Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП ЗП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?

1. Ситуация практикадан (өмірден) алынуы керек.

Практикалық маңызы бар бұл ситуация (мәселен, бизнес тарихынан немесе практикасынан алынған оқиға) студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасу мен таластарға әкелуі керек.

Практикада кездесетін ситуацияларды екі түрде келтіруге болады:

а) Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізінде (кейде мұндай кейстерді «далалық» деп те атайды).

ә) Жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).

2. Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.

Ситуацияны талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша белгілі бір прагматикалық нәтижелерге жетуді мақсат тұту керек. «Студенттер қандай білік, дағды, машықтарды игереді?» деген сұраққа жауап беру.

3. Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек.

Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.

4. Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.

Ақпараттың көптігі, біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдануды талап етуі керек [6].

CASE (Computer Aided Software Engineering) – бағдарламалық инженерлі компьютерлік сүйемелдеу технологиясы.

CASE технологиялар күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу методологиялардың жиынтығы болып табылады. Олар өзара біріктірілген автоматттандыру құралдар кешені көмегімен құрылымдық және обьектілік тұрғыларға негізделеді. Кез-келген CASE технологиясы негізінен методология/әдіс/натация/құрал/парадигмасы алынады. Методология қандай да бір тұрғының негізінде жасалып, жұмыстың қадамдарын, қадамдардың орналасу тәртібін, сонымен қатар әдістер міндеттері мен үйлестірілу ережелерін анықтайды.

Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір қадамын орындау тәсілін анықтайды. Натация деп модельдердің қандай да бір класын сипаттау үшін қолданылатын таңбалар жүйесін айтады. Натацияның графикалық және текстілік түрлері болады. Графикалық натациялар графтар, диаграммалар, кестелер, схемалар түрінде сипаттайды, ал текстілік натациялар модельдерді формальді және кәдімгі тілде сипаттайды. CASE технологияда натациялар жобаланатын жүйенің деректер элементтерінің жасау кезеңдерінің құрылымын сипаттау үшін қолданылады. Құралдар әдістерді жүзеге асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды құрайды. Олар: графикалық жобаны жасау және жөндеу құралдары, жобаны абстракция деңгейі иерархиясы түрінде ұйымдастыру құралдары. Сонымен қатар түрлі деңгейлер компьютердің сәйкестігін тексеру құралдары.

CASE құралдардың мынадай түрлерін бөліп қарауға болады.

- талаптарды талдау, спецификациялармен құрылымдарды жобалау, интерфейстерді жөндеудің CASE құралдары (CASE1 - бірінші ұрпағы).

- программалық қамсыздандыруды жасаудың толық өмірлік циклін қарастыратын біріктірілген орталардың жүзеге асыру және бастапқы текстерді генерациялаудың CASE құралдары ( CASE2 - екінші ұрпағы).

CASE1 негізінен графикалық модельдерді спецификацияларды жобалаудың экрандық редакторлар мен берілгендер сөздігін қолдау құралдарынан тұрады.

CASE2 айталықтай үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Мұнда жүйелік ақпарат пен жобалық процесін басқару бойынша ақпаратты бақылау, талдау және байланыстыру , жүйенің модельдері мен прототиптерін жасау, генерацияланған программаларды тестілеу, мақұлдау және талдау қамсыздандырылады.

2. Көп еңбекті қажет ететін операцияларды автоматтандыра отырып, қазіргі заманғы CASE технологиялар программалаушы мамандардың еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіріп, жасалатын программалық қамсыздандырудың сапасын көтерді. Олар:

жоба спецификацияларының сәйкестігінің автоматты түрде бақылануын қамсыздандырады.

жүйе прототипін жасау уақытын қысқартады.

жобалау және жасау процесін жеделдетеді.

өмірлік циклдің барлық кезеңдері үшін арналған жобалық құжаттаманың қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жасалуын автоматтандырады.

кейбір программалық кодтарды түрлі жасау платформалары үшін генерациялайды.

жүйе компонентін қайтара қолдану технологиясын қолдайды.

жобалық құжаттарды бастапқы кодтар бойынша қалпына келтіру мүмкіндігін қамсыздандырады.

CASE технологиясының қолданылуы.

Программалық қамсыздандырудың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне өзгерістер әкелді. Мұнда жасалатын программалық қамсыздандырудың қатаң әрі көрнекі сипатталуын орындайтын талдау және жобалау кезеңдеріне көп өзгерістер енгізді. CASE технологияда қолдануға көшу кезінде программалық қамсыздандыруды жасау процесіне енгізілетін сапалық өзгерістерді атап өтейік.

CASE құралдарын қолдану күрделі программаларды қамсыздандыруды жасауға кеткен еңбек шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол негізінен жаттау және бақылау процестерінен автоматтандыру нәтижесінде қамтамасыз етеді [7].

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 

4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.

Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.

Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.

Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 

1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.

2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті

белседілігін қалыптастыру.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

·Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

·Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

·Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

·Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

·Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

·Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».

Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:

- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет

тәсілдерін меңгеру;

- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей болып бөлінеді:

- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);

- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу);

Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту

жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:

а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;

ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.

Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен студенттердің ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін студенттердің өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.

Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады [8].

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсыдаярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды.

Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.

Екіншіден, студенттердің аяқастынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аударуы сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік [9].

«Жұптасқан дәріс» әдісі–бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік,проблемалық, интеграциялық, және диaлогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық:

-бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу;

-дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.);

-оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.

Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас

тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.  Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.

Әдістің «артықшылығы»:

-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;

-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»:

-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді [10].

«Пікірталасәдісі»–оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі-танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс  жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Оқытушы сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі, ішінара, жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық бағыттағы пәндерінде қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс студенттерге білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс–оқытудың маңызды әдісі [11]. «Дөңгелек үстел»-әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың

ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады. «Шағын топтар» әдісі– оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады,студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі.

Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған орынды. «Шағын топтар» әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:

1)Студенттер 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (студенттер тілегі бойынша немесе олардың дайындық деңгейі, «күшті-әлсіз» студент позициясынан оқытушы өзі топтарға бөлуіне болады).

2) Әр топтың басшысы тағайындалады.

3)Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: «Баяндамашылар» тобы, «Оппонент-сыншы» тобы, «Қорғаушы» тобы. «Баяндамашылар» тобы дәрісхана алдында негізгі ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен, көрнекіліктермен баяндап береді. «Оппонент-сыншы» тобы «Баяндамашы» тобына сұрақтар қояды, баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады. «Қорғаушы» тобы жаңа фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді.

4) Жұмыстың тиімді болуына «Баяндамашы» тобының өз баяндамаларымен аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б [12].

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау

іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға топтың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті–танымдық іс-әрекетті белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

1.Миға шабуыл уақытында топтың барлық студенттері қатысады.

2.Ұсынылған идеяларларға пікір берілмейді және сынға алынбайды.

3.Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

4.Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

5.Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

6.Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

«Іскерлік ойындар» әдісі-бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ақ, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік–психологиялық тренинг -қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік- психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды [13].