Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет по практике БЦК (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

1.3."Банк ЦентрКредит" ақ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы

Стратегиямыздың негізгі бағыттары. БЦК болжамы.

  • БЦК-нің стратегиялық көздегені:

  • Үздік сервис көрсететін банк 

  • Жоғары технологиялық банк

  • Бөлшекті бизнеске және ШОБ-қа ерекше назар аударатын әмбебап банк

  • Тәуекелдіктерді басқаратын, мақсатына сай кіріс алатын, тұрақты өркендеуші банк Қызметкерлер үшін ең жақсы жұмыс орны

Даму стратегиясы

Ұзақмерзімді бесжылдық мақсатқа жету аралық кезеңдерден өтуге негізделеді:

  1. 2016-2017 жж. – корпоративтік сегмент нарығындағы үлесті ұстап тұру, ШОБ сегментінің орташа өсімі, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму; 2018 – 2020 жж. – корпоративтік сегменттің орташа өсімі, ШОБ нарығындағы үлесін елеулі арттыру, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму.

Банктің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі қағидалары 

  • Банк стратегиясы бөлшекті бизнес пен ШОБ-тағы үлесті арттыру және корпоративтік портфельдің үлесін ағымдағы деңгейде ұстап тұру арқылы несие портфелін әртараптандыруға ерекше назар аударады;  

  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында банктің өнімдерін нысаналы сегменттерге жіктеу;  

  • Бизнес сегменттеріне ерекше назар аудару және сәйкес өнімдерді дамыту;  

  • Ағымдағы сыртқы экономикалық жағдаят пен банктік секторға сәйкес Банктің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруды кезеңдерге бөлу;  

  • Қызметті оңтайландыру, бизнестің ауқымын кеңейту және кірістілігі жоғары өнімдерді дамыту есебінен кірісін арттыру; 

  • Ұзақмерзімді болашақта тәуекелдіктерді бағалаудың қазіргіден икемді моделіне өту арқылы қысқамерзімді болашақта тәуекелдік тәбетіне қатысты консервативті тәсілді сақтау;  

  • Банктің операциялық моделінің тиімділігін арттыру;  

  • ЦКБ-нің перспективті моделі дәстүрлі банкингтен иновациялық-технологиялық және клиентке бағытталған модельге өтуді көздейді. 

2. «БанкЦентрКредит» ақ қаржылық жағдайын талдау

2.1. Қазақстанның ірі коммерциялық банктерінің ішінде «Банк ЦентрКредит» ақ-ның орны

Қазақстанның ірі коммерциялық банктерінің ішінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның орнын анықтау үшін осы банктердің қаржылық жағдайлары зерттелді .

Талдау жүргізу үшін ең ірі қазақстандық 10 банк алынды және жалпы банк секторының мөлшері қарастырылды. Оны келесі төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте-1 01.01.2017 ж Қазақстандағы ең ірі 10 банктердің активтердің үлесі

Осы кестеге қарап отырсақ, жалпы банк секторының салмағы 25557 млрд теңге.

Ал әр банктің нарықта өз үлесі бар. Есептелген үлестерінің нәтижелерін қорытындылай кетсек, онда банктік секторда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ы активтер көлемі үлкен, яғни 4890 млрд. тенге немесе 19% құрайды. Ал тізімімізде ең төмен үлесі бар, 10-шы орында "Еуразиялық Банк" АҚ алып жатыр. Ол нарықта небәрі 4 % үлеске ие. Басқа банктер орташа 5-6 пайыздық үлеске ие. Біздің «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның үлесі 5% болып табылады.

Әрі қарай банктердің активтердің мөлшеріне тоқталайық. Ол 1-суретте көрсетілген.

Бұл суреттен көріп отырғынымыздай, мынадай нәтижелерге қол жеткізілді. Активтердің ең жоғары үлесі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-на 4890 млрд тиесілі. Ал ең аз үлес "Еуразиялық Банк" АҚ-на 998 млрд тиесілі. Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ мөлшері 1359 салыстырмалы орташа болып келеді.

2015 жылы осы көрсетілген кестеде бейнеленгендей, жалпы банк сектордың активтердің мөлшері 23 трл. тенге. Ал 10 банктердің үлестерін көріп отырсақ, онда ең жоғары нарықтағы үлесі "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ -21% тиісілі болып жатыр. Ал ең аз үлестері "ForteBank" АҚ және "Еуразиялық Банк" АҚ оларда екеуінде 4% алып жатыр. Ал "Банк ЦентрКредит" АҚ үлесі-6% болып жатыр.

Осы көрсетілген суретте біз көріп отырмыз ең жоғары активтердің мөлшері "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ - 5052 млрд тенге алып жатыр. Ал "Банк ЦентрКредит" – 14405 млрд теңге орташа мөлшерін алып жатыр.

2014жылы осы көрсетілген кестеде, жалпы банк сектордың активтердің мөлшері 18 трл тенге болып жатыр. Банктердің ең жоғарғы үлесі "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ-16% алып жатыр. Ал ең төмен үлесі банк ол "Альянс Банкі" АҚ-3% алып жатыр. "Банк ЦентрКредит" АҚ-6% үлесін алып жатыр.

Осы суретке қарап отырсақ, ең жоғарғы активтердің мөлшері "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ - 28687 млрд теңге алып жатыр. Ал "Альянс Банкі" АҚ-617037515 мың теңге алып жатыр, ол активтердің ең төмен мөлшері болып табылады. Ал біздің "Банк ЦентрКредит"- 11007 млрд теңге алып жатыр .