Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
электр тораптары мен жүйелері.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.Су электр станциясының құрылымы және жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз

Су тасқынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы деп аталады.Олар су энергиясы көздеріне жақын жерлерде өзендерде,теңіз жағалауларының маңайына салынады.Су электр станциясының жұмысы гидравлика және гидродинамика зандарына негізделген

Су электр станициясының қуаты тқмен қарай аққан су тасқынының секундтық шығынына және жоғарғы су қоймассы мен төменгі қойманың су деңгейінің қашықтығына ,яғни судың қысымына байланысты,

Судын қысымын көбейту үшін жасанды гидротехникалық ғимараттар салынады.Жазық жердегі өзен суының қысымы бөгеттермен (плотина),ал таулы жерде әдейі айналдыра салынған арнамен (каналмен) көбейтіледі.

Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

6.Жел энергетикалық қондырғыларының құрылымын келтіріңіз

Жэл электр станциялары-ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.

Жэл электр станцияларының қуаты шамамен 100-400 кВт.Қазіргі уақытта өндірісте қуатты жел агрегаттары дайындалуда.Мұндай қондырғылар ауыл шаруашылығында,шалғай аудандарда,матеорологиялық станцияларда және басқа да шаруашылықта пайдаланылады.

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.