- •1 Фосфорорганикалық қосылыстар
- •1.1 Фосфонкарбон қышқылдары туралы жалпы мәлімет
- •1.2 Антипирендер туралы жалпы мәлімет
- •1.2.2 Жануды тежегіштер
- •1.2.4Антипирендеуші модификаторлар
- •1.3 Органикалық заттардың жанғыштығын төмендету тәсілдері
- •1.3.1 Антипиренді қоспаларды енгізу
- •1.3.2 Антипирен-реагенттердің қолдануы
- •1.4 Ағашты оттан қорғау тәсілдері мен шаралары
- •2 Эксперименттік бөлім
- •2.1 Диизопропилфосфиттің синтезі
- •2.2 Диизопропилфосфорлы қышқылдың натрийлі тұзын алу
- •2.2.1 Фосфонсірке қышқылының эфирін алу
- •2.2.2 Фосфонсірке қышқылын алу әдістемесі
- •2Сурет 5% сіңіру ерітінділерімен өңделген ағаш сынамалары
- •3 Сурет 10% сіңіру ерітінділерімен өңделген ағаш сынамалары
- •4Сурет Өңделмеген ағаш сынамасы
- •5 Сурет Салмақтың жоғалуының концентрациядан (с, %) тәуелділігі
- •7 Сурет Фосфон сірке қышқылымен өңделген ағаш сынамасының салмағын жоғалтуының концентрациядан тәуелділігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2.2 Жануды тежегіштер
Жалпы бағытталған жану тежегіштері әртүрлі материалдардың жанғыштығын тиімді төмендететін заттарға жатады. Алайда олардың тиімді әрекет етуі көп жағдайда материалдың түріне байланысты болады.
Жалпы бағытталған жану тежегіштері ретінде ең жиі гексабромбензол, пентабромтолуол және басқа да ароматты бромдалған және хлорланған қосылыстарды, хлорпарафинді, хлорланған полиэтиленді, полфинилхлоридті, поливинилбромидті, галогенделген фосфорлы қосылыстарды, мысалы, трис(2,3-дибромпропил) фосфат, три(хлор-этил) фосфат, галогенделген полифосфаттар, фосфазендер, фосфорлы қышқылдардың амидтері, сияқты фосфоразоты заттарды, ароматты фосфаттар сияқты фосфорлы заттарды, қызыл фосфорды, трис (оксиметил)фосфоний тотығын, тетракис(оксиметил)фосфоний хлоридін пайдаланады. Жанғыштығын төмендету әсері тек жануды тежегіштің концентрациясы және түрімен ғана емес, материалдың түрімен де анықталады. Әдетте термопласттардың жанғыштығын төмендету термореактивті материалдаға қарағанда қиын болып келеді, себебі реактопласттарда молекулалардың орналасуы термопласттар мен эластомерлерге қарағанда әлдеқайда тығыз болып келеді. Жануды тежегіштер әрекетінің тиімділігі материалдың түрінен тәуелді болады (пластмасса, эластомер, мата, пенопласт және т.б.). Резиналар және каучуктар үшін жануды тежегіштер ретінде хлорпарафинді, құрамында хлор немесе бром болатын полимерлерді, бромдалған эпоксидті шайырларды, фосфазендерді және сонымен қатар пластификаторлар болып келетін фосфаттардың пайдаланады. Маталар мен талшықтардың жанғыштығын төмендету үшін оларды фосфордың аммонийлі тұздарының ерітінділерімен, фосфонийлі қосылыстардың әртүрлі аминдермен қоспаларымен, азотты қосылыстармен төмендетеді. Сонымен қатар фосфазендерді, целлюлозаның фосфорилденген туындыларын, амидофосфонаттарды және басқа да азотфосфорлы қосылыстарды қолданады. Пенопласттардың жанғыштығын төмендету үшін галогенделген фосфаттарды, құрамында күкірт болатын толтырғыштарды, аммонийполимфосфаттарды, галогенделген көмірсутектерді, бромдалған эфирлер мен сәйкесті қышқылдардың тұздарын пайдаланады.
Жануды тежегіштердің белгілі тобын тек жекелеген полимерлердің, полимерлі материалдардың жеке кластарының жанғыштығын төмендететін заттар құрайды. Бұл әсіресе фосфоразотты тек бұл материал классына тән жану тежегіштерін және олардың біріккен құрамдарын пайдаланатын целлюлозалық материалдарға қатысты.
1.2.3 Антипирендеуші құрамдар, жану тежегіштерінің синергистері және тұрақтандырғыштары
Антипирендеуші құрам мағынасы бойынша отқа төзімді немесе отты сөндіруші құрам ұғымдарына жақын келеді, ал кейде синергиялық қоспа деп те түсінуге болады. Бұл құрамдарға біріншілік жану тежегіштері, белсендіргіштер немесе синергистер және тұрақтандырғыштар енеді. Антипирендеуші құрамдарда компоненттердің саны кейде бестен де артық болады. Мысалы, полибутилентерефталат негізіндегі нашар жанатын композицияның антипирендеуші құрамына гексабромбензол, фосфаттар, хлорпарафин, қалайы органикалық қосылыс және тотықтырғыш, мысалы, екі хромқышқылды калий кіреді. Жай антипирендеуші құрамдарда әдетте негізгі жану тежегіші және оның әсерін күшейтетін басқа жану тежегіштің (синергистің) қоспасы болады.
Антипирендеуші құрамдарды шартты түрде жалпы бағытталған, жекелеген материал түрлері үшін, және жеке полимерлер үшін деп бөледі. Компоненттердің саныың артуы олардың талғамдылығын арттырады: олар тек белгілі материалдар үшін ғана тиімді болып келеді. Сондықтан жалпы бағытталған антипирендеуші құрамдарға екіден, кейде үштен артық жану тежегіштері енбейді.
Тұрақтандырғыштарды жиі негізгі жану тежегіші ретінде галогенді қосылыстарды пайдаланғанда қолданады. Галогенді жану тежегіштерінің ең кең тараған тұрақтандырғыштары кадмий, қорғасын стеараттары, лаураттары және металдардың басқа тұздары болып келеді. Кейбір композицияларда тұрақтандырғыштар қызметін негізгі жану тежегіштерінің синергистері, мысалы, фосфаттар, фосфиттер атқарады. Галогенді жану тежегіштерінің синергистеріне фосфорлы қосылыстарды, мышьяктың, сурьманың тотықтары мен басқа қосылыстарын, аллилэфирлерін, мырыш бораттарын, қалайы қосылыстарын жақызуға болады. Фосфорлы жану тежегіштерінің синергистері азот, ванадийлі қосылыстар болуы мүмкін.
Көп жағдайда антипирендеуші құрамдар белгілі композицияларға талғамды әсер етеді.
