Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі ауру ситуациялық есеп.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать
☆

Ситуациялық есеп № 4

Клиникалық жағдай: «Гипертониялық криз»

Ситуациялық есеп:Сіз – ОАА кезекші дәрігер-треапевтісіз. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті.

Анамнезінде: Бұрын дәрігерлерге қаралмаған. АҚҚ өлшемеген. Жағдайының нашарлауы 3 сағат. Аспирин, цитрамон қабылдаған, нәтижесіз. АҚҚ өлшеген кезде 160/100 мм.сб.б. дейін көтерілген. Темекіні көп тартады. Тұзды тағамдарды жиі қолданады. Анасы ұзақ уақыт артериальді гипертензиямен ауырған.

Объективті: бойы 178 см салмағы 99 кг. ДСИ 32. Мазасыз, болып жатқан жағдайларға жауап бере алады. Беті қызарған. Перифериялық ісінулері жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек шекаралары 2-2,5 см ұлғайған. Жүрек үндері аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 96 рет мин. АҚҚ 160/100 мм.сб.б. Бауыры ұлғаймаған.

Сұрақтары:

1 Таңдалған антигипертензивті дәрілерді негіздеу

2 Зерттеу әдісін тағайындау

3 Асқынған және асқынбаған криздердің салыстырмалы диагностикасы

Жауаптары:

1. Дәрі комбинациясы:1) диуретиктер + ИАПФ 2) Кальций антогонистері + ИАПФ 3) Селективті бета-блокаторлар + диуретиктер

2. ЖҚА, ЖЗА, аш қарынға глюкоза 5. Калий, креатинин, зәр қышқылы, липидті спектр 6. ЭКГ, ЭхоКГ, көз түбін қарау

3. Сұрау кезінде гипертониялық криздің асқынуларын жоққа шығарды ма, жүрек айну, құсу, көз алдындағы шыбын шіркейлер, Ромберг қалпы, саусақ мұрын сынамасы, кеудесіндегі ауыру сезімі

Ситуциялық есеп № 5

59 жастағы ер науқас К., кардиология бөлімшесіне төс астында ұзақ уақыт бойы ұстама тәріздес күйдіріп ауырсыну, әлсіздік, қорқыныш сезімі, тершеңдік пайда болғаннан кейін түскен.

Анамнезінде: 8 жыл бойы жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) кардиолог дәрігерінде «Д» есепте тұрады. Соңғы ұстамалы ауырсыну тыныштық күйде пайда болып, 2 сағаттан ұзаққа созылған, нитроглицерин таблеткасы көмектеспеген.

Объективті: Тері қабаттары бозғылт, ылғалды. Өкпесінде сырыл жоқ, везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия, ЖСЖ-110 рет минутына, АҚҚ-80/50 мм.с.б.

ЭКГ нәтижесі: I, AVL,V1-V2, V3,V4 тіркемелерінде ST сегментінің изосызықтан биік ауытқыған, Т тісшесімен бірігіп кеткен, патологиялық Q тісшесі анықталды.

1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңі

2. Синдромдарды атаңыз.

3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі шағым: төс астында ұзақ уақыт бойы ұстама тәріздес күйдіріп ауырсыну.

Қосымша шағым: әлсіздік, қорқыныш сезімі, тершеңдік.

2

Синдром: Коронарлық жетіспеушілік синдромы. Миокард инфаркты

3

Инструментальды зерттеу әдістері:коронография, эхокардиография, КТ, МРТ.

Лабораториялық зерттеу әдісі: қанның жалпы биохимиялық анализі.

Ситуциялық есеп № 6

20жасар науқас Сарыағаш қаласының тумасы. Түркістан қаласында терапевттік қаралуда болды.

Науқастың шағымы: кенеттен тұншығу сезімі, жабысқақ қақырық пен жөтелдің мазалауына, сонымен қатар, әлсіздік, ұйықтар алдында суық тердің болуына шағымданады.

Обьективті белгілер: науқас еріксіз аяқтарын төмен түсіріп отырады. терісі сұрланған, бозару белгілері байқалады.

Анамнезінде: кеуде өкпе үстінен көптеген ылғалды-құрғақ сырылдар естіледі. жүрек ұшында жүрек дыбыстары әлсіз естіледі. Ал, өкпе бағанасында 2ші дыбыс күшейіп естіледі. тахикардия анықталады (1мин. 140-150рет), АҚ қалыпты.

Сұрақтар:

1 Диагноз қойыңыз. Анықтамасы.

2 Дифференциалды диагностикасы

3 науқасқа көмек көрсету

Жауаптары:

1 Жүрек астмасы. Демігу ұстамасы (жүрек астмасы)-өткір, сол жақ қарынша жетіспеушілігінің нәтижесі болып табылады. Ол көбінесе түнде кенеттен басталады. Науқасқа бірден оттегі жетпей қалады. Бастапқыда ентігу инспирациялық түрде жүреді. Кеуде торында күркілдеген сырылдар естіледі. Қызғылт түсті көбікті қақырық бөліне бастайды.

2 Жүрек астмасын бронх астмасынан айыру кейде қиынға түседі. Бұл кезде анамнездік мәліметтер маңызды роль атқарады: бронх астмасы балалық шақта немесе жастық шақтағы аурулар, қайталама пневмония, ал жүрек астмасы қарттық шақта жүрек – қантамырлар және бүйрек  ауруларында көрінеді. Бронх астмасында қиындаған, ұзаққа созылған, шулы дем шығару, дем алуды басып кетеді, алыстан ысқырған сырылдар естіледі,  өкпені тыңдағанда барлық аймақтарда құрғақ сырылдар естіледі. Жөтелу мен қақырық тастау науқас жағдайын жақсартады. Жүрек астмасы үшін дем алудың қиындауы тән, кіші қан айналым шеңберінде қан іркілу белгілері байқалады, жөтелу мен қақырық тастау науқас жағдайын жақсартпайды.

3 Ол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігінде науқасты бірден стационарға госпитализациялау керек. Медикаментозды терапия тыныс алу орталығының қозғыштығын төмендетуге және кіші қан айналым шеңберіндегі қан көлемін азайтуға бағытталуы керек және де госпитальды этапқа дейін терапевт және рениматолог қатысуы керек. Негізгі диагнозға байланысты емдеу шаралалары әртүрлі болуы мүмкін.