Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабак-жоспар-диктант.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

1) Жаңа сабақ;

2) Бекіту сабағы;

3) Қайталау сабағы. Жаңа сабақ

Қазақ тілінен өтілетін жаңа сабақ жүйесі – сабақ процесінің ең күрделісі. Жаңа сабақта оқушыларға жаңа теориялық білім беріледі.

Бұл сабаққа қойылатын негізгі талаптар:

– өтілетін тақырыптардың дәл, анық болуы;

– өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы;

– жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы;

– жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы т.с.с.

Жаңа материалды түсіндіруде тақырыптың атауы танытылады, тақырыптың көлемі мен өтілу жүйесі сұрыпталады; материалдың өзіндік белгілері мен салыстырылып, тиісті тұжырымдамалар жасалады. Объектілерге сай анықтамалар мен ережелер айтылады және тақырыпқа сай лайықты дағдылар жүргізіледі.

Озат мұғалімдер тәжірибесімен жүргізілген әдістемелік эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып, сабақтың мына сияқты құрылымын ұсынуға болады:

Өткенді еске түсіру. Сабақтың бұл түрі талдау арқылы жүзеге асырылады. Ол өткен материалдарды сұрау, қайталау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты сабақ элементтерін қамтиды.

Жаңа материалды түсіндіру. Түрлі иллюстрациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып, материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын, тақырыптың бөгде материалдарымен байланысын жүзеге асырады.

Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады.

Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Тақырыпқа тиісті жаттығу жұмыстарының бестен артық түрі орындалады.

Жаңа сабақтың құрылымдық элементтерін төмендегі уақыт мөлшерімен көрсетуге болады:

1) өткенді еске түсіруге 3-5 минут;

2) жаңа материалды танытуға 17-20 минут;

3) анықтама мен ереже шығаруға 2-3 минут;

4) дағдыландыру жұмысын жүргізуге 10-12 минут.

Бұл сабақтың құрылымдық элементтері мен оған арналған уақыт мөлшері – қатып қалған нәрсе емес. Материалдың көлеміне, қиындық дәрежесіне қарай ішінара өзгертіліп отырады. Бірақ осы өзгертуде жоғарыда айтылғандар сақталуы қажет.

Бекіту сабағы

Бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп оқушыларының қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру мақсатында жүргізіледі.

Бекіту сабағы лексиканы, фонетиканы, грамматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Бұл сабақ теориялық білімді бекіту және оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамтиды.

Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады:

1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша;

2) мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде;

3) оқулық пен оқу құралдары негізінде;

4) картина және сурет негізінде;

5) схемалар мен кестелер бойынша;

6) оқушылардың ауызша құрастырған сөйлемдері бойынша;

7) орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша;

8) арнайы дайындалған мәтіндер арқылы.

Бекіту сабағында оқушылар қазақ тілінен алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуі және оны жазбаша мақсатта жүргізілетін еңбектерінде іске асыруы негізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алған білімін диктант, мазмұндама, шығарма және іс қағаздарының үлгілерін жазумен ұштастырады.

Бекіту сабағының құрылымдық элементтері мына сияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді:

1) Үй тапсырмасын тексеруге 5-7 минут;

2) Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізуге 10-13 минут;

3) Жаттығу жұмыстарын орындауға 20-22 минут;

4) Үй тапсырмасына беруге 2-3 минут.