Сондықтан сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар өкіл бола алмайды. Кәмелетке толмағандар, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер бойынша ғана өкіл болуға құқылы. Ал мәміле бойынша, өкілдік беруші адамда құқықтар мен міндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау үшін қажетті лицензияның болуын талап етпейді. Өкілдің – заңға тұлғаның арнайы құқық қабілеттігі де олардың құқық қабілеттілігінің көлеміне кірмейтін мәселелерді жасауына кедергі бола алмайды, өйткені олар жасаған мәміле бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі.

Өкілдің өкілеттігі, әдетте өкілдікке негіз болған заңдық фактінің мазмұнынан туындайды.

Филлиалдық басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкілдік функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат берілуі қажет. Бұл жағдайда өкілдің өкілеттіктері сенімхатта көрсетіледі.

Оқиғаларға немесе соттың шешіміне негізделген өкілдікте өкілдің өкілеттігі заңда баянды етілген нормалардан келіп шығады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің ата-аналарының өкілдіктері 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін Азаматтық кодекстіқ 23-бабының нормаларынан туындайды. Соттың шешімімен азамат әрекетке қабілетсіз деп танылатын жағдайда өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз адамның мәміле жасау тәртібін көздейтін Азаматтық кодекстің 26-бабынан туындайды [4.166].

Өкілдік мәміледен туындайтын жағдайда өкілдің өкілеттігі оның шарттарында баянды етіледі. Мәселен тапсырма немесе коммерциялық өкілдік шартын жасасуда өкілдің өкілеттігі не шартта, не сенім білдірілген немесе коммерциялық өкіл беретін сенімхатта көрсетіледі.

Өкілеттілік кейде өкілдік берушінің өз өкілін мәжбүр еткен мән-жайдан да туындауы мүмкін, мысалы, дүкендегі сатушы, бөлшек сауда бойынша мәміле жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесіндегі ақша қабылдауға, беруге және ақшалай есеп айырысудың өзге де түрлерін жасауға уәкілетті кассир. Мұндай жағдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдың міндеттерден туындайды және оларды сенімхатпен куәландыруды қажет етпейді.

Егер мәміле жасау кезінде ол осымен бір мезгілде осы адамның өкілі болса, сенім білдіруші адамның мүдделерін қорғау мақсатында өкілге өкілдік берушінің атынан мәміле жасауға тыйым салынған.

Өзгеше жағдай екі немесе көп жақты мәмілелердің табиғатына қайшы келген болар еді, өйткені екі немесе одан көп тараптардың еркін міндетті түрде үйлестіруді бір адамның - өкілдің ғана еркі алмастырған болар еді. Сондықтан мұндай мәмілелер бойынша бір мезгілде екі тараптың мүдделерін білдіруге тыйым салынған жағдайларды бұза отырып, жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады. Коммерциялық өкілдік қана бұл ережеге жатпайды, өйткені онда өкілдікті кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асыратын және тиісінше өз әрекеттері үшін кәсіпкерлік жауап беретін адамның шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіруіне рұқсат етіледі.