Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elseti_i_sistemy_kaz_komplexny.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆
  1. Кабелдік желілердің құрылымына тоқталыңыз

Күштік кабельдер жер асты және су асты тасымалдау үшін және жоғарғы немесе төменгі кернеулерде энергияны тарату үшін қолданылады. Қазіргі уақытта қалаларда кабельдік желілерді әуелік желілер ығыстыруда, олардың қымбаттығына қарамастан көп жағдайларда кабельдік желілер өндіріс қоймаларында және завод аймақтарында қолданылады. Кабельдік желілердің басты артықшылығы олардың ұзақ мерзімге төзімділігі және атмосфералық құбылыстарға тәуелсіздігі. Сонымен қатар қала көшелері және өндіріс аумақтары электрлік сымдар мен тіректермен кедергіленбейді. Кабельдердің ток өткізуші сымдары мыс пен алюминиден жасалады. Диаметріне байланысты сымдар секторлы, сигментті болады.

Ток өткізуші тарамдарына байланысты күштік кабельдік 1, 2, 3, 4 тарамды болады. Заводтар күштік кабельді келесі стандартты диаметрлі етіп дайындайды: 1,5; 2,5; 4; 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 120; 150; 185; 240; 300; 400; 500 және 600 мм2.

Кабельдердің оқшаулатқыш сырты ток өткізгіштер жилаларын бір-бірінен оқшаулату үшін (фазалық оқшаулатқыш) және жерден оқшаулату үшін (белдеулік оқшаулатқыш) үшін арналған. Оқшаулатқыш резинадан, пластиктен және конифольды май құрамында сіңдірілген қағаздан жасалады. Кабельдердің қорғаныш сырттары изоляциялық сырттардың дымқыл тиінуінен бүлінуінен және механикалық бүлінуден қорғайды.

  1. Электр қуатымен жабдықтау жүйесінің жұмыс режімдері туралыайтып беріңіз

Жұмысшы жарықтандыру шамдары үшін сағатына 10 тербелістен көп емес жағдайда 1,5-4,0% кернеудің тербелісі жіберіледі, ал 4%- жоғары тербелістерде сағатына бір тербелістен көп емес болуы керек.Жүктемесі тез арада өзгеретін қондырғылар үшін (прокаттық стандар, экскаваторлар, тартқыш қондырғылары және т.б.) сағатына қанша тербеліс болса да кернеудің тербелісі 1,5% дейін жіберіледі.Басқа электр қондырғылары үшін кернеудің тербелісі номаланбайды, бірақта магнитті қосқыштар мен станцияны басқарулары басым күштік цехтық траптар үшін номиналдыдан 15% қысқа уақытта төмен төментету олардағы апаттардың өшуіне алып келеді.

Кернеулердің симметрия емес болуының себептері үш фазалы торапқа бір фазалы қабылдағыштар қосу және де фазалар парамертлерінің әр тораптарда әр түрлі болуы. Үш фазалы жүйенің симметрия болмауының сипаты негізгі жиіліктің кері және нольдік реттілігінң салыстырмалы өлшемділігімен және 2% дейін кез-келген электр қабылдағышы үшін жіберіледі. Қозғалтқыш қыспаларындағы (2% дейін) кері реттегі кернеу мәнінің мұндай жіберулері, синусойдалды емес керенулердегі қосымша қызудан шектейді.

Электрмен жабыдықтау жүйелерінде реттегіш құрылғылар есебінде мыналар пайдаланылуы мүмкін: конденсаторлардың басқарылатын батареялары, жүктеме уақытында реттейтін трансформаторлар, сызықтық реттегіштер және де синхронды компенсаторлар.

Кернеу мөлшерін және сапасын реттеу. Электрэнергияның сапалы көрсеткіштері стандарттармен нормаланады. Электрэнергиясының негізгі көрсеткіштері болып кернеудің ауытқуы, жиліктің және кернеудің тербелісі,кернеу қисығы формасының синусойдальды еместігі, ал үш фазалы тораптар үшлін нейтралдың ауытқуы және негізгі жиіліктің кернеуінің симметрия еместігі. Кернеу дің ауытқуы мына шектерде жіберіледі: электрлік жұмыс жарықтандыру құрылғыларының қоспаларында номиналды кернеудің +2,5 ден +5% дейінгі; электрқозғалтқыштары және қоспа жіберу аппаратттарының қыспаларында -5 ден +5% ке дейін; басқа электр қабылдағыштардың қыспаларында ±5%. Апаттық режимдерден кейін кернеуді қосымша 5% төмендету ге болады. Кернеудің тербелісі дегеніміз тез қысқа уақытта өтіп шығатын кернеудің өзгеруі. Кернеу тербелісінің себебі үлкен қуатты қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштаррды қосып жіберу, сварка аппаратарының, доғалық пештердің және басқа да вентилді қондырғылардың жұмыс істеу кезінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]