Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66 Кб
Скачать
☆

Жермен қосуды орнатудың мақсаты туралы айтыңыз.

Электр қондырғының барлық метал бөліктері жермен қосылуы керек. Мұндай жерге қосуды сақтандырғыш деп атайды, себебі, оның мақсаты – қызмет көрсетуші персоналды кернеу астына түсуден сақтайды.Электр қондырғыларында электрлік машиналардың, трансформаторлардың, электр аппараттарының жетектерінің, таратушы щиттердің, пульттердің, шкафтардың корпустары, сондай-ақ тарату құрылғыларының металл конструкциялары, кабель муфталарының металл корпустары, ғимараттардың металл конструкциялары жерге қосылуы керек.Аппараттың немесе электр қондырғының қалыпты жұмыс жағдайын туғызу үшін арналатын жерге қосуды жұмыстық жерге қосу деп атайды. Жұмыстық жерге қосуға трансформаторлардың, генераторлардың, доға сөндіргіш катушкалардың нейтралінің жерге қосылуы жатады..Жерлендіргіштер саны қажет есептеулер арқылы анықталады. Жасанды жерлендіргіштерді электр қондырғылары орналасқан ауданда электрлік потенциалдарды біркелкі таралатындай етіп орналастырады. Осы мақсатпен АТҚ территориясында электр ондырғыларын бойлай және олар көлденең бағытта 0,5-0,7 м тереңдікте жерлендіргіш жолақтарын жүргізеді. Жолақтардың арасы 30 м-ден артық болмауы керек. Нәтижесінде жерлендіргіш сетка пайда болады және оған жерлендірілетін қондырғылар қосылады.

Жоғары вольттік ажыратқыштарда доғаны сөндіру әдістері.

Ажыратқыш – тізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық аппарат. Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай-ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады: майлы ажыратқыштар және майсыз ажыратқыштар. Майлы ажыратқыштар өз кезегінде: үлкен көлемді майлы ажыратқыштар және аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді. Біріншіден, ажырату кезінде түйіспелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай-ақ тоқ жүретін бөліктерді бір-бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ал тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады. Доғаны өшіру үшін арнайы қондырғы қарастырылған, себебі элегаздың электр беріктілігі жоғары, ал ажыратқыш 20 А-ден аспайтын токты сөндіруге арналған. Камерадан шығар алдында қозғалмалы тартқыштың герметикалық тығыздалуы үшін майлы гидрозатвор қолданылады. Контакті камера 110кВ және одан жоғары кернеуі бар қондырғыларға модуль болып табылады. Ажыратқышта 220кВ кернеу кезінде екі камера болуы қажет. Жабық орындалған ажыратқыштың құндылығы, нақты жұмыс істеуі және қосу ажыратуға аз уақыт жұмсалуы. Ажыратқыштар мына параметрлер бойынша таңдалады: Жүктеме тогы бойынша, құрылысы бойынша, электродинамикалық беріктілігі бойынша, термиялық бекітпе бойынша, термиялық беріктілігі бойынша, жоғарғы фланец, қозғалмайтын контакт, экран, контактілік серіппе, қозғалатын контакт, изоляциялық контакт, майлы гидроток, тірек, тартылыс жетегі, буфер, моновакуумметр, қозғалатын контакт жетегі. Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]