Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Народный Банк.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
656 Кб
Скачать
☆
  1. «Қазақстан Халық Банкі» ақ қызметінің ұйымдастырылуы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі шағын,орта бизнесті дамыту және орта класты қолдау мақсатында қызмет ететін әмбебеп банк.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған және сол уақыттан бер ең ірі коммерциялық банктердің бірі болып келе жатыр.

1988 Жылғы банктік реформа бойынша

банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

 

1990 Жылдың желтоқсанынан бастап

Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

 

2001 Жылдың қараша айында

өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын  акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі.  Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

Банктің жетістіктері

—«Қазақстандағы 2006 жылғы үздік банк» «Euromoney» журналы 2006 ж. шілде

—«Орталық Азиядағы 2006 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк» «The Asian Banker» журналы 2007ж. қыркүйек

—«Қазақстандағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк» «The Asian Banker» журналы 2008 ж. мамыр

—«Орталық Азиядағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк» «The Asian Banker» журналы 2008 ж. мамыр

—«Қазақстандағы 2008 жылғы үздік банк» «Euromoney» журналы 2008 ж. шілде

—«Қазақстандағы Жыл банкі» «The Banker» журналы 2008 ж. қараша

—«Қазақстандағы үздік жергілікті банк» «Emeafinance» журналы 2009 ж. маусым

—«Қазақстандағы 2009 жылғы үздік банк» «Euromoney» журналы 2009 ж. шілде

—«Қазақстандағы 2009 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк» «The Asian Banker» журналы 2010 ж. наурыз

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк» «Global Finance» журналы 2010 ж. наурыз

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк» «Emeafinance» журналы 2010ж. маусым

—«ТМД бойынша 2010 жылғы үздік банк» «BusinessNewEurope» журналы 2010ж. шілде

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк» «Euromoney» журналы 2010ж. тамыз

—«Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын» ҚР Үкіметінен Диплом 2010ж. қазан

—«Клиенттерді мативациялау бойынша тиімді бағдарлама» MoneyGram 2010ж. қараша

—«Ньюсмейкер Интерфакс-Казахстан 2010» «Интерфакс-Казахстан» 2010ж. желтоқсан

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011» "Global Finance" журналы 2011ж. наурыз

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011» "Emeafinance" журналы 2011ж. сәуір

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011» "Euromoney" журналы 2011ж. шілде

—«Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2010 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша Deutsche Bank 2011ж. шілде

—«Сити банкке АҚШ долларымен жүргізілген төлемдердің 98 %-нан астамы бойынша қол жеткізілген тікелей мөлшерлеме деңгейі үшін» деген 2010 жылғы сапалық марапат Сити Банк 2011ж. шілде

—2011ж. Қазақстандағы Maestro карточкаларын шығару бойынша №1 Master Card Worldwide 2011ж. шілде

—"Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2011" "Global Finance" журналы 2011ж. қазан

—"Қазақстандағы Жыл банкі" "The Banker" журналы 2011ж. желтоқсан

—«Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын» Елбасының атынан тағайындалатын «Алтын сапа» сыйлығы 2011ж. желтоқсан

—"Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2012" "Global Finance" журналы 2012 ж. қаңтар

—Сауданы қаржыландыру - 2012 саласындағы Қазақстанның таңдаулы Банкі "Global Finance" журналы 2012 ж. қаңтар

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2012» "Global Finance" журналы 2012ж. наурыз

—«Қазақстандағы ең үздік банк» "Emeafinance" журналы 2012ж. сәуір

—«Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2011 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша Deutsche Bank 2012ж. мамыр

—MT 103 STP 98.96% ставкасымен үздік жетістіке жеткені үшін 2012 жылғы сапалық марапат JP Morgan 2012 ж. маусым

—"Қазақстандағы ең үздік банк" «BusinessNewEurope» журналы 2012ж. қараша

—«Қазақстандағы ең тиімді банк» Эксперт-100-Қазақстан 2012ж. қараша

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ реквизиті

Толық аты: «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік Қоғамы

Қысқартылған атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Тіркелген жері: Қазақстан Республикасы,050000

Алматы қаласы, Панфилов көшесі,98

Байланыс телефондары: 8/727/2 44-30-00, 8/727/2 44-32-44, факс:2 58-45-10

Филиал: «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік Қоғамы Талдықорған Өңірлік Филиалы

Қысқаша атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ТӨФ

Тіркелген жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,Іле ауданы, п.Өтеген Батыр, Батталханова көшесі,17

Байланыс телефондары: 8/727/2 590 777, қос: 8 8000 8000 59

e-maill: info@centrcredit.kz, www.halykbank.kz.

БИК HSBKKZKX.

БИН 961041000353,

ИИК KZ436010311000031270.

Лицензиясы: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 13.12.2007 жылы берген лицензиясының №248

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттеріне көрсетілетін негізгі қызмет түрлерінің сипаттамасы:

  • Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;

  • заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;

  • заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу;

  • филиалдар клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну;

  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау;

  • кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау;

  • Банктің кез келген филиалынан заңды тұлға өкілінің басқа филиалда ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;

  • инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі;

  • шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу;

  • әр түрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;

  • «Клиент — Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;

  • тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;

  • «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету — клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалары арқылы аудару және беру;

  • жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдікесеп айырысулары»; «Экспресс аударымдар», маниграмма жүйелері бойынша жүргізу;

  • «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу;

  • жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;

  • вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;

  • сейфтік операциялар: клиент құжаттары мне құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтарын, үй жайларды жалға беру операциялары;

  • қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу;

  • құжаттамалық операциялар жүргізу (аккредитивтер, құжаттамалық инкассо) және банктік кепілдемелер беру;

  • корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;

  • шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.